Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет52/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
көп халық, мен барлығын да орналастырдым. Егер де түркі қағаны Өтүкен 
даласында (билікте отырса) отырса (Өтүкен – Көктүркі империясының 
астанасы – Дж.Ф.), онда мемлекетте ешқандай да қиындықтар болмайды... 
Мен әскеріммен алға қарай (яғни шығысқа) Шантунг жазығына дейін бардым, 
теңізге шамалы жер жетпедім. Оңтүстікте мен өз әскеріммен Тоғыз Эрсинге 
дейін бардым, Тибетке шамалы жер жетпедім. Батыста, мен Інжу өзені арқылы 
өтіп, өз әскеріммен Демир-қапыға (Темір қақпа) дейін жеттім. Солтүстікте мен 
әскеріммен Йир-Байырку еліне дейін бардым. Көп елдерге бардым (әскермен). 
Өтүкен даласынан өткен жақсы жер жоқ. Өтүкен – нағыз мемлекет құратын 
жер. 
Өтүкенге қоныстанып, мен Қытаймен келісімге келдім. Ендігі жерде бізге 
есепсіз көлемде алтын, күміс және жібек беретін Қытай халқының (барлық 
уақытта) сөздері тәтті, ал асыл заттары жұмсақ (яғни сәнді, өте нәзік). Тәтті 
сөздерімен және сәнді қымбат бұйымдарымен баурап алатын олар алыста 
жатқан халықтарды өздеріне соншалықты (тым) тартып алады. (Олар) өте 
жақын орналасып алады, содан кейін олардың жағымсыз әдеттерін қабылдай 
бастайды. Жақсы және ақылды адамдарға, бекзат батырларға қытай халқы 
ешнәрсе істей алмайды, оларды ақиқатты жолдарынан тайдыра алмайды. Бірақ, 
олардың торына түскендер өз халқына да жат болып кетеді. Олардың тәтті 
сөздері және сәнді қымбат бұйымдарымен өзіңді бауратып алсаң, сен, о түркі 
халқы, жаппай қырылғаның...
Түркі халқы, егер сен соларға барсаң, өлесің! Түркі халқы, егер сен Өтүкенде 
қалсаң, онда мәңгі өмір сүресің! Түркі халқы, сен тоқсың. Сен арық және аш 
болғанда, тоқтың жағдайын түсінбейсің, енді тойынған соң аштың ахуалын 
түсінбейсің. Сенің сондайлығыңның салдарынан, өзіңді құлап жатқан жеріңнен 
көтерген ханыңды тыңдамай, басқа елдерге қаңғып кеттің, сол жақта әбден 
қажыдың және қалжырадың.
Көктің рахымы бойынша және мендегі бар байлықтың арқасында мен 
Қаған болдым. Қаған болғаннан кейін, мен аш, жарлыларды жинадым. Аш 
адамдарды бай еттім. Аз халықты көп еттім. Менің сөздерімде шындық жоқ па? 
Түркі бектері мен халық, тыңдаңдар! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет