Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет28/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169
Шашыраңқылықтың біртұтастығы
кейінірек, тәуелсіздік жылдарында бұған дейінгі қалыптасқан жылы қарым-
қатынастарды одан әрі жетілдіре берудің алғышартына айналды. Міне, нақ 
осының нәтижесінде КСРО секілді алып мемлекет-империя құлағаннан кейінгі 
уақыттарда 
түркіден тараған одақтас республикалар тәуелсіздіктерін алып, 
өз алдарына жеке ел болып бөлініп шықты! 
Егер де КСРО-ның саяси-әкімшілік 
құрылымы қалыптастырылып жатқан уақытта түркінің (татарлар, чуваштар, 
башқұрттар, якуттар, құмықтар, ұйғырлар, гагауыздар, тұбалар, қарашайлар, 
хакастар, малқарлар, алтайлықтар, ноғайлар, шорлар мен қарайымдар) секілді 
Одақ құрамының басқа да халықтары республика мәртебесін ала алғанда ғой, 
онда сөз жоқ, 1991 жылдың 8 желтоқсанындағы Беловежье келісіміне сәйкес 
әлгінде аталған халықтардың барлығы да өз тәуелсіздіктеріне қолдарын жет-
кізе алған болар еді-ау, әттең! Дегенмен, мұндай үдерістің алдағы уақыттарда 
әлі де болса мүмкін екендігін тарих еш уақытта да жоққа шығара алмайды. 
Еуропадағы шағын мемлекеттермен салыстырып қарайтын болсақ, 
авто-
номия мәртебесінде өмір сүріп жатқан 
халықтардың 
саны мен жерлерінің 
көлемі 
әлдеқайда көп те үлкен екендігін әсте естен шығаруға болмайды. Түркі 
халықтарының тұрып жатқан аумағының жалпы көлемі орыстар мекенінен 
әлдеқайда үлкен екендігі рас және оның кеңдігінің көлемі Еуропа құрлығымен 
теңесе алады. 
«Түркі әлемінің халықтары» («
The Turkic Peoples of the World
») атала-
тын фундаменталдық жинақ түркілердің тұтастығы мен тығыздығының
шашыраңқылығының көрінісінен, олардың алып жер көлемінде қалай 
өмір сүргендігінен, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктер мен 
диаспораларының қандай планетарлық маңызға ие болғандынан нақты да мол 
мағлұматтар береді (308). Түркияда «Түркілер» деп аталатын 20 томдық эн-
циклопедия басылып шықты (137). Бұл энциклопедияда терең талдаулар мен 
болжаулар жасау арқылы түркі әлемінің эволюциясы, оның тармақталуы мен 
таралуы, отырықшы мемлекет құру, соның ішінде қазіргі заманғы көлемі мен 
орналасқан жері жөнінде толық ақпараттар беріледі. Осы энциклопедиядағы 
түркілер туралы берілген түсініктің көлемінің кеңдігі мен ауқымының тереңдігі 
соншалық,мұның жанында бұған дейінгі түркілер жайында қасақана және не-
гізсіз таратылып келген қаралау сөздер өте сүреңсіз де сенімсіз болып қалды. 
Осы тұрғыдан алып қарағанда, аталған шығарманы қазіргі заманғы мәдениеттің 
маңызды жетістігі деп бағалауға болады. Түркі халықтарының өздерінің 
аумақтық, адамдық және экономикалық, сондай-ақ әлеуеттері арқылы да Еура-
зия этногеорграфиясының маңызды субъектісі бола алғандығы жасырын емес. 
Ендігі жерде олардың тарыдай шашылып, тармақталып кеткен бастарын саяси 
болсын, немесе әлеуметтік тұрғыда болсын келешекте қайтадан біріктіріп, «бір 
жағадан бас, бір жеңнен қол» шығаруларына мүмкіндіктері өте зор екендігіне 
көз жеткіземіз. 
Егер де ХХ ғасырдың соңғы онжылдықтарының сол кездегі тарихында жер 
бетінде бір-ақ түркі мемлекеті – Түркия ғана болған болса, бүгінгі күндері жеті 


58
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
тәуелсіз түркі мемлекеті әлемдік картадан өздерінің орындарын ойып тұрып 
алды десе болады. Басқа мемлекеттердің аумағында ықшам тұрып жатқан не-
месе бар болғаны автономия мәртебесіне ие түркі халықтары, 
егеменді түркі 
мемлекеттерінің жарқыраған жұлдыздарына қарай отырып, өздерін де сол 
жаңарып та жаңғырып та келе жатқан үлкен түркі әлемінің кеңістігінен 
көреді.
Түркі мемлекеттерінің әлеміне, басқа мемлекеттерде тұрып жатқан 
түркілердің бірлесуіне қатысты бүгінгі күннің шынайы көрінісін былайша көзге 
елестетуге болады. Жалпы адам саны мен жер көлемі жағынан түркі әлеміндегі 
ең үлкен мемлекет Түркия болып табылады. Осман империясының мұрагері са-
налатын Түркия 1923 жылы мемлекет болып құрылды. Оның жер көлемі 783562 
шаршы шақырым, ал халқы – 74724269 адамды құрайды (мәтіндегі статикалық 
мәліметтер соңғы ресми көрсеткіштерге негізделген – Дж.Ф.). 
БҰҰ құрылған күннен бастап (1945 жыл) Түркия осы ұйымға мүше бо-
лып табылады. Солтүстікатлантикалық блоктың (НАТО) мүшесі саналатын 
Түркия әскер саны жағынан осында, АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Ол 
екінші дүниежүзілік соғыс пен «қырғи қабақ соғысы» жылдарында жаhандық 
саяси тепе-теңдіктің сақталуы барысында өте маңызды рөл атқарды. Бүгінгі 
күнде де халықаралық саясат алаңында маңызды күшке ие және жер бетін-
дегі бейбітшіліктің бұзылмауына өзіндік үлесін қосып келеді. Оның сыртқы 
саясаттағы ең басты мақсаты – түркі мемлекеттерінің бірлігін сақтап қалу.
Түркияның соңғы өткен жиырма жыл көлеміндегі жүзеге асырған демократия- 
лық қайта құрулары, әлеуметтік-саяси салаларды күшейтуге, сондай-ақ эко-
номиканы серпінді дамытуға кең жол ашты. Әзербайжаннан бастап, өзге де 
түркі мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени саладағы байланы-
старды дамыту оның аймақтағы беделін көтере түсті. Өткен ғасырдың 80-ші 
жылдарында елдегі орташа экономикалық өсім көрсеткіші 6-8 пайызды құрады. 
Экономикасының осылайша өркендеп дамуы Түркияны әлемдегі ең қуатты 
деген он бес мемлекеттің қатарына алып шығып, олармен терезесін тең етті. 
ІЖӨ жылдық көлемі 774 млрд, 338 млн АҚШ доллары, ал кірісі тұрғындарға 
шаққанда – 10362 доллар көлемін құрады (253).Түркияның қаржы орталығы – 
Стамбұлда 35 миллиардер тұрады (салыстыру үшін мәліметтер: Нью-Иоркте 
– 71, Лондонда – 36, Гонконгте – 30, Лос-Анджелесте – 24, Бомбейде – 20, Сан-
Францискода – 19, Далласта – 15, Токиода - 15). Алдағы 2023 жылға белгілен-
ген мақсат - әлемдегі ең дамыған он мемлекеттің қатарынан орын алу. Бұған 
Түркияның мүмкіндігі жеткілікті. Өйткені, Еуропа мен Азия арасында барлық 
бағыттар бойынша тиімді ынтымақтастық орнатуы бауырлас елдің жоспарының 
басты құралына айналып отыр. 
Түркі әлемінің саяси-тарихи кеңістіктеріндегі орын ала бастаған игі 
өзгерістердің «есептеу нүктесі» атанған және 1991 жылы өз тәуелсіздігін 
алған Әзербайжан түркі мемлекеттерімен қарым-қатынас түрлерін ең жоғарғы 
деңгейге көтергісі келеді. Сондай-ақ, осы басталған үдерістерді бірте-бірте 
жаппай бірігудің салтанатына дейін жеткізуді өзінің аса маңызды стратегиялық 


59


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет