51
Империяның патшалығында
ұшыраған олар, маңдайлары тасқа тигендей есеңгіреген күйі кері шегініп
кетуге мәжбүр болып отырған. Сондықтан да, крест жорығын ұйымдастырып
және қатысушылардың қолтығына су бүріккен, оларға қолдау көрсетіп отырған
Византия империясын түркілер түбегейлі қиратты: 1453 жылғы 29-шы мамырда
әмір Мехмет Жаулаушы (Фатих) сұлтанның жетекшілігімен түркі әскері
Византияның және Шығыс Рим империясының
астанасы Константинопольді
жаулап алды.
Ғұн-түркілердің Римді (453 жыл) жаулап алғаннан соң тура мың жыл
өткенен кейінгі, яғни 1453 жылғы осы Жеңісі – Азиядағы түркілердің Еуропадан
артықшылығын айқын дәлелдейтін, Османдық оғыз-түркілердің ең шешуші
Жеңісі де тарихтағы ірі жеңісі ретінде бағаланды.
Осындай
ойсыраған жеңілістен соң, Осман империясының құрлықтың
ішіне қарай дендеп енуіне бұдан әрі жол бермеу еуропалықтардың ендігі
жердегі ең басты мақсатына айналды.Үлкен жеңіске жол ашқан 1453 жылы
бүкіл жер шарында мекен етіп жатқан түркілердің жалпы саны, барлық әлем
тұрғындарының
оннан бір бөлігін
ғана құрайтын (101, 167 бет).Осы
бағытта
халық санының бұрынғыдан да артып, өсе түсуі түркілердің беделін көтерудің,
мемлекет және қоғам құрылысында иеліктегі әлеуетті шоғырландыра түсудің
аса маңызды факторы болып табылды.
Сүлеймен
(Кануни) сұлтанның заманынан бергі барлық кезеңде де исламның
нағыз тірегі саналған Осман империясы, сонымен қатар
Халифаттың
нағыз
орталығы ретінде де танылды. Әлемнің барлық мұсылмандары сұлтан
Сүлейменнің халифатын қабылдады. Сол кезеңдегі түркі басқарушыларының
құжаттарында былайша көрсетілген: «Осы уақыттан бастап Сүлеймен бин Селим
хан бин Баязид хан біздің
дінімізді аспанға шарықтатып, барлық мұсылман
елдеріне билік етті. Оның өз дәуірінің ең жоғарғы дәрежедегі сұлтаны болғанына
күмән жоқ... Барлық арабтарымен қоса бүкіл Арабия, барлық түркілер, күрдтер,
парсылар, арабтардың Ирагы, Бағдад, Дийар-Бакр, Батыс тұтастай, Энгерюстер
оның билігінде болды. Мұсылман атаулының барлығы да оның басқаруын
қабыл алады, өйткені ол, шын мәнінде де Пайғамбар сүйіспеншілігіне ие болған
халиф» (288, 182 бет). Осы бір тарихи кезеңдегі (ХV-XVIII ғасырлар) түркі
империясының әлемінде жасақталған, сонымен бірге
бәсекелестік те құрған
сәттері бар әлеуметтік-саяси жүйе, сол уақыттарда халықаралық жүйедегі
жетекші де ұйымдастырғыш қанатқа айналды. XVI жүзжылдықтың басындағы
сұлтан Сүлеймен билік еткен Осман империясы өзінің жер көлемін бірнеше
миллион шаршы шақырымдарға ұлғайтты (65, 54 бет).
Өз тарихында Осман империясы тура осы кезеңдері бұрын-соңды көз көрме-
ген биіктерге қол жеткізді. Түркі мемлекетінің сол кездегі қуаты, «экономика-
лық және әскери тұрғыдағы, бұған теңіз күштерін де қоса есептегенде» қалған
барлық мемлекеттердің біріктірілген күшімен тең еді (129, 203 бет). Мұндай
биіктікті тек қана АҚШ-тың әлем алдындағы бүгінгі өктемдігімен ғана