Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет50/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
4) түркілік этносаяси жүйенің дамуы нәтижесінде Ортағасырларда пайда 
болған және келе бере алып миперияға айналған еуразиялық ірі мемлекетпен 
(көктүрік) әскери, саяси және дипломатиялық қатынастарда геосаяси теңдік 
пен ұлттық мүдделерді қамтамасыз ету жөніндегі нақты саяси факті болып 
табылады;
5) түркі әлемінің бірлігін құру жөніндегі тарихи және классикалық идео- 
логиялардың барлығының алдыңғы толқын бастамашысы болып табылады.
Орхондық түркілік жазбаларға жан-жақты зерттеу жүргізген түркі тарих- 
шысы Әли Өзтүрік осы ескерткіштердің маңыздылығын «Тарихта тұңғыш 
рет, атауында «түркі» деген сөзі бар мемлекет құрған Көктүріктер ұлттық 
бірлікті сақтап қалу үшін идеологиялық күрес жолын таңдады, бұл жөнінде 
мақтанышпен мәлім етті» деп, атап өтеді. – Олар Көктүрік тарихы туралы 
шығармалар жинағы болып табылатын идеологиялық жазба құжаттар- 
ды біздерге қалдырып кетті. Аталған жазба ескерткіштер бүгінгі ұрпақты сол 
уақыттағы түркі қоғамын әр қырынан таныстырады. Қазіргі заманның жастары 
сол дәуірдің өкілдерінің, әсіресе ел билеушілерінің ұлттық саясатындағы 
жанкешті ұстанымдарын өздеріне бағыт етіп ұстанса болар еді.
Білге Қаған және Білге Тоныкөк көптеген ұлттық мәселелер, мемлекетке 
төнер қауіп-қатерлер, ұлттық бірлікке зиянын тигізер қателіктер жөнінде 
шынайы түрде, кей кездері уайым араластыра айтып отырды. Олар осы 
жазбалары арқылы 
ұлттың қалыптасуының философиясын 
жасады» (130, 93 
бет).
Қазіргі заманғы тарихнама Көктүрік империясын екі дереккөз бойынша
біледі: Орхон ескерткіштері және Қытай хронологиясы. Сол уақыттағы 
сипаттаулар тұрғысынан қарағанда, айтылып кеткен екі дереккөздің мәлімет- 
тері де бір-бірінен онша алыс жатқан жоқ (241, 80-85 беттер). Яғни ерте 
Ортағасырлық тарихи нақты суреттемелер тұрғысынан келгенде, Орхон 
ескерткіштері ерекше құндылықтарға ие. 552 жылы іргетасын Бұмын және 
Истеми атты екі ағайынды қаған қалаған Көктүрік империясы Пекиннен 
Константинопольге дейінгі созылып жатқан географиялық алып кеңістікке 
саяси-дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан Еуразиядағы ұлы мемлекет 
болды. 
Бұл мемлекет түркі бірлігінің арқасында құрылды. 
Осы ұлы бірліктің 
әлсірей бастауы империяны Қытайдың қол астына (630-680) алып келді, олар 
мұндай қолайлы сәтті көптен күтуде еді. Алайда, жарты ғасырға дейін созылған 
езгіден кейін 
түркі бірлігі қайта жаңғырды. 
Көктүріктер мұндай еркіндікке 
Елтеріс Қаған, Қапаған Қаған, Білге Қаған, Күлтегін және Тоныкөктің тікелей 
әрекет етуі мен олардың идеялық тұтастығының арқасында қол жеткізді. Қытай 
басқыншыларына қарсы ұйымдасқан көтерілістер жасау және оларға қарсы 
соғыс жүргізе жүріп, соның нәтижесінде өздерінің еркіндіктеріне жетті. 
Жаңа бірліктің негізін қалаушы Елтеріс Қаған (681-691ж.), одан кейін Қапаған 
Қаған (691-716 ж.) одан кейін Білге Қаған (716-734ж.) билік еткен жылдары 


93
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
Көктүрік империясы бірте-бірте күшейіп, нағыз кемеліне келді (107, 77-93 ж). 
Олар басқарған жылдары ешқандай да сарайішілік төңкерістер болған жоқ. 
Өйткені, билік басындағы түркі қағандары өз халқына деген ашық жүректілігі 
мен адалдықтарын ашып көрсете алды. Білге Қаған басқарған тұста аумақ 
тыныштықпен қамтамасыз етілді. Езгіден құтылған соң, Еуразия көлеміндегі 
билікті қайта қалпына келтіріп, оны қолдарына қайта алған түркі ұлыстары, өз 
бірліктерін тағы да жоғалтар болса, бастары қайтадан құлдыққа түсетінін жақсы 
түсінді. Сондықтан да былай деп ерекше мақтанышпен: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет