Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет48/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
Джами, Әлішер Науаи, Әл-Бухари Накшибенд, Кемаледдин Бехзад… (133; 221, 
54-120, 146-327, 238-265, 367-379; 162 беттер, 128-359 беттер). 
Осы және бұдан да басқа есімдер бүгінгі күнге дейін әлемдік мәдениеттің 
көшбасшы классиктерінің қатарынан лайықты орындарын алып тұр. Қазіргі 
заманғы түркі халықтарының ұлттық мәдениеті – бұл тек өзіне ғана тән 
ерекшелігімен, үлгісімен және мазмұнымен әлемдік мәдениетті байытатын 
феномен. Әлемдік мәдениеттің «түркілік қоспасы» өзін тұрақты түрде 
байытуға икемді моральдық-эстетикалық күшін жұмылдыра отырып, жалпы 
адамдық құндылықтарды оның озық қасиеттерімен бірге өрістете түсуге 
және адамгершілік моралін, сезімін және арманын адамзаттың гуманитарлық 
мәдениетінің іргетасына айналдыруға серпін береді. Әлемді таза түркілік 
ақыл-парасаттың, оның ғылыми-интеллектуалдық зеректігінің, көркемдік-
эстетикалық түсініктерінің жиынтығымен таныту оның бүкіл болмысын 
толығымен ашып көрсетеді. Түркілік ғибраттың ғарыштық кеңістігінде «ұлт» 
және «адам» деген ұғымдар бірігіп кетеді.
Мәдениеттің жан-жақты әмбебап заңдары нақ осы бағытта жұмыс жасап
Ұлы Бірлікке қарай жылжиды. Түркі мәдениетінің рухы нақ осында: 
ұлттық 
пен адамгершілікте!
Түркі мәдениетінің тарихын қадағалай отырып, оның да көптеген елдердің 
мәдениеттері секілді әлемдік өркениетпен үндестікте дамып келе жатқанды- 
ғын оңай аңғаруға болады. Бұл даму, бір жағынан, ұлттық тамырға негізделе 
отырып, өзіндік ерекшелігін сақтайды, ал екінші жағынан, әлемдік өркениет 
жүйесінің бөлшегі ретінде алға шығады. Алайда аталған жүйе бөлшегі өз 
болмысын сақтап қалуы тиіс және сол бір мезетте өзін қоршағандардың бөлшегі 
есебінен дамуы тиіс. Бақытына қарай, түркі мәдениеті дамудың осы айтылып 
отырған әмбебап қағидатының шегінен әрі асып кеткен жоқ: бір жағынан, ол 
түркілерге тиесілі мәдениетті қалыптастырды және оны дамытты да, ал екінші 
жағынан, әлемдік мәдениеттің бойынан да аса маңызды қасиеттер жинап алды. 
Нәтижесінде түркілер әлемдік мәдениеттің даму диалектикасын ұғынықты 
және стихиялы қалыпта сақтады. Түркі мәдениетінің нағыз ұлылығы, міне, дәп 
осында жатыр! 


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет