195
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
Иранда осы мүмкіндіктердің өзі болмаған еді. Монархиялық Иранда парсы
режимі күні бүгінге дейін оңтүстіктегі әзерилерге туған тілдерінде оқытатын
бірде-бір мектеп ашқан жоқ. Солтүстік Әзербайжанның – КСРО-да, Оңтүстіктің
– Иранда қысымға ұшырағанына қармастан, таразының екі жағында тұратын
әзерилер әлі де бір-біріне ұмтылумен, қосылуға ынталанып келеді.
Кеңес
Одағының Иранға қатысты саясатында оңтүстік Әзербайжанды кеңестендіру
белсенді түрде өрістеді. Оңтүстік Әзербайжанның әр уақытта да Ираннан
бөлініп, тәуелсіздік алып, солтүстікке қосылуды армандаған демократтары
жаңа тарихи ахуалды пайлануға күш салды.
Олар Саттархан мен шейх Мұхаммед Хиябанидің дәстүрлеріне беріктік
танытып,
Тудэ партиясын, одан соң Әзербайжан Халықтық Партиясын
құрды. Осының нәтижесінде КСРО-ның қолдауына ие болған ұлттық-
демократиялық күштер осыдан кейінгі революциялық қозғалыстарға қатысты.
Иран Әзербайжанының астанасы – Тебризде Сейид Джафар Пишеваридің
жетекшілігімен Әзербайжан Ұлттық Үкіметі құрылды (1945-1956 ж.ж.). Бұдан
соң Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде ұлттық тілде сабақтар беру
туралы жариялап,
Иран Мәжілісіне, АҚШ-қа, Ұлыбритания мен Францияға,
Қытайға мәлімдеме жасады (302.с.140-144).
Сөйтіп, Әзербайжан Ұлттық Үкіметі мектептерде сабақтардың ұлттық
тілде жүрулеріне мүмкіндіктер ашты. Жұмысшылар үшін еңбек жөнінде заң
қабылданды. Әйелдерге ерлермен теңесетін құқықтар берілді. Жер реформасы
жүргізілді. Елді көріктендіру мен сәулеттендірудің бұрын-соңды болмаған
жұмыстары жүре бастады. Оңтүстік Әзербайжандағы бұл демократиялық
реформаларды дұшпандардың өздері де мойындады. Ол
жылдары Батыстың
реакцияшыл баспасөздері Пишеваридің жетекшілігімен Ұлттық Үкіметтің
жарты ғасырлық жұмыстарды жыл ішінде ғана орындағанын жазып жатты.
Дегенмен, Оңтүстік Әзербайжандағы осынау демократиялық реформалар
тек Иран реакционерлерін ғана емес, Иран байлықтарын пайдаланып отырған
Ұлыбритания мен АҚШ-ты да шошытып, олар өзара бірігіп, Әзербайжан
Ұлттық Үкіметін қанға бөктірді. Сөйтіп, бұл елдегі 15 мың әзери Кеңестік
Әзербайжанға қашуға мәжбүр болысты. Оңтүстік Әзербайжанның ұлт-азаттық
қозғалысын қатаң жазалау АҚШ пен Еуропа мемлекеттерінің және шығыстық
Ислам елдерінің, әсіресе Иранның империалистік саясаттарының салдарынан
туды. Олар Батыстық және мұнайлы Иранды бөлуге еш уақытта да жол бермес
еді. Олар Оңтүстік Әзербайжанда автономды мемлекет құрудың аяғы Кеңестік
Әзербайжанмен табиғи түрде қосылуға әкелетінін білді. Алғашқыда Кеңестер
Одағы мен оның лидері Сталин 1945-1946
жылдарда Әзербайжандағы ұлт-
азаттық қозғалысын қорғады да, артынан бұл саясатын өзгертті. Кеңестер Одағы
екінші Дүниежүзілік соғыстағы негізгі одақтастары – АҚШ пен Англияның
дегеніне көнді. Тегеран режимі қарсы болса да, Кеңестер Одағы Иран мен
Әзербайжанды емес, Шығыс Еуропаны таңдады (230.188б).