Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет126/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   169
V ТАРАУ 
Мызғымас тұғыр негізінде
бірлескен өркениетінің ортақ стратегиясын құрып берді. Бұл стратегия барша 
түркі мемлекеттері үшін де, әсіресе бүгінгі заманғы түркі үшін де аса үлкен 
маңызға ие. Түркиядағы Ататүрік құрып берген және Әзербайжандағы Гейдар 
Әлиев жасаған Ұлттық Идеологияның өркениетті мақсаттары болашақта 
осынау түркі мемлекеттерінің және барша түркі елдерінің ынтымақтаса 
түсуіне даңғыл жолдар аша беретін болады. Ататүрік пен Гейдар Әлиев Түркия 
мен Әзербайжанды біріктіріп тұрған мызғымас көпірдің болат діңгектері! 
«Бір ұлт, екі мемлекет» иедясын жүзеге асыруға деген сенім тұрғысындағы 
мұраттар уақыт өткен сайын батыл жүзеге асырылуда. Әзербайжан мен 
Түркия ықпалдастығының жаңа кезеңі де осы тұғырдан күш алады. Осынау 
мұраттардағы аталған жұмыстарда әлем елдерінің жаңа буынымен /оның 
ішінде соңғы онжылдықтарда тәуелсіздік алған жаңа замандағы түркі елдері де 
бар / байланыстардың жаңа үлгісі керек. Ұлттық Әзербайжан мен Түркияның 
мемлекеттері мен оның мәдениеттерін құрудағы Гейдар Әлиевтің және Мұстафа 
Кемел Ататүріктің саяси тәжірибелері жаңа одақты құрудағы істерде аса қажет. 
Осынау екі кемеңгердің түркизм мен әзербайжанизм аталатын идеология- 
лық жасампаз тәжірибелерінің өзін ақтағанын бауырлас ел Әзербайжанның 
өмірінен көруге болады. Гейдар Әлиевтің осынау мақсатты саясатын 
Әзербайжанда елдегі саясат пен мәдениеттің қайраткерлерімен бірлесе отырып, 
Әзербайжан Республикасының қазіргі Президенті Илхам Әлиев жалғастырып, 
жемісті дамытып келе жатқаны әбден заңды екенін атап өткеніміз жөн. 
Президенттің Әзербайжанды басқарған алғашқы жылдарындағы алғашқы 
қадамдары, оның Қазақстанға, Өзбекстанға және Түркияға ресми сапарлары, 
Гейдар Әлиоғлының саяси бағыттарына сай келетін қабылдаған шешімдері 
осы мемлекеттермен және өзге де түркі тілдес елдермен ынтымақтастықтың 
жаңа кезеңінің басталғанын көрсетті. Мемлекет басшысы Илхам Әлиев өзінің 
әзербайжан-түрік қарым-қатынастарының даму бағыттары стратегиясына 
қатысты бағдарламалық кей сөздерінде, осы заманғы түркі мемлекетерінің өзара 
байланыстарының жүйелерін жетілдірудегі Кемел Ататүріктің тарихи еңбекте- 
рін атап өтеді. Ол өз еңбектерінде түркі мемлекеттерінің ұлттық стратегиясы- 
ның нендей идеологиялық деңгейлерде бір-біріне сәйкес келетінін және оның 
жалпы түркілік саяси ойлау үрдістері тұжырымдамасында қалай түйінделгеніне 
ой жүгіртеді. Ол өз еңбегінде: «Мұстафа Кемел Ататүрік ұлы мемлекет және
саяси қайраткер. Оның ең үлкен еңбегі - Түрік Республикасын құру. Бүгінгі 
заманғы Түркия расында да Мұстафа Кемел Ататүріктің перзенті, Түркия әлем- 
де үлкен саяси салмағы бар ел. Түркия әлемдік қауымдастықта өте маңызды 
орынды иеленген. Әзербайжан тәуелсіздік алғаннан кейін оны Түркияның бірінші 
болып мойындауы да тегін емес еді. Сонымен, Түркия мен Әзербайжанның 
арасындағы байланыстар мен қарым-қатынастар күн өткен сайын нығайа түсуде. 
Бұл ынтымақтастықтардың осылайша нығая түсуінде Гейдар Әлиевтің үлесі 
өте үлкен. Оның соңғы он жылдағы Түркия мен Әзербайжан елдері арасындағы 


215
Түркия мен Әзербайжан: әлемдік түркі қауымдастығының тартылыс орталығы
ынтымақтастықты тереңдете түсудегі қызметтері еңбектерінің арқасында екі 
елдің ынтымақтастығы ерекше күшейіп, ол халықаралық қатынастарда өзгелерге 
өнеге бола алады. Екі ел де осынау саясатқа адал болуда. Біздер Әзербайжанның 
жаңа басшылығы қай бағыттарда болмасын Гейдар Алиевтің салып берген 
жолымен келе жатырмыз. Түрік-әзербайжан қатынастарына қатысты дамытуға 
бағытталған істерде де сол саясатқа адалмыз» – деп атап көрсетті /36.295-297б/. 
Әзербайжан Республикасының Президенті Илхам Әлиев Американың түркі 
Ассоциациясының ХІV сьезіне жолдаған «ХХ1 ғасырдағы түрік-әзербайжан 
байланыстары» атты хатында және өзге де шараларда Ататүріктің ұлы саяси 
көрегендігін жоғары бағалап, ғаламшарымыздағы дамудың келешегіндегі 
түркі әлемінің алар орнының шарттары мен жағдайлары, ортақ құндылықтар 
мен үлгілі мәдениет, белсенді саяси стратегия сөз етілді. Илхам Әлиев түркі 
әлемінің бірлігі идеясын жүзеге асыру үшін оны бірегей және бөлінбес ақиқи 
күшке айналдыру керектігін атап өтті.
Барлық салалардағы түрік-әзербайжан қарым-қатнастарының дами беруі 
маңызды әрі шешуші бола береді. Мұстафа Кемел Ататүрік тек Түркияны 
ғана ойлап қойған жоқ, ол барша түркі әлемінің қамын жеді. Оның ішінде 
Әзербайжанда болып жатқан оқиғалар қай кездерде оны толғандыратын. 
Оның елімізбен барша бауырлас әзербайжандарға деген махаббаты мен 
құрметі ерекше еді. Елдеріміздің арасында табысты ықпалдастықтар, барлық 
салалардағы қарым-қатынастар бар. Біздің саяси, экономикалық, әскери және 
мәдени байланыстарымыз дами түсуде. Бұл бізді қуантады. Бүгінде Түркия 
мен Әзербайжан әлемдегі ең үлкен Баку-Тбилиси-Джейхан жобасын жүзеге 
асыруда. Бұл жоба біздерді бұрынғыдан да жақындата түсуде. Жоба өңірлік 
ынтымақтастыққа тамаша мүмкіндіктер ашатын болады. 
Жалпы алғанда, болашақта да өңірдегі барша үрдістерге оң ықпалын тигізеді. 
Біздің күшіміз – бірлікте. Тәуелсіздік алғаннан кейін Әзербайжан Түркияның 
қолдауын үнемі сезіне бастады. Бұл тұрғыда біздер жалпыұлттық көшбасшымыз 
Гейдар Әлиевтің «біздер бір ұлт, екі мемлекетпіз» деген сөздерін әрқашанда 
жадымызда ұстаймыз. Көшбасшымыз: «Түркия қайда болса, Әзербайжан да 
сонда болуы керек. Алда да осылай боларына сенемін» деген болатын. /36.т.3.396-
297б/. Бұның дәлелі үшін Әзербайжан мен Түркияның екі елдің одақтастығын 
түркі мемлекеттері үшін және өңірдегі елдерге ынтымақтастық үшін де өнегеге 
айналдыру жолындағы жасап жатқан жемісті қызметтерін айтсақ та жеткілікті. 
Осының баршасынан көшбасшымыздың жоғарыдағы ойларының айқын 
келешекке арналып, түркі әлемінің бірігуі үрдістеріне идеялық демеу болып 
отырғанын аңғарамыз. Биік деңгейдегі Әзербайжан-Түркия ықпалдастығы 
Кеңесінің шеңберінде өткізіліп жатқан шаралар мен жұмыстар тарихи маңызға 
ие және екі туысқан елдер арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, тарихи 
маңызын арттыра түсуде. Аталған кеңестің бірінші отырысы Түркияда өтсе, 
екіншісі 2012 жылы Әзербайжанда болды. Соңғы шаралар мен одан кейінгілері 


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет