197
Біртұтас түркі әлеміндегі оның құрамдас бөлігі бірегей Әзербайжан...
жағынан Албания және Аранмен байланысты еместігін дәлелдеген-мыс. Оның
айтуынша, солтүстік Аразды әзербайжандық деп Осман жаулап алушылары
атапты. Большевиктер болса, осы дәстүрді жалғастырған. Әзербайжандағы
қазіргі тіл олардың ана тілдері емес. Әзербайжан болса ықылым замандардан
бері Иран мен оның ұлттық қозғалысының (әзербайжан мәселесі, яғни Оңтүстік
Әзербайжан мен Солтүстік Әзербайжанның тәуелсіздіктері) бөлінбес бөлшегі
болған. Қалғандарының баршасы империализмнің әзәзіл сандырағы деп жазады
әлгі ғалымсымақ. Бұл тұста егер туған тілді
бұл ғалым айтқандай оп-оңай
ауыстыру мүмкін болса, Иранның түркі-әзербайжандары неге 200 жыл бойына
халқы тек парсы тілінде ғана сөйлейтін Иранда, бұл елде өз ана тілдерінде
бірде-бір мектеп болмаса да, туған тілдерін ұмытпаған екен.
Дегенмен де, империалистік пиғылдың салдарынан Әзербайжан екіге
бөлінген деген ой кеңес жүйесіне жақты. Бұл мәселеге қатысты нағыз ақиқат та
бүгіндегі Әзербайжан Республикасының егеменді ел ретінде тарих аренасына
қайта оралуымен ашылып отыр. Солтүстік Әзербайжанда тәуелсіз Әзербайжан
мемлекетінің туының желбіреп тұруы оңтүстіктегі әзерилерді де тәуелсіздікке
қанаттандыруда. Бүгінде оңтүстік Әзербайжандағы ұлт-азаттық қозғалысының
толқындары шекара бағанын бұрынғыдан да күштірек соғуда.
Бұл қозғалыс
барған сайын Иранда ұйымдық жағынан беки түсіп, азаттықты қолдаушы
демократиялық мемлекеттердің күшімен әзерилер мен түріктердің бірлесуі
жолындағы қызметтерін ықпалды ете түсуде. Осынау ұйымдардың арасында
жетекші ретінде Оңтүстік Әзербайжанның оянуының Ұлттық қозғалысы
ерекше көзге түсуде. Оны 1995 жылы профессор Махмудали Чехраганлы
мен оның мұраттас серіктері астыртын құрған болатын.
Бұл ұйым да ауыр
күндерді басынан кешіріп, тұтқындау мен қудалауды көп көрсе де, Оңтүстік
Әзербайжанның азаттығы жолындағы қозғалыстың іргетасы мен оңтүстіктегі
түркі идеясының тарауына керекті тағанды қалай алды. Махмудали Чехарганлы
бүгінде бұқаралық акциялар мен қарсылықтарға және ағартушылық
қозғалыстарына басшылық жасауда.
Иранның ұлттың құқықтарына қатыстының баршасына төзімсіздігін
еске ала келе, осы елдің өз ішінде бұл қозғалыс Оңтүстік Әзербайжанның
Ұлттық қозғалысы деп аталады. Десек те, бұл ұйым Ирандағы миллиондаған
тілектестерімен жақтаушылары бар және өз төңірегіне түркілік жаңғыру мен
өркендеудің идеяларына арқа сүйеген жүздеген ғылыми-әдеби, ұлттық-мәдени,
қоғамдық-саяси ұйымдарды біріктіріп отырған үлкен демократиялық және ірі
қоғамдық-саяси ұйым саналады. Оның ондаған белсенді мүшелері
Тегеран
режимінің құрбанына айналды, ал жүздеген мүшелері мен жақтастары қазір
Иран түрмелерінде отыр. Қозғалыстың орталық штабы Оңтүстік Әзербайжанда
орналасқан және ел аймақтарында комитеттері мен бөлімшелері жұмыс істеуде.
2002 жылдан бастап аталмыш қозғалыстың шетелдік өкілдіктері де ашылды.
Бүгінде оның 24 өкілдігі шетелдерде қызметтерін жасауда. Ондай өкілдіктер