Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет117/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   169
Байланысты:
Ж.Фейзиев.-ТҮРКІ-МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ-ОДАҒЫ

 
мәлімдеуге мәжбүр болды.
 
Осыған қарамастан, 
Иран Әзербайжан Республикасына қатысты ұстамсыздық пен Әзербайжан 
республикасына қоқан-лоққы көрсетушілік пиғылынан танбай отыр. Кейде ол 
біздің елімізге жерге қатысты талаптар қоюдан да бас тартпай отыр. Мұндай 
жағдайда Әзербайжанның халықаралық саясаттағы тұжырымдары Иранға 
қарағанда анағұрлым табиғи әрі мүмкін нұсқа болып табылады. Америкалық 
стратег Эбигнев Бзежинский Әзербайжан Республикасының халықаралық 
және экономикалық маңызына тоқталып, оған назар аудара отырып, оны АҚШ 
тарапынан ең қуатты геосаяси қолдауға лайықты мемлекет деп атайды және 
оның өңірлік саясаттағы, экономикадағы, мәдениет пен технологиядағы және 
демократиядағы геосаяси орталық ретінде қайталанбас орнына жоғары баға 
береді. З. Бзежинский Иран-Түркия-Әзербайжан үштігіндегі ұлттық-өңірлік 
көкейкесті жайларды шешудің маңызды болашағына қатысты жайттарды да 
былай деп қозғайды: «Егер Әзербайжан тұрақты саяси және экономикалық 
дамудың орнықты жолына шықса, Ұлы Әзербайжанды құру идеясы 
күшейе түсетін болады». Сөйтіп, Әзербайжанның әлемдік қауымдастықпен 
ынтымақтасуының үрдістерін қамтамасыз ету оның ұлттық- тарихи мүдделері 
мен ықпалына лайықты табиғи жағдайда сабақтасатын болады. Батыстың 
ықыласы Иранға өзгере бастаған мына заманда біздер Тәуелсіз Әзербайжан
мен Оңтүстік Әзербайжанның ұлттық мүдделерін қорғай білуіміз керек. 
Ядролық бағдарламасы мен өзге де өңірлік проблемаларын шеше алмай отырған 
Иранға санкциялар қолданып отырған Батыстың әрекеттерінде бізге қолайлы 
тұстар баршылық. 
Дегенмен, бұл саясаттар әзірге бұлыңғырлау. АҚШ-тың ғаламдық деңгейдегі 
саясаткері Генри Киссенджердің ойлары болса, бізге Еуропаның өзгерістері 
аясындағы Иранның орнын аңғаруға мүмкіндік берері сөзсіз. Ол: «Иран - 
Американың Ресей мен Қытай табытына қаққан соңғы шегесі болады..» – деп 
жазады

Америка Құрама Шаттарының ықпалды бір басылымы болса, бұл 
өзгерісті жүзеге асыруды «Әлемнің жаңа картасы » халықаралық қауымдасты- 
ғына тапсыруды ұсынады. Бұл картадағы өзгерістерде Әзербайжан да бар. Онда 
Иранның қазіргі режимі құлаған кезде Иран Әзербайжанының тәуелсіздік алып, 
Оңтүстік пен Солтүстік Әзербайжанның қосылмай қоймайтыны көрсетілген. 
Бұл үрдіс пен Таулы Қарабақты қайтаруға Әзербайжанға аса ықпалды өңірлік 
мемлекет Түркия көмектесуі мүмкін... Өткен жылдың 12 қыркүйегінде 
конгрессмен Дана Рорабахер АҚШ-тың Өкілдер палатасына «Иранда тұратын 
әзербайжандардың өз тағдырларын өздері шешулеріне қатысты құқықтарын 
мойындау туралы резолюциясын» ұсынды. 


200


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет