Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет12/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169
Саясат пен Дипломатияның 
көмегімен, 
халықаралық құқықтардың қағидаттарына сәйкес ұлттық тәуелсіздіктің дербес 
құқықтылығы жағдайында одақтастықтың жаңа парадигмалық сипаты пайда 
болады. Түркі мемлекеттерінің бірлігіне қол жеткізу мақсатында, аталған 
парадигма ауқымындағы барлық бастамалар өмірге жолдама алу мүмкіндігіне 
ие болады. ХХ ғасырдан бастап, аталған бастамалар Еуропалық Одақты құру 
үдерісінде қаншалықты орынды да қажетті болса, Түркі Мемлекеттері Одағын 
құру жолындағы ұсынылған бастамалар мен күш-қуаттар да соншалықты 
қажетті де орынды болып табылады. Тәуелсіз түркі мемлекетттері қазіргі 
заманғы халықаралық саясат талаптарына сәйкес өз ықтияры және дұрыс 
ойлаушылық қабілеті арқасында аталған бірлікті құруға қайтпас шешіммен 
кірісті. Бүгінгі күндері түркі республикаларының қоғамдық-саяси өмірінде аса 
маңызды уақиғалар болып жатыр. Олар экономикалық жағынан күшейіп келеді, 
демократиялық институттары да өркендей түсіп, халықаралық қауымдастықты 
дамыту үдерісіне қосылу жолында маңызды басымдықтарға ие болуда. 
Мемлекеттік базаларды, ішкі және сыртқы саясаттарды күшейте отырып, түркі 
республикалары жалпытүркілік бірлікті құру жөніндегі таңдаған мақсаттарын 
жүзеге асыру жолында жемісті істер атқарып келеді. Түркі әлемін дамытуды 
халықаралық бірліктің құрамдас бөлігі ретінде таныту мәселесі де бүгінгі 
күннің басты назарына ілікті.
Түркі мемлекеттерінің бірлесу үдерісінің эволюциясы халықаралық саяси 
өмірінің даму құбылысына шартталған, өте маңызды көрсеткіштердің бірі 
саналады. Бұл үдерісті әлемнің жетекші баспасөздері, саяси талдаушылары 
назар сала қадағалап қана қоймай, мұны жан-жақты зерттеп, тиісті бағасын 
беріп отыр. Халықаралық қауымдастықтың мұндай қадамдары түркі әлемін 
жүйелі түрде зерттеуге терең назар аударуға мәжбүрлейді. Өйткені, түркі 
тарихы мен мәдениетін зерделеу барысында тек бір жақты ғана көзқарастың 
ұстанымы болмауы керек. Өйткені, бұл қадамдар мақсатты түрде шындықты 
бұрмалаушылыққа апарады. Сондықтан да түркі феноменіне әділдікпен 
қараудың жаңа парадигмасы ұсынылуда. Мәселен, классикалық түркі 


23
мемлекеттерінің тарихы туралы бірқатар еуропалық және америкалық 
зерттеулерде аталған мемлекеттердің кешегісі бүгінгіге қарағанда шындыққа 
келмейтіндей түрде әсіреленіп берілсе, бүгінгісінде олардың «құлдыраушылық» 
келбеттері бұрынғыдан да айқын көрініс беріп, қазіргі замандағы түркілік 
факторды қасақана төмендетіп жеткізуге деген әрекеттері менмұндалап тұрады. 
Мұны олардың ұлы «бағындырушылардың» бүгінгі ұрпақтары Еуразияда 
бытыраңқы жағдайда өмір сүріп жатыр, олар кез-келген ықпалға берілгіш 
және болмайтынға еліктегіш, адамзаттың үдемелі дамуына сай алға қарай 
қадам басуға қабілетсіз, жабық тәртіпте өмір сүріп жатыр деген ахуалдағы, 
шынайылықтан тым аулақтықты айтуларынан анық аңғаруға болады. Әрине, 
ата-тегі түркілерден тарап, бүгінде өзге елдер құрамында өмір сүріп жатқан 
халықтардың бастарында бірқатар күрделі мәселелердің (олардың ішіндегі 
ең бастысы өзін-өзі билеудің ұлттық құқығы мәселесі) бар екендігі ақиқат. 
Дегенмен, тәуелсіз түркі мемлекеттерінің болашақ одағы мысалында, жаңа 
саяси шынайылық Еуразияның тағдырын және оның келешегін шеше алады. 
Осылармен қатар, түркінің тарихы мен мәдениетін түрлі бағыттарда оқып, 
зерттеген әлемнің көптеген танымал шығыстанушылары, түркі ғұламалары, 
тарихшылары, этнографтары, мәдениет зерттеушілері мен философтары 
бұдан кейін де жаңа ізденістердің негізін қалауға ниеттерін білдіріп, бұл 
салаға өте жоғары баға беруде. Соның ішінде, Түркия мен басқа да бауырлас 
республикаларда, сонымен қатар Ресейде, бұдан да өзге бірқатар еуропалық 
мемлекеттерде әлемдік тарих пен мәдениетті дамытудағы түркілердің алар 
орыны түбегейлі зерттелген. Бүгінгі әлемдегі түркі қоғамдастығы беделінің 
өсуіне байланысты, олардың эволюциялық үдерісіне де қоғамдық-саяси 
және гуманитарлық ғылымдар тарапынан қызығушылық артып, тақырыптық 
зерттеулер мен пікір сайыстардың арнасы кеңи түсуде. Мұның барлығы да 
түркі әлемінің қазіргі халықаралық өмірге белсене қатысуына, жаңашылдық 
мүмкіндіктері арқылы жаhандық қоғамдық-саяси үдерістерді дамыту 
мақсатындағы ғылыми-гуманитарлық базалар мен мәдени-саяси ойлау әлеуетін 
қалыптастыруға зор мүмкіндіктер ашады.
Екі мыңжылдықты біріктірген тарихи кезеңде тәуелсіз түркі мемлекеттері- 
нің құрылуы олардың бедел алу үдерісімен сәйкес келді. Сонымен, ХХ ғасырдың 
90-шы жылдарында түркі республикаларының қатарынан тәуелсіздікке қол 
жеткізулері ықпалдасудың қолайлы қажеттігін, яғни – одақтастық құрудың 
уақыты келгендігін көрсетті. Бұл жолғы бірігу олардың ықтиярынсыз емес, 
керісінше бауырластықтың болмысы негізінде бір-біріне қолын соза отырып 
және келешекте де сүйеу болуға лайық екендіктерін білдіріседі. Мұнда «үлкен 
аға» немесе «кіші іні» деген секілді кемсітушілікке орын жоқ, есесіне мұнда тек 
қана «бауырластық» деп айтылатын ауқымы кең, тамыры терең ұлағатты ұғым 
бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап тұрақты өткізіліп келе жатқан 
Достық Съездері, Түркі Халықтарының Бауырластығы мен Ынтымақтастығы, 


24
Жоғары Деңгейдегі Түркітілдес Мемлекеттер Басшыларының Мәжілістері,
түркі мемлекеттері туысқандығының құрылтайлары, TÜRKSOY (түркі 
мәдениетінің халықаралық ұйымы) ауқымындағы кездесулер, Түркі 
Мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының сессиясы секілді түркі әлемінің 
біртұтастығына бағытталған маңызды шаралар күн өткен сайын іс-әрекеттер 
алаңының аясын бұрынғыдан да кеңейте түсуде. Уақыт өткен сайын бұл кеңеюдің 
саяси-экономикалық және қоғамдық-мәдени мазмұны еселеп артып келеді
барған сайын оның халықаралық маңызы да күшейген үстіне күшейе түсуде. 
Аталған ынтымақтастықтан түркі халықтары мен әлемдік қауымдастыққа келер 
тиімділік күшейген сайын, түркі мемлекеттерінің ықпалдастық үдерісіне деген 
сенім халықаралық жоспар тұрғысынан да өсе береді. 
Егер де әлемнің саяси дидарына назар сала отырып, бір сәт геосаяси көзқа- 
распен қарайтын болсақ, онда біз Орталық Азияда орналасқан түркі респуб- 
ликаларының – Қырғызстан, Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстаннның 
«тонның ішкі бауындай» болып бір-бірімен тығыз байланысып жатқандығын 
көреміз, ал Әзербайжан болса Шығысында Каспий теңізі арқылы – Орталық 
Азиядағы түркі республикаларымен, Батысында – Түркиямен шендесіп жатыр. 
Құлашын кеңге салып жатқан ұлан-ғайыр Еуразияның қай қиырында болмасын 
түркі мемлекетінің біреуінің аумағы бітсе, сол жерден екінші мемлекетінің 
жері басталады. Нақ осы көне жер мен оның үстінде тіршілік етіп келе жатқан 
бағзылық тарихы бар түркі халықтары Түркі Туын тігу идеясын құру маңына 
топтасып, көтерілген осы мұратты шындыққа айналдыра алды. 2012 жылғы 
23 тамызда Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Түркітілдес Мемлекеттер 
Ынтымақтастығы Кеңесінің екінші жоғарғы кездесуінде қабылданған Түркі 
Туы, түркі республикаларының ұлттық нышандарының табиғи сабақтастығын 
көрсетті, түркі әлемінің келешек жолын айқындайтын шамшыраққа айналып 
жүре берді. Көктүрік империясының көне түркілерінің басын біріктірген осы 
Ту шамамен біржарым мың ғасырды артқа тастап барып, түркі мемлекеттерінің 
барлығына ортақ Түркі Туы ретінде Еуразия кеңістігіне қайта тігіліп, еркін 
желбіреді, бұл қуанышты жағдай тарихтың бұлтартпайтын шындығы болып 
қала бермек. Еуразияның Түркі жағрафиясы дегеніміз, соншалықты мызғымас 
геосаяи кеңістік болғандықтан, бұл бірліктің шымырлана түсуі аталған өңірде 
біреудің ықпал етуіне немесе оның ішкі істеріне қол сұғушылыққа ешқандай 
да жол берілмеуін қамтамасыз етеді. Ал, Түркі Мемлекеттері Одағының 
халықаралық саяси аренадағы өсіп келе жатқан беделі Еуразия қауіпсіздігінің 
кепіліне айналуда. Тәуелсіз түркі мемлекеттерін саяси бірлікке жетелеуші 
себептер мен алғышарттар тек қана тіл, мәдениет және тарих салаларымен 
шектеліп қалмайды. Жалпыдүниежүзілік үдерістердің бүгінгі таңдағы кезеңдері 
жаңа тарихи-саяси мазмұндарға ие болуда. Зымырап өтіп жатқан мына өмірде 
саяси жүйелердің алдында жаһандануға қосылу немесе оған қосылмау деген 


25
мағынаға ие таңдауы тұрған жоқ, олардың алдында тұрған ең басты мәселе – 
әлемді басқару үдерісінің қай тұсынан қосылу керектігі толғандырады.
Соңғы өткен 50-60 жыл ішіндегі әлемде орын алған өзгерістер нәтижесінде 
пайда болған жаңа жағдай, ХХ ғасырдың ортасындағы біркелкі халықаралық 
саяси конфигурациядан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Халықаралық 
өмірдегі жаңа саяси жағдайдың бүгінгі ахуалы, әлемді «көнерген ескі әдіспен» 
басқаруға және сол үлгімен бұдан әрі өмір сүруге болмайтындығын көрсетіп 
отыр. Жаhандық басқарудың барлық тетіктерін өз уысына жинақтап отырған 
БҰҰ-ға түбегейлі реформаның қажет екендігі жөніндегі ұсыныстар мен 
талаптардың ескертілуі күннен-күнге жиілеп келеді. Осындай жағдайда әлемді 
басқарып отырған мемлекеттер әлемнің түрлі өңірлерінде орын алып жатқан 
оқиғаларға дүркін-дүркін баға бере келе белсенділік танытушы мемлекеттердің 
ұстанымымен санасудан және олардың талабына көнуден басқа өзге шараның 
жоқ екендігін түсінеді, сондай-ақ қаласа да, қаламаса да олардың жаhандық 
саясатқа бұрынғыдан да белсене араласуларына мүмкіндік жолын ашады. Бұл 
үдерістің алғашқы белгілерін «әлемнің алыптары» саналатын G-7 форматының 
(«Үлкен жетілік»), G-8 («Үлкен сегіздік») форматына, одан әрі G-20 («Үлкен 
жиырмалық») форматына өзгеруінен байқауға болады.
Дегенмен, мұның барлығы бір арнаға тоғысқан күннің өзінде де әлемдік саяси 
жүйені шиеленіскен жағдайдан тұрақты ахуалға толық көшуін қамтамасыз ете 
алмайды. Демек, бұл әлемді басқарудың ең қолайлы конфигурациясын табудың 
қажеттілігінің туындап отырғанын көрсетеді және де өз кезегінде жаhандық 
басқарудың жаңа саяси ахуалға сәйкес келуін талап етеді. Біздің тұрып жатқан 
планетамыздың қазіргі таңдағыдай адам айтса сенгісіз шапшаңдықта өзгерістерге 
ұшырап жатқан кезінде, халықаралық саясаттың жаңа тұғырнамасын жасауды 
көшбасшы-мемлекеттер емес, турасын айтқанда Әлемдік Қауымдастық 
өз қолдарына алуы тиіс. Ал, жаhандық басқарудың жаңа тетіктері бұрын 
қолданыста болып келген қандай үлгідегі болмасын басқаруды қолдайтын 
басым саясаттың үстемдігіне жол бермеулері керек. Сондай-ақ, қандай да бір 
субъектінің артықшылығына жүгініп немесе әлемдік қауымдастыққа сондай 
елдің айқындамасын бір жақты түрде мәжбүрлеп жүктеу секілді келеңсіздіктер 
болмауы тиіс. Егер де барлық халықаралық субъектілердің дүниежүзілік 
саясаттағы мүдделерін шешу және оны алға жылжыту мәселелерінде тепе-
тең құқықтық мүмкіндіктеріне ие бола алғанда ғана жаhандық саясат өзінің 
табиғи болмысына ие болады. Сол арқылы әріптестерінің күш-қуатын әлемдік 
деңгейдегі түйінді мәселелерді шешуге шоғырландыра алады. Осылайша, 
қазіргі заманның саяси өмірінде әлемді басқаруға қатысу үшін күрес жүріп 
жатыр.
Дәл осы мәнмәтінде белсенділігін арттыра отырып, халықаралық саясаттың 
қолайлы жағдайында жалпыәлемдік саясатты белгілеудің жауапкершілігі 
мен жаңа рөлін міндетіне алған Түркі Мемлекеттері Одағы барлық түркі 


26
мемлекеттерінің өкілдігін қамтамасыз ету мен тереңболмыстық құрылымына 
сүйенген әмбебап идеяға сәйкес, тек ұлт бірлігі ғана адамзаттың нағыз 
субстанциясын білдіре алады. Қазіргі заман әлемдік қауымдастықтың 
қалыптаса бастаған кезеңі. Сондықтан дүниежүзілік демократияландыру мен 
жаңғыру қозғалысын кеңейту, тәуелсіз демократиялық мемлекеттерді тығыз 
шоғырландыру планетарлық саяси-антропологиялық жүйені оның жаңа даму 
сатысына көтеру – тарихтың төл талабы. Сөйтіп, осы шаралар адамзатты 
құрайтын ұлттарды бұдан да кемел ынтымақтастыққа бағыттайтыны сөзсіз. 
Жаhандық басқарудың келешектегі дамуының іс-жоспарлары тұрғысынан 
қарағанда, түркі өркениетінің өкілеттілігін қамтамасыз ету, жаhандық саясаттың 
келешектегі сахнасында түркілердің тіршілік етуін шешуге жол ашатын 
тағдырлы мәселеге айналады.
Тәуелсіз түркі мемлекеттері жалпыдүниежүзілік үдерістерге сәйкес, 
бірінші кезекте өзара ынтымақтасу үдерісін күшейте отырып, мойындалған 
жаhандық жүйеге тек қана Түркі Мемлекеттері Одағы ретінде ғана мүше бола 
алады. Түркітілдес Мемлекеттер Одағы идеясының сөзден іске көшіп, нақты 
өмірге келуін қамтамасыз ету үшін алдымен жеткілікті деңгейдегі жиналған 
тәжірибелер мен оның халықаралық масштабтағы лайықты бағаға ие болуына 
сүйену керек. Бүгінгі теориялық тұрғыдағы идеялық көзқарастарды дамыта 
түсу үшін тәжірибелер жинақтау – маңызды міндеттердің бірі. Оқырмандарға 
ұсынылып отырған кітап нақ осы қажеттіліктерден туындады. 


I ТАРАУ
ТАРИХТАН ТУЫНДАҒАН 
БОЛАШАҚ



29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет