170
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
қатынастар орнатуға болады. Міне, мұндай жағдайда мүдделері бір-біріне
қарсы келетін елдер арасындағы қайшылықтар мен келешекте текетіреске
жол ашатын, әскери блоктарға ұйымдасу секілді келеңсіздіктер азаяды. Осы
себептерге байланысты, дәл қазіргі уақытта Түркиядан Қазақстанға дейінгі
аралықта тіршілік етіп жатқан барша түркі елдері байыпты саяси мәдениет пен
көрегендік қисынында, Еуразияның геосаяси қауіпсіздігін жүзеге асыратын
үрдістің жақтаушылары ретінде танылып келеді. Халықаралық деңгейлерде
көптеген мемлекет қайраткерлері мен ғаламдық саяси сарапшылар тарапынан
оң бағаланып жүрген Түркияның белсенділігі ерекше назар аударады.
(272.815-816беттер. 213.77,128,133-140 с.162: 233, с.144-148:271,с.195-218).
Еуразия кеңістігіндегі жаңа геосаяси ақиқат жағдайындағы Түркияның геосаяси
рөлі өңірлік пәтуәнің қажеттілігіне деген сенімді арттырып, сонымен бірге
Жаңа Түркі мемлекеттері Одағы идеясын жүзеге асырудың тағанын қалайды.
Саймон Фрейзер атындағы Канада университетінің профессоры Грехэм Фуллер
мен Фатех түрік университетінің профессоры Бюлент Араз осы тақырыпқа
арналған өздерінің арнайы зерттеулерінде Түркияның Еуразияның геосаяси
ахуалындағы белсенділігінің артуын бүгінгі ең заманауи халықаралық саясаттың
қажеттілігімен байланыстырып,осынау өсе түскен бұл белсенділік өңірдегі барша
елдерде де өрістей түседі деген пікірге келеді (235:203). Түркия мемлекетінің
бұл реттегі тұжырымдама түріндегі өзіндік ресми ұстанымы Түркияның
сыртқы істер министрі Ахмет Давутоглының «Стратегия болмысы: Түркияның
халықаралық қауымдастықтағы орны» деген еңбегінде көрсетілген.Түркияның
басты мақсаты – өз көршілерімен ынтымақтастығын одан әрі де жақсартып,
көршілерінің де өзара қарым-қатынастарын
Достарыңызбен бөлісу: