«Түркілік Оғыздық бектер
және халық, тыңдаңдар: Төбелеріңде көк аспан, ал аяқтарыңның астында
жер (тұрғанда), түркі халқының бірлігін, мемлекетін кімнің дәті барып
бұза алады»
(125, 18 бет). Білге Қаған өзімен қанаттас жүріп күрескен кіші інісі
Күлтегіннің ерліктері туралы бұдан да асырып айтады. Өзінің інісінің өлімі
туралы ол ашына отырып айтады: «қос жанарым соқыр болып қалған секілді,
ақылымнан да адасып қалғандаймын».
Естеріңізге сала кетейік, Күлтегінді жерлеуге Қытайдан бастап Византияға
дейінгі аралықты алып жатқан аумақтағы көптеген елдердің өкілдері келіп
қатысты. Білге Қаған Күлтегінді әскери қолбасшы бейнесінде көрсетеді.
Ақиқаты сол, Күлтегін абыроймен соғысты және өз өмірін Көктүркі мемлекеті
мен оның халқы үшін қиды, бұл тарихи факт: «Күлтегіннің бойында билікке
деген құмарлық болған жоқ. Оның ең үлкен идеалы мен мұраты түркілердің
бірлігі және Көктүрік мемлекетінің қуаттылығы болды. Ол осы аталған
мақсаттар үшін күресті. Қарапайым сарбаз болып соғысу керек пе немесе
билеуші, болмаса әскери қолбасшы дәрежесінде соғыс жүргізу, оның жеке
басы үшін еш айырмашылық саналмайтын» (6, 105 бет). Осы тұста мемлекеттік
96
ІІ ТАРАУ
Өркениеттің ерекше үлгісі ретіндегі жалпытүркілік мәдениет
деңгейде ойлаудың мәнісін көне көктүрік тілінде жазылған: «Mәn bir-iki
budunığ ot, sub kılmadım» - «Мен бір халықты су мен отқа бөлмедім» бір ауыз
сөз мағынаны айнытпай беріп тұр. Бұл мағынасы сондай терең идея саналады,
өйткені: су мен от бір-біріне кереғар нәрселер. Су отты сөндіреді. Демек, Қаған
өз халқын су мен отқа бөлмеген, тұтастықты ортасынан жармаған, керісінше
бөлінгенді біріктірген.
«Күлтегін» ескерткішінің батыс жақтауындағы жазба тань императоры
Сю-ань-цзуннің жиені, әскери қолбасшы Чанг Сенгюнге тиесілі. Мәтінде
көрші мемлекеттер арасындағы достық қатынасты дипломатиялық жолмен
реттеу жөнінде айтылған. Түркі және қытай тілдеріндегі жазбалардың бірқатар
мәселелер бойынша бір-біріне деген қайшылықтары назар аудартады. Қытайша
мәтінде тату көршілестік қатынастар жайында айтылады. Ал, түркіше мәтінде
Қытайдың түркі мемлекетіне қарсы әккі және бүлдіргіштік саясаты туралы
жазылған. Әрине, Білге Қаған қытайлық мәтіннің мағынасын білді. Ескерткіш
оның идеясының жемісі болып табылады. Дегенмен, ол мәтін арасындағы
айырмашылықтарды кейінгі ұрпаққа ғибрат болсын деп әдейі қалдырғанға
ұқсайды. Қытай саясаты мен дипломатиясында жоғарыда келтірілгендей достық
қарым-қатынастар секілді жылы да жағымды сөздер айтылып тұрғанымен,
сәті келген тұста олар дереу өздерінің жасырын ойларын жүзеге асырып
жіберуге қашанда әзір. Тарихи үдеріс Білге Қағанның дұрыс айтып кеткендігін
дәлелдеді...
Білге Қаған өлген соң қағанаттың бірауыздан шыққан келісімі бойынша
таққа оның баласы Йоллық-тегін келді және ол біз оқып отырған осы сөздердің
авторы да. Ал, Йоллық-тегіннен кейін билікке Тәңірі хан атанып кеткен баласы
Білге Құтлық келеді де біраз уақыт өткенде ол Қытайға өз елшісін жібереді
(152, 364 бет).
Бар-жоғы алты жыл өткенде, яғни 745 жылы түркітілді ұйғырлар Қытаймен
одақтастық құрып, Шығыс көктүркілік империяның тіршілігін күштеп
тоқтатқызды, ал есесіне осы аумаққа ұйғырлар өздерінің жеке мемлекетін
құрды (130, 19 бет).
Ұлттық мемлекеттіктің дәстүрі мен идеологиясынан аттап өтіп, кезінде өзі
отырған бұтақты өз қолымен кескен Ұйғыр империясын бар болғаны жүз жыл
ғана уақыт өткенде «бұрынғы одақтасы» Қытай тағынан тайдырып, оның да
жұлынын үзіп, тынысын тоқтатты... Бүгінде 22 млн халқы бар Синьцзян Ұйғыр
автономиялық облысы Қытай Халық Республикасының шағын бір бөлшегі ғана.
Түркінің батыс мемлекеті көктүріктер империясында орын алған жағдайдан
кейінгі келесі жүзжылдықта мемлекеттіктің дәстүрін Анадолыға дейін жеткізіп,
Еуразияда ұлы түркі империясын құрушы ретінде тарихқа енді. Осы бір мызғы-
мас дәстүрдің жазба кодексі болып табылатын «Күлтегін» ескерткішіне
жүргізілген талдау, оның тереңдегі ойын жарыққа алып шығады: түркі
мемлекетінің басшысы Білге Қаған түрлі түркі тайпалары арасындағы
97
Орхон ескерткіштері: шынайылық пен көрегендіктің үлгісі
айырмашылықтарды көрсетпей ғана қоймайды, сонымен қатар ол өзінің
жеке басын да өзгелермен қатар қоя отырып, билік пен халық арасындағы
айырмашылықты әйгілемейді. Ол, ешқашанда өз халқымен көптеген
мемлекеттер мен жұртшылықты күш қолдану арқылы жеңіп алған жаулаушы
император ретінде сөйлесіп көрген емес. Ол өз халқымен сайланған
Билеуші
ретінде, өз халқының туған тілінде сөйлесті. Білге Қаған өз жүрегінің түбінен
жарып шыққан сөздерді айтты. Өзін халықтан бөліп-жармақ түгілі, Білге
Қаған үшін халық пен кеңістік және мемлекеті орнаған табиғат біртұтас болып
есептелетін.
Мемлекеттің аумағының кеңеюіне қарамастан, өзі үшін ең ардақты жер
Отаны екендігін жасырмаған: «Өтүкен – бұл нағыз мемлекет құратын жер»,
деп айтты. Осы тұрғыдан келгенде көктүріктердің түбінде
Мемлекет-Халық-
Табиғат
деген ұғымға ұйысатынын көреміз. Көктүрік идеясы осы аталған
ұстынға сүйенеді, сондықтан да оның басталуы орынсыз саналмайды. Мұндағы
бастаудың әуелден-ақ: «Мен қаншама халыққа тәртіп әкелдім» ұғымына
көзделгендігін түсінуге болады. «Күлтегін» ескерткішінде мифологиялық
дүниетанымның терең тамыры мәңгі есте қалдырылған, халық пен мемлекеттің
жаралуы уақыттың пайда болуымен шамаластандырылады. Білге Қаған жер
бетінде пайда болған алғашқы адам түркі деп ойлап, «Бұмын қаған мен Истеми
қаған алғашқы адамдарға өз билігін орнатты» – деп түсінеді. Дегенмен, аталған
мифологиялық мәнмәтін негізгі мәтіннің нақты қисынын бұзбайды. Ескерт-
кіште Көктүркі мемлекетінің кезең-кезеңмен кеңейгендігі туралы мақтаныш
сезіммен мәңгі өшпестей етіліп қашап жазылған. «Қытаймен келісімге
келгендер» Қытай дипломатиясы мен қытайдың сәнді байлығы және оның
жұмсақ «жібек өркениетіне» алданып қалуға болмайтынын Көктүркі империясы
жақсы түсіне білді. Сондықтан да Білге Қаған билікке өзінің саяси ептілігінің
арқасында ғана емес, сондай-ақ жеке басының ержүректігі мен Күлтегін секілді
әскербасшыларының ерліктерінің арқасында келді. Оның билікке келуіне жеке
басының байлығы да мол мүмкіндік берді. «Жарлыларды бай еттім», - дейді
ол. Білге Қаған түгі жоқ кедейлер емес, керісінше байлар билік жүргізеді, деп
мәлімдеді. Сондықтан да, «түркі халықтарының басын бір одаққа біріктіру
және мемлекет құру», бұл нағыз саяси мүмкіндігі мол ақиқат деп есептеді ол.
Саяси шындық мынадай, ұлттық мемлекетті «төрт бұрыштағы» жаулардың
кез келгенінен өздері бекіткен тәртіп бойынша қорғау қажет. Саяси биліктің
тастай берік болуы үшін Білге Қаған тағы бір шарт туралы айтады: мемлекеттің
бектері мен халық «дұрыс» болулары керек. Құрылған мемлекет «заң» жүзінде
ұйымдастырылуы қажет! Осының өзі де үлгі есептеледі: Көктүрік мемлекетінің
патриархтары мемлекет те және онда тәртіп те орната алды.
Негізгі мәтіндегі «тасқа қашалған тағы бір жолдардың» бойынан өнегелілік
пен ақпараттық леп байқалады: «Басы барлардың бастарын идірді, тізесі
барлардың тізесін бүктірді» (осы сөздер басқа да Орхон ескерткіштерінде өзге
|