«өркениеттер түйісуі»
немесе
«араларындағы үйлесімділікті қамтамасыз ету үшін жаңа кескін-келбет
түріндегі берік бақтар орнатады»,
деп түйіндейді. Ал, Джаваншир Фейзиев
болса, өз кітабында батыстың саяси мәдениеттанушылары арқылы қазіргі заманға
дейін жеткен «түйісу» аталатын теориялық парадигмаға өзінің қарсы уәждерін
айтады және ол өз ой-түйінін нақты тарихи фактілермен дәлелдейді: тіпті де
өзге генезиске ие, алғашқы қауымдастықтың архетұрпаттық қасиеттерімен
сайланған түркілік және исламдық өркениет бір-бірінің бойындағы байырғы
құндылықтарды көргенде «сәл мазасызданады», бірақ кері бұрылып кетпейді
және де бар болғаны аз уақыттың ішінде бір-бірімен қоян-қолтық араласып
кетеді.
Түрлі тарихи жағдайларда түркілер мен ислам әскерлері ұрыс жүргізу
алаңдарында бір-біріне қарсы тұрған кездер болғанымен, осыған қарамастан
бұл түркілік және исламдық өркениетті қақтығысқа әкелмейді. Керісінше,
олар тарихта бұрын-соңды болмаған бірігу үдерісіне ұйымдасып, бір-бірін
толықтыра түсті, дамыды және күшейді де.
12
Соның нәтижесінде Шығыста исламның ең қуатты қылышы мен қалқаны
болып табылатын түркі мемлекетінің іргесі қаланады және Орта ғасырдағы
Түркі-Ислам империясы өркениетаралық қарым-қатынастың жетілген дағдысын,
сонымен қатар төзімділіктің де түрлерін қалыптастырады. Олар үстемдік еткен
аймақтарда бірде-бір этностың мәдениеті қираған жоқ, тілдер, әдет-ғұрыптар
мен дәстүрлер сақталды, адамның өмір сүру құқығына қатер төнген жоқ. Осы
көзқарас тұрғысынан келгенде, бұған дейін өте дұрыс айтып келген зерттеуші,
түркі тарихының шынайылығын бұрмалаған, жаңсақ пікірлердің барлығының
быт-шытын шығарып, әсілінде түркілердің саяси-мәдени міндеті өркениеттерді
бір-біріне қарсы қою емес, керісінше оларды жақындастыру мен өзара үйлестіру
екендігін көрсетеді. Осы бір ділдік қасиеттер көршілес жатқан халықтар мен
мемлекеттердің түркілерге деген жоғары құрметі мен терең шексіз сенімдерін
оятты. Олар саяси-ұлттық құрылыстың сәулетшісіндей, этностар арасындағы
қарым-қатынастардың реттеушісі болған түркілерге құлай сенді. Сондықтан да,
түркілердің сол уақыттағы басымдық етуінің арқасында Еуразияның геосаяси
архитектоникасын жасау мүмкін болды. Тура осы тарихи маңызы зор мақсатты
дамытқан түркілер Ұлы Жібек Жолы дипломатиясының негізін қалыптастырды.
Азиядан Еуропа төріне қарай тартатын Ұлы Жібек Жолы, ең алдымен түркілік
этногеографиялық жерлер арқылы тарқатыла келе, түркі мемлекеті аумағының
мыңдаған шақырымдарын басып өтті. Осындай жағдайда түркі мемлекеті мен
империясы көлік дәлізін біріктіруші ретіндегі Ұлы Жібек Жолының жетіле
түсуін қамтамасыз етті, сондай-ақ оны ұзақ уақыттар бойы бақылауда ұстап,
Еуразия мемлекеттері арасында сауда жүргізу мен ынтымақтастық жасаудың
қатаң тәртібін орнатты. Автор, «Тарихтан туындайтын, болашақ» сөзіне дәл
және өте дұрыс та ауқымды анықтама беріп, бүгінгі күннің ақиқатын былайша
баян етеді:
«Қазіргі заманның халықаралық өмірінде Ұлы Жібек Жолын
өзектендіре түсу дегеніміз – әлемді дамытудың тарихи заңдылығы: саяси,
экономикалық және мәдени өмірі бар түркі әлемінің Үлкен Саясатқа қайта
оралғаны осы заманғы Еуразияның рөлін өзектендіре түседі. Шын мәнінде,
Ұлы Жібек Жолының тарихи сақтаушысы атанған түркілер, бүгінгі күндері де
сол міндеттерінен айнып қалмақ емес».
Әрине, Еуразияның тарихи геосаяси дамуында түркілер шешуші рөлге
ие болғандықтан, зерттеуші аталған мәселені мейлінше кеңейтілген
мәнмәтінде зерделейді, ғылыми-теоретикалық әдеби орталар мен саясаткерлер
ұйымдастырған, осы тақырыпқа қатысты пікірсайыстарға белесене араласады.
Ол, өз ұстанымдарына шынайы көзқарасты ұстана отырып көз жеткізуге
тырысады. Өзінің сараптауға негізделген түсініктемелерінде автор Батыстың
Еуразияға қатысты империалистік ұстанымынан туындайтын, Еуразия
болмысына деген жалған біржақтылықты ашып көрсетеді.
Бүгінгі күнгі жаhандық саясатта Азия мен Еуропаның өзара қарым-қатынасын
дамыта түсу үшін Түркі Мемлекеттері Одағы ұсынған байсалды сенімділік пен
геосаяси кепілдік және геостратегиялық мүмкіндіктер, түркі мемлекеттері оның
13
басты беталысындағы әрекетінің бағыты мен Еуразияны дамыту келешегіне
қатысты нақты өзгерістердің қажет екендігі туралы ой туындайды. Аталған
аймақтың геосаяси қауіпсіздігінің алғышарты ретінде «Түркілік бәтуаластыққа»
маңызды орын беріледі. Автор өз кітабында халықаралық қауымдастық үшін
Түркі Мемлекеттер Одағы идеясының маңыздылығын қисынды түрде дамыту
мәселесімен айналыса отырып, бірқатар тосын да қызықты қорытындыларға
келеді: әрине, тәуелсіз мемлекеттер субъектілерінің өзара мүдделері ескеріле
отырып, әлемдегі жаhандану үдерісін жеделдете дамыту, халықаралық
саясат пен халықаралық құқықта жаhандық өзін-өзі ұйымдастыру үлгісіндегі
секілді бірлестіктің құрылуының қажеттігіне алып келеді. Алайда аталған
«бірлестікті» стихиялық тұрғыда ғана болады деп түсінбеу керек, керісінше бұл
заңдылықтар мен өзіндік геосаяси баланстарға негізделе отырып, шынайылыққа
айналуы мүмкін. Автордың нақты пікірі бойынша, қазіргі уақытта әлемдік
мемлекеттердің ішкі ықпалдастығы жалпыұлттық, лингвистикалық, діни,
өркениет негіздерінде және аталған ықпалдастықтың ұзақмерзімдік келешегінің
ұйғарымымен, өздерінің саяси және экономикалық мүдделері арқасында
бірлестіктің құрылуының өте салмақты кепіліне айналады.
Түркі елдерінің ішкі ықпалдастығының қажеттілігі барысында Түркі
Мемлекеттерін біріктіру және осы үдерістер жағдайында жаhандық
ықпалдастық үдерісінің «кеңістігіне» шығу мәселелері де халықаралық
саясаттың қажеттілігіне айналады және халықаралық құқық заңнамалары
арқылы құрылу мүмкіндігіне ие болады. Бұл мүмкіндік мемлекетаралық қарым-
қатынастардың жан-жақты құқықтық қағидаттарымен, сондай-ақ егемендіктің
ұлттық мүддесін сәйкестендіре алатын саяси одақтастықтың нәтижесінде ғана
жүзеге асырылады.
Автордың айтуынша, егер де ХХ ғасырда Еуразияның еуропалық
аумағындағы Еуроодақтың құрылуы бірқатар ішкі ықпалдастықты туғызып,
осы одақ халықаралық өмірде көптеген үдемелі өзгерістердің бастамашысы
болса, ендігі ХХІ ғасырда Еуразияның түркі елдері қоныстанған геосаяси
аумағында Түркі Мемлекеттері Одағын құрудың қажеттілігі бұрынғыдан да
басым мүмкіндікке ие болды.
Аталған бірлестік халықаралық деңгейдегі, әсіресе Азияның келешегіне
қатысты саяси жүйе бойынша тегеурінді өзгеру үдерістерін ынталандыра
алады. Еуроодақ пен Түркі Мемлекеттері Одағы Еуразиядағы саяси-өркениет-
тік бірігудің көрнекті үлгісі болар еді және де тікелей айтқанда, Еуропа мен
Азия қалыптасқан құрлықтық қарама-қарсылықтан шығып, нағыз жаhандық
ықпалдастық пен ынтымақтастыққа қарай бағыттайтын өзгерістердің шешуші
кезеңіне айналар еді. Мұндай жағдайда Еуразиядағы қандай да бір гегемонның
басымдық етуі, қандай да бір мемлекеттің өзгелерден артықшылықта болуына
алып келмейді. Бүгінгі күндері Орталық Азия, Кавказ және Кіші Азияның
жерлерін алып жатқан түркілік геосаяси аймақты дамыту, Еуроодақтың
жергілікті баламалық таңдауы саналатын Түркі Мемлекеттері Одағы идеясын
14
сөзсіз жүзеге асыруға алып келеді, бірақ оған қарама-қайшылық етпейді,
керісінше – бірыңғай жаhандық саяси кеңісітік тұрғысынан келгенде Еуразияны
орнату жобасын аяғына дейін тыңғылықты жеткізеді.
Джаваншир Фейзиев осы идеяның тұжырымдамалық негіздері ретінде
жиырма жылдан бері түркі мемлекеттері арасында тұрақты түрде бірлесе
өткізіліп келе жатқан Достық Съезі, Түркі Халықтарының Бауырластығы
мен Ынтымақтастығы, Түркітілдес мемлекеттер басшыларының саммиттері,
Түркітілдес елдер Ынтымақтастығы Кеңесінің отырыстары, TÜRKSOY
ауқымындағы кездесулер, Түркітілдес Елдер Парламенттік Ассамблеяларының
Сессиялары секілді маңызды шараларда мемлекетаралық қарым-қатынастар-
дың дамып келе жатқандығын растайтын қол қойылған немесе қабылданған
шешімдер, бірлескен декларациялар мен өзге де құжаттарда көрсетілгендей, өз
халқының ерік-қалауын білдіретін тәуелсіз түркі елдері басшыларының саяси
ұстанымдарын сенімді дәлел ретінде алға тартады.
Автор осы айтылғандар негізінде мынадай қорытындыға келеді: жалғыз
мақсатты көздеген бағыттық әрекет қай нүктеде кездеседі және жүйелендіріледі?
Әрине, Түркі Мемлекеттері Одағын құру тұғырнамасында! Аталған идеяны
негіздеу үшін автор өз кітабында – Мұстафа Кемел Ататүрік, Гейдар Алиев,
Илхам Алиев, Абдулла Гүл, Нұрсұлтан Назарбаев және Алмазбек Атамбаев
секілді аттары әлемге мәшhүр тұлғалардың айтқандарын эпиграф ретінде
таңдап алып отыр.
Әзербайжан мемлекеті түркі әлемімен барлық бағыттардағы қарым-
қатынастарды дамытуға мүдделі, өйткені бұл біздің тәуелсіздігімізді күшейтіп,
әрі түркі әлемінің ішкі байланысын нығайтып қана қоймайды, сонымен қатар
саяси-географиялық кеңістік болып табылатын, халықаралық жүйеге аса қажет
конфигурация ретіндегі түркі әлемі қол жеткізген үрдістің де беки түсуіне жол
ашады.
Сондықтан да Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев
түркі әлемі мәселелері тақырыбына арналған сөздерінде, Әзербайжанның
ұстанған жолын көрсете келе жалпытүрікілік бірлікті қолдайтынын білдіріп,
халықаралық саяси ахуалға байланысты осы тұрғыдағы ой-пікірін былайша
жеткізеді:
Достарыңызбен бөлісу: |