Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет119/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   169
16. ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ОДАҒЫ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
САЯСАТТЫҢ КӨШБАСШЫСЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ 
ҚҰҚЫҚТЫҢ НЫСАНЫ
Үшінші мыңжылдықтың басындағы әлемдік саяси үрдістердегі оң 
заңдылықтар әлем елдерінің тұрақты түрде және біртіндеп империалистік 
өзекке бірігуден батыл түрде бас тарта бастауына жол ашты. Әрине, таптаурын 
болған әбден әлемдік империализм өзінің отаршылдық ғадетінен түрлі 
амалдарымен бас тартпауға күш салуда десек те, өзің бастарта бастағанды сақтап 
қалу – қиынның қиыны. Әлемдегі либералды-демократиялық құндылықтар 
саяси мінез-құлықтарды қалыптастыратын күш ретінде әлеуеттерін арттыра 
бастағанда бұлай жасау оңайға соқпауда. Ендігі ретте әлемді көнерген 
тәсілдермен басқарудың соңы аяқталуға жақын.Үшінші мыңжылдықтың 
халықаралық саясат пен халықаралық құқық үшін жетекші үрдісіне өңірлік 
және ғаламдық деңгейлердегі әлем елдерінің ынтымақтасуы
 з
орлап қосу емес. 
Саяси қажеттілік
 
жатуы керек.
 
Біздің пікірімізше. 
Елдердің өздері жүздеген жылдар тәуелді болған бодандық қамытынан 
шығуы осынау туралау нүктесінен басталады. Ал әзірге әлемді саяси саналылық 
пен саяси ойлау тұрғысынан алғанда көнерген тәсілдермен басқару замануи 
қазіргі дәуірдегі күштілер әлсіздерді бағындырған кездерде атам заманғы тәсіл 
ретінде бағаланады. Бұндай уақытта әлсіздер дами алмайды. Ал нашар дамыған 
субьект қай уақытта да қауіп-қатерлердің көзі болады. Замануи дәуірде күштілер 
мен әлсіздердің арасындағы шыңырау тереңдей түскен жағдайда бұл қауіптер 
онан сайын шиеленісе түсуде. Сондықтан ғаламдық лаңкестік өз қаруын екі 
нүктеден көтеруде; олар: мемлекеттік лаңкестік пен патриархалды лаңкестік: 
егер әлемдік империализм ғаламдық лаңкестікті тудырушы болса, ол жаппай 
қырып-жоятын аса қатерлі қаруды қолдануы мүмкін. Онда, аталған қауіптерді 
тудыратын себептерден арылуға тура келеді. Бұл құтылу күштілердің әлсіздерге 
өз дегенін жүргізетін имперализм үстемдікті тудырып, үстемдігінен арылуға 
бағытталады. Имперализм үстемдікті тудырып, ол қауіпті еселейді. Соңғы 
жүз жылдықта имперализмге қарсы тұрар ең әлеуетті күш ұлттық қарсылық 
күштерінің қозғалыстары /ұлтшылдық/ болып отыр. Тап осы қозғалыстар әлем 
картасында жаңа мемлекеттердің пайда болуына игі ықпалын жасады. 
Дегенмен, үшінші мыңжылдықтың басында империализмнің ұлттық 
күштермен күресі, яғни ұлттың өзін-өзі сақтап қалуы санасынан туған 
идеологиямен күресі жаңа кезеңге, тәуелсіздік алған түркі мемлекеттері 
ғаламдық үстемдіктің саясатымен емес, халықаралық саясаттың алғы шебіне 
өз саясаттарын шығаруға талпынуда. Тап осы үрдістер ғаламдық үстемдік 
пиғылдың кеудемсоқтығын басып, халықаралық-құқықтық үлгідегі қарым-


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет