99
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
бұзылмаған және ол тарихи тас ескерткіш ретінде өзінің монументалдық
айбындылығын сақтап қала алған. Граниттегі осы мәтіндердің авторы Білге
Тоныкөк болып саналады. Ол көзі тірісінде үш Ұлы Қағанның – Елтеріс Қаған,
Қапаған Қаған және Білге Қағанның ұлы уәзірі (кеңесші) болған. Тіпті, кей
кездері түрлі әскери жорықтарда қолбасшылық та жасаған.
Түркизм идеясын практикалық саясат ретінде жүзеге асыра білген, сондай-
ақ оны идеологиялық доктринаға айналдыра алған есімі түркі тарихына
яғни біздерге дейін жеткен тарихтағы жалғыз идеолог Тоныкөк екені рас.
Тоныкөктің дәрежесінің қағанмен тең тұлға болғандығын төмендегі мына
фактілер растайды: «Мен, Білге Тоныкөк, Қытайда тудым. Ол кезде түркі ұлты
Қытай билігінің қол астында болды» (125, 125 бет).
Білге Тоныкөкті шын мәнінде түркі ағартушылығы мен тәуелсіздігі қозға-
лысы көшбасшыларының нағыз ізбасары деп айтуға болады.
Өзі айтып
отырғандай Тоныкөк Қытайда, туған халқы қытайлық биліктің қол астында
тұрғанда дүниеге келді. Ол жастайынан қытай тілін, олардың мінез-
құлықтарын, мәдениеттерінің бітім-болмысын, түркі халқы мен түркінің жеріне
деген
көзқарастарын, сондай-ақ Қытайдың тактикалық және стратегиялық
мақсаттарын зерттеді. Ол өзінің түркілік отанына осылардың барлығына қарсы
күрес жүргізудің пісіп-жетілген идеясымен оралды. Қытай басқыншылығына
қарсы күрескен әскер қатарына келіп қосылды, басына түскен ауыр сынақтардан
өтті, осылардың барлығынан кейін ғана Көктүрік империясының жетекшілігі
деңгейіне дейін көтерілді. Ал, ақиқатында ол өз мемлекетін құру және оны
көтеру жөніндегі қадамдарды нақты жүзеге асырушы, ұлы саяси стратег болып
табылады. «Тоныкөк» ескерткіші, өте терең тәжірибе мен асқан ақыл иесі,
мемлекеттік тұлға Білге Тоныкөктің қолымен көнетүркі тілінде жазылды.
«Орхон трилогиясының» осы аталған үшінші соңғы ескерткішінде де,
алдыңғы ескерткіштердегідей Көктүрік мемлекетінің көтерілуі, құлауы және
оның екінші рет көтерілуінің драмаға толы тарихтары, сондай-ақ орын алған
оқиғалардың барлығын да түркілердің жеңісіне қарай бағыттайтын көреген
саясатты жүзеге асыру жөнінде сөз болады. Түркі барлық уақытта да күреседі.
Бірақ, күреске түркілердің барлық тайпалары мен халықтары бірігіп қатысқанда
ғана шайқас түркілердің жеңісімен аяқталады. Барлық түркі тайпалары
мен
халықтары
бірлескен ұлттық ерік-жігер
ұғымын саналарына толық
сіңіре алғанда ғана, бұл саясат өз жемісін береді: «Көктүріктердің болашақ
демократиясының негізін, даналық пен ержүректіліктің
бірігуін Тоныкөктің
кемеңгерлігі көрсетіп беріп отыр» (6, 115 бет).
Осы ескерткіш құжатта Көктүрік империясының басынан бастап Тоныкөкке
дейінгі тарихы, сондай-ақ сол уақыттардағы тартысты оқиғалар, түркілердің
бірігуі мен бөлінуі, түркілердің қатысуымен өткен қанды қырғындар, осы
соғыстардың түркілер үшін үйренерлік тұстары туралы егжей-тегжейлі және
тамыры тарқатыла айтылады. Сондай-ақ түркі бірлігі
идеясының қолға қару