205
Түркі мемлекеттерінің одағы – халықаралық саясаттың көшбасшысы және ...
саясат пен халықаралық құқықтардың заңдары керек. Соңғы жүзжылдықтағы
халықаралық қатынастарды халықаралық заңдылықтармен және ұлттық
заңдармен сәйкестендіре реттеу мемлекеттераралық заңдардың дамуындағы
адамзаттың табысы саналады /237.с.124-144/. Халықаралық саясаттың өзі де
осынау үрдістерді туындатушы саналады. Сондықтан бүгінде халықаралық
саясат халықаралық қатынастар және мемлекеттераралық байланыстарды
орнату мен дамытудың «ғаламдық жауапкершілігін» өзіне алуда. Бұл
қарым-қатынастар өз дамуының табиғи қажеттілігі жағынан ықпалдастық
пен одақтастықтың белгілі бір деңгейдегі ұймдастырушылық үлгілерін
қалыптастыруда. Мемлекеттераралық халықаралық құқықтың ең басты
ұстанымы барлық жағдайларда да «мемлекеттердің егемендігі мен теңдіктерін»
қорғау болып табылады/212.с.289-298/. Олардың одақ құрудағы қызметтері осы
қағидаттарға арқа сүйейді.
Сондықтан екі тарапты және көп тарапты келісімдер негізінде мемлекеттер
арасындағы одақтар ешуақытта да егемендік пен теңдікке қатысты құқықтарға
нұқсан келтірмейді. Осынау құқықтардың тағанында құрылған одақтар,
керісінше, әр мемлекеттің мүмкіндіктерін оңтайландыра түседі.
Өзінің негізгі ұстанымдарына халықаралық
құқықтардың жоғарғы
заңдылықтарын енгізген Біріккен Ұлттар Ұйымы өз Жарғысының бірінші
бабында «Біріккен Ұлттар Ұйымы», теңдік пен өз тағдырын өзі шешу
ұстанымдарын негізге ала отыра, ұлттардың өзара достық қарым-қатынастарын
дамыта беруді мақсат етеді және жалпыға ортақ бейбітшілікті бекіте түсуге
қатысты шаралар қолданады» – деп атап көрсеткен /207, с.3/. Сондықтан
ықпалдастықтар мен халықаралық қатынастарды қолдайтын БҰҰ өз Жарғысына
сай халықаралық құқықтардың негізгі ұстанымдары тағанында қызметтерін
жасай беруі керек.
«Саяси және құқықтық одақ құру туралы акт»
тәуелсіз мемлекеттердің
ғаламдық қоғам құрудағы тәжірибесінің бастапқы кезеңі ретінде керек /22-
26.7270-271б./, неге десіңіз, осынау үрдістерде ол еркін қызметтер жасап,
өзгелердің айтуынсыз, өзіне анағұрлым қолайлы жолдарды таңдап ала алады.
Әлемдік экономиканы либерализациялаудың жалғасуы мемлекетерге аса сақ
болуды, саяси және экономикалық қатынастардың себеп-салдарларын дұрыс
тарзылай алуды талап етеді. Егемендіктің ұлттық мүдделері
мен одақтар
құрудың әмбебап ұстанымдарына сай ынтымақтастыққа қол жеткізу өзіне
қатысты терең зерттеулерді қажет етеді. Бүгінгі заманғы халықаралық құқық
мемлекеттер арасындағы тұрақты қарым-қатынастар мен қауіпсіздіктің кепілдігі
күштерді біріктіруге өңірлік және ғаламдық деңгейлерде блоктар емес, сондай-
ақ, одақтастықтың саясатын бірлесе жүргізуге мүмкіндіктер береді. Олардың
институциялық бірлестігі де белгілі бір өңірдегі қауіпсіздік үшін жауаптылықты
мойынына алып, халықаралық құқықтың субьектісіне айналады /265.746-749б,
309. 226-228б/.