Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


барлық мәдениет атаулының анасы ретінде танылған



Pdf көрінісі
бет44/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169
барлық мәдениет атаулының анасы ретінде танылған 
дамушы ұлттың балалары екенімізді түсіндіріп қана қоймай, көздерін де 
толық жеткізуіміз керек
(96, 175 бет)».
Мұстафа Кемел Ататүрік жалпытүркілік мәдениетті мемлекеттік саясат 
деңгейінде оқып-үйренуге шақырғаннан кейін-ақ, бұл бағытта шешуші шаралар 
қолға алына бастады. Соның нәтижесі болар, бүгінде тәуелсіз түркі мемлекетінің 
гуманитарлық институттары еуропалық және ресейлік түркітанушылардың 
ұстанымынан тіпті бөлек, түркітанудың шынайы жаңа тұжырымдамасы 
дайындалды. Ал, оның артықшылығы бұған дейінгі әбден қалыптасып, 
денеге қалғандай бұлжымастай біржақтылық идеологиялардан тазарған құжат 
болуында жатыр. Ендігі жерде мемлекеттік деңгейде тың зерттеулер мен 
зерделеулер жасаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болмақ. Осындай келелі 
зерттеулердің қорытындысында жалпытүркілік мәдениетті нағыз адамзаттық 
құндылық ретінде танудың жаңа қырлары ашылады. Осы тұрғыдан келгенде 
қазіргі заманның озық түркітанушысы атанған ғалым Бахаддин Өгелдің «Түркі 
мәдениетінің тарихына кіріспе» деп аталатын тоғыз томдық еңбегінің маңызы 
өте ерекше.
Профессор Бахаддин Одел өзінің табандылықпен жүргізген көпжылдық 
зерттеулерінің нәтижесіндегі еңбегінде тарих үдерісі барысында жиналған 
жалпытүркілік мәдениеттің негізгі ұстанымдарын толық түсінуге көмектеседі 
деген фактілер мен үдерістердің қыры мен сырын аршуды айналып өтпеген. 
Ол, түйірдей ғана болып көрінетін детальдың өзін жан-жақты суреттеп, 
оларды терең талдаудан өткізген, жинаған бай мәліметтері негізінде теориялық 
талдаулар мен толықтырулар жүргізген. Аталған көптомдық түркілерден 
бастап ғұндар мен көктүріктер, османдарға дейінгі халықтың өмірі мен тұрмыс 
салттарын жақсы жазып көрсеткен: олардың көшпелі өмір салттары, жазғы және 
қысқы жайылымдағы, қалалық және ауылдық тұрмыстары, қала құрылыстары 
мен қорғандар салу мәдениеті, сауда орындары мен дүкен салатын орынды 
таңдаулары, жол және керуен сарайлар тұрғызу, пошта пункттерінің орнын 
таңдау (ақпарат жолдауды орындайтын қызмет), тасымалдаушылардың еңбегін 
өтеу, уақытты және даталарды санау, географиялық бағыттағы қатынастарды 
белгілеу, үйлер мен шатырлар құрылысы, отбасы құрамы мен моральдік 
өлшемдер талабына сәйкес үй ішіндегі бөлмелерді орналастыру, үйлер мен 
аулалардың өмір сүру талаптарына сәйкес орналасуы, есік-әйнектер мен 
үйдің ішкі-сыртқы қабырғалары, сондай-ақ төбелерінің ұлттық нақышпен 
безендірілуі, сәулет өнерінің жалпы мәдениеті, құдықтар қазу, бассейндер мен 
қолдан тоғандар салу үрдісі, тоқымашылық (киіз басу мен кілем-алашалар 
тоқу...), киім үлгілері мәдениетінің жалпы шеберліктері, үй жиһаздарын жасау 
(орындықтар, үстелдер, шырағдандар, сандықтар, сөмкелер), кең салалы 
шаруашылықтар жүргізу мәдениеті (жер өңдеу, мал шаруашылығы, бағбандық, 
омарташылық...), қоршаған ортамен қарым-қатынас, тағам дайындау, ас үй және 


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет