Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


«Эй, түркі ұлты, сілкін, өзіңе қайта орал!»



Pdf көрінісі
бет33/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   169
«Эй, түркі ұлты, сілкін, өзіңе қайта орал!»
, (125, 74-75 
беттер) деп айтқан сөзі күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Керісінше 
қараңғы жерге түскен күннің жарық сәулесі секілді болашаққа нұрлы сәулесін 
шашып тұр. «Түркі өркениеті» кітабының авторы Метин Айдоған әлемдік та-
рих үшін ерекше маңызы мәселелерге терең де жүйелі салыстырулар жүргізеді, 
егер де: «... Франция Королі Людовик ХІV былай, «Мемлекет – бұл менмін! 
Сондықтан да қарамағымдағылардың өмірі де, мүлкі де менікі», деп айтқан 
болса, Көктүріктердің билеушісі Білге Қаған (VIII ғасыр) одан мың жыл бұрын: 
«Түркі ұлты үшін мен түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым», деп айтып кет-
кен (98, 65 бет). Ақиқатына келер болсақ, бұл абсолютизм де немесе зорлық та 
емес, бар болғаны мұны ұлтқа адал қызмет жасау мақсатындағы өз миссиясын 
анық көріп, оны сезіне алған нағыз саяси көшбасшының ұстанған бағыты десе 
болады. Бұл бағыт өзінің ең жоғарғы нүктесін өз ұлтының бірлікке қол жеткіз-
ген биігінен ғана таба алады. Әскери жорығы қашан аяқталады деген сауалға 
Шыңғысханның берген жауабы да нақты әрі ұғымды: «Бізге түркі әлемінің екі 
шетін біріктіру маңызды. Соңғы түркіні кездестіргенше алға жылжи беріңдер. 
Соңғы түркіні кездестірген жерде тоқтаңдар». Шыңғысханның айтқан бұл сөзі 
оны қанішер-басқыншы етіп көрсетіп келе жатқан бірқатар пікірлерді жоққа 
шығарады, ал бұл мәселеге басқа қырынан келер болсақ, Еуразия тарихының 
шынайы көрінісіне тап боламыз. 
Өйткені, Шыңғысхан жорығына дейінгі уақыттың өзінде түркі әлемі Еура-
зия деңгейінде танылып үлгерген болатын: ғұндар-түркілерден кейін түркілер-
қыпшақтар, олардан кейін түркілер-оғыздар, олардан кейін өзге де түркі 
халықтары тарап кеткен алып аймақты Шыңғысхан басып алып, мұнда мемле-


66
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
кеттер мен қоғамдастықтар құрды. Осымен Еуразиядағы түркі тіршілігі тоқтап 
қалған жоқ: бұдан да күшті толағай толқын көтеріліп, Темірланның әскери 
жорықтары Еуразияның жаңа картасын сызуға алып келді... «Зафернама» 
шығармасын қайта-қайта сүзіп шыққан әлем тарихшылары, Темірланның саяси 
басқыншылығының хронологиясын тереңдете зерттейді. Француз тарихшысы 
Рене Груссенің сөзімен айтқанда, әлемнің саяси бірлігін өмірде қалай жүзеге 
асырғандығы туралы мол мағұлматтар береді. 
Наполеон және Атилламен салыстырылатын Темірлан Құрылтайды 
(
«құрылтай» 
сөзі көптеген ғасырлар өтсе де маңызын әлі де өзгерткен жоқ, бұл 
сөз түркі тілдерінде әлі күнге дейін қолданыста) (241, 427 бет) құрған түркі мем-
лекеттігіндегі ең бірінші саясаткер болды. Кезінде Құрылтайға аймақтардағы 
әскери-саяси басшылар шақырылып, онда алып империяны бөлшектеуге 
қатысты қандай да болмасын әрекеттердің алдын алу жөнінде шаралар жаса-
лып, шешімдер қабылданатын және бірыңғай мемлекеттік саясатты дамыту 
мәселелері талқыланатын.Түркілерден туындаған барлық эпос-оғызнамалар 
(«Оғыз-Қаған», «Китаби Деде Горгуд», «Манас», «Эмсали-Түркі» – түркілердің 
қанатты сөздерінің жинағы), «Диуани Лұғат-ат-Түрк» (Махмұд Қашқарлы, XI 
ғасыр), «Құтты білік» (Жүсіп Баласағұн, XI ғасыр), «Диуани Хикмет» (Сейид 
Ахмед Ясауй, XII ғасыр), Фезлуллах Рашид ад-Диннің «Оғызнамасы» (XIV 
ғасыр), Әлішер Науаидың (ХV ғасыр) «Мухакамат ал-лугатайны» (екі тіл ту-
ралы пайым), Әбілғазы Баһадүр ханның (XVII ғасыр) «Шеджереи-Тарикиме» 
(түркі халықтарының аттары туралы кітап) және де басқалары сол идеялардан 
тармақталатын шығармалардың үлгілері. Түркі әлемі исламмен біріккеннен 
кейін түркизмнің дәстүрлі идеясына діни реңк қосылғанымен де, ол өзінің не-
гізгі бағытынан тайған жоқ: 
түркі бірлестігі өзінің «ұясының» негізін исламмен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет