Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы


ТҮРКИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН: ӘЛЕМДІК ТҮРКІ



Pdf көрінісі
бет124/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   169
17. ТҮРКИЯ МЕН ӘЗЕРБАЙЖАН: ӘЛЕМДІК ТҮРКІ 
ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТАРТЫЛЫС ОРТАЛЫҒЫ
Бірі-бірінен айырмашылықтары болса да, ұқсас қырлары бар жекелеген 
тарихи уақыттарда ХХ ғасырдың басы мен соңында Түркия мен Әзербайжан 
елдерінің негізін қалаушылар Мұстафа Кемел Ататүрік пен Гейдар Әлиев 
ерекше саяси көрегендікпен түркі әлемін біріктіретін үрдістердідің қажеттілігін 
ерте саяси сезініп, сайып келгенде, оны жүзеге асырудың стратегиясын 
құра алды. Сондықтан Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам 
Әлиев пен Түркия Республикасының басшылары мен түркі тілдес өзге де 
елдердің жетекшілері бүгінгі әлемдік ахуалдардың ақиқи жағдайында аталған 
стратегияны іске асыруға үлестерін қосуда. Әзербайжан мен түркі дүниесінің 
көшбасшысы Гейдар Алиевтің ұлы қызметтерінің арқасында осынау идеяның 
іске асырылуы жаңа уақытта да ықтиятпен қолға алынуда. Сондықтан ендігі 
мерзімде Түркия мен Әзербайжан арасындағы туыстық байланыстар дамып 
келе жатқан түркі әлемінің тартылыс орталығына айналуда. Мұстафа Кемел 
Ататүрік жоғары саяси көрегендікпен әлемдегі жаңғыру үрдістеріне орай түркі 
дүниесінің өзді-өзін тануы мен қазіргі тұғырларын бекіте түсуі керектігін айтқан 
болатын. Ол: «Түркі ұлты сен батырлық пен ерлік тұрғысында адамзаттың 
бір бөлігі ғана емессің, сен өркениет пен рухани дүниесінің де ажырмас 
бөлшегісің! Сен құрған өркениет жайындағы мақтаныш сезімдері тарихта 
молынан айтылады. Десек те, сенің табиғатыңа қарсылыққа бағытталған саяси 
және қоғамдық факторлар бірнеше ғасырдан бері жолыңа бөгесін болып, сенің 
рухыңда ондаған жылдардан бері асыл мұра болып, лаулап тұрған мәдени және 
идеялық құндылықтардың жасампаздыққа қарай одан әрі қадамдар жасауын 
бөгеттер қоюда. Мыңдаған жылдардың қасиетті жүгін арқалаған тарих саған 
өркениеттегі лайықты орныңды саусағымен нұқып көрсетуде. Сен сол орныңа 
барып, өсіп, өркенде де, даму жолына түс. Бұл сенің ұлы құқығың және сонымен 
бірге талассыз асыл парызың да...» (164.74б/.
Ататүріктің пайымынша, ұлылыққа өрілген өткен шақтың өркениетті 
құндылықтарын түріктер көрсете алады және өткен мен болашақтың арнасында 
құрылып жатқан өркениетте өз ұлылығының бар болмын таныта алар еді. 
Сонда барлық жұрттар мен өркениетті әлем ұлы ұлттың түркілер екенін 
мойындар еді. Мен қысқа ғана уақытта қайтадан түркі ұлтының ұлы халық 
екенін мойындап, әлемдегі жаңа күн секілді нұрын шашқан ұлы түркі жұртына 
таңдана қарар еді-дейді Ататүрік /97.т.11.с.272/. Әлемдегі түркі мемлекеттері 
үшінші мыңжылдыққа бірегей саяси және мәдени стратегиямен қимылдау 
қажеттігімен кірігіп, осынау үрдістерді табыспен және батылдықпен іске 


211
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
асыруда. Өткен мыңжылдықтың кеткен соңғы ғасырында адамзаттың жаңа 
тарихындағы осынау халықаралық саясаттың аясындағы бұл қажеттілік туралы 
алғаш пікір айтқан Мұстафа Кемел Ататүрік болғанын әлгінде атап өттік». 
«Біз Кеңестер Одағымен достасып және ықпалдастып өмір сүрудеміз. Десек 
те, ол елде біздің тілі мен ділі, діні бір қандас бауырларымыз тұрып жатқанын 
естен шығармауымыз керек. Кеңестер Одағы алып империя. Сондықтан кез 
келген империя сияқты ол да құлайды. Біздер болашақта өз бауырларымызға 
көмектесуге дайын болуымыз керек...».
 
ХХ ғасырдың соңғы жүзжылдығы Ататүріктің осынау көрегендігін ақиқатқа 
айналдырды. Бүгінде саяси билік пен қоғамдық-адамгершілік деңгейлерінде 
түркі дүниесі бірлігіндегі туысқандық және бірегей саяси және мәдени 
тамырларға ие түркі ұлттық мемлекеттерінің түркі әлемінің тұтастығына шақыру 
идеясы белсене түсуде. Түркі әлемінің бірлігінің, түрік ұлттық мемлекеттерінің 
бірегей саяси және мәдени стратегиямен қызметтер атқару стратегиясы 
Әзербайжанда, Түркияда және өзге де бауырлас түркі елдерінде саяси билік пен 
қоғамдық-адамгершілік деңгейлерде белсене түсуде. Тәуелсіз мемлекеттілік 
тәжірибелері бар Әзербайжан мен Түркия әлемдік түркизмнің отаны ретінде ең 
қиын уақыттардың өзінде осынау түркі ынтымағы идеясын сақтап, дамытып, 
осынау тұжырымға берік таған қалауда. Бұл саясат Әзербайжан мен Түркияда 
әлемдік ақиқаттарға негізделіп, аса қуатты тағанға орнығып, тамырын тереңге 
жая түсуе. Бүгінде Әзербайжан мен Түркия осынау өмірлік маңызы бар мәселеде 
бірауыздылық танытуда. Сондықтан аталған елдердегі көптеген экономикалық, 
саяси және мәдени жобалар екі мемлекеттің бірлескен күштерінің арқасында 
жүзеге асуда. Жалпы алғанда, түркі әлемінің бүтіндігі мен оның әлем 
кеңістігіндегі геосаси алаңы және осынау жерлердегі болып жатқан үрдістерге 
бірлесе қимылдар көретуіне жол ашуда. Егер Түркия мен Әзербайжанды өзге 
де бауырлас түркі республикалары қолдаса, түркі мемлекеттерінің ынтымағын 
әлем таныр еді. Профессор, доктор Мұстафа Эркелдің пайымынша, түркі 
әлемінің мәдени мұралары бұл ретте оның анағұрлым әлеуетті тұғырдағы жаңа 
бірлігінің ең басты кепілі болады /105.с.18-26/. Бұл үрдісте Әзербайжан түркі 
әлеміне анағұрлым саяси жуықтайтын тірек болады. Еуразиядағы суперэтнос 
ретіндегі түріктердің тарихи дамуына қатысты геоөркениетті қарым-қатынастар 
тұрғысынан қарағанда, Әзербайжанның осынау ғаламдық маңызы зор мәртебені 
жеңіп алуы үшін елімізде бастапқы және барша қажетті шарттар жасалып отыр.
Әзербайжан-Түркия секілді Азия мен Еуропаны Орталық Азиядағы түркі 
елдерімен ынтымақтастыратын ең үлкен түркі мемлекеті. Ол бұл жағдайында 
геожағрапиялық, экономикалық, геоөркениеттік тұрғыдан қарағанда да Каспий-
Кавказ аймақтарының тұтастығын сақтауға да үлесін қосуда. Әзербайжанның 
жалпыұлттық Көшбасшысы Гейдар Әлиев тәуелсіздік кезеңінде бұл идеяны 
ақиқатқа айналдырып, іргетасы ХХ ғасырда қаланған мақсатқа түркі әлемінің 
көшбасшысы ретінде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақстастығын құру 


212


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет