Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет100/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   169
«нольдік проблемалар» 
деңгейіне 
жеткізу. Егер, түркі әлемі «
Азия кіндігі
» болса, онда Түркия – осынау арқаудың 
дем берушісі. Шындығында Түркия бүгінде өзінің жақын көршісі әрі одақтасы – 
Әзербайжанмен де өз саясатындағы Кавказ бағытында да, сонымен бірге Кіндік 
Азия бағыттарында да табысты белсенділігін жеткілікті дәрежеде үйлестіріп, 
Еуразияның өңірлік проблемаларына деген қадамдарын шешу тұрғысынан 
қайырлы жолдарын белсендіре түсуде. Еуразиядағы түркі мемлекеттеріндегі 
құрылып жатқан саяси, экономикалық және мәдени алаңдардағы жаңа 
геосаяси бағыттар осы өңірдегілердің баршасына «
Ашық алаң» 
мүмкіндігін 
беруде. Бұл аталған мемлекеттің барша әлем елдерімен даналық қарым-
қатынастарының мүмкіндіктерін ашып, оң нәтижелерге, материалдық игіліктер 
мен жақсы басымдықтарды еселеуге әлеуеттер ашып және өзара сенімділік 
пен иланушылықты орнықтыруда. Әрине, әзірге бұл басымдықтардың іске 
асуына кедергі жасайтын күштер баршылық. Мысалға Ресей мен Арменияның 
басқыншылық пиғылдардағы шамшылдықтары аталған жарқын істерді жүзеге 
асыруға кедергілер жасауға немесе оны өзгертуге бағытталуда. Бұл іс жүзінде 
«
Түркілік келісім
» мұраттарын жүзеге асырмауға бағытталған нағыз қатер 
болғанымен, тарихтың толқындары түркі әлемінің бірігуіне қатысты күштердің 
тоқтаусыз өрістеп,бөгелмесін алға тартып, заманның ақиқатын көрсетуде.


IV ТАРАУ 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САЯСАТ ПЕН 
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА ОДАҚТАР 
ҚҰРУДЫҢ МАҢЫЗДАРЫ



173
13. БҮКІЛӘЛЕМДІК ИНТЕГРАЦИЯ: 
БАСЫМДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА БАҒАЛАУ
Бүгінгі замандағы ғаламдасу мен әлемдік тарихтың даму үрдістеріне назар 
салсақ, бұл тарихи жолдардың әр кезеңі қадам басқан сайын халықтар мен 
мемлекеттерді өзара жақындастыра түскенін анық көреміз. Осынау үрдістер 
кенеттен күшейіп, халықтар мен мемлекеттердің өзара байланыстары әбден 
бекіген «


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет