Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет123/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   169
IV ТАРАУ
Халықаралық саясат пен халықаралық құқықта одақтар құрудың маңыздары
көп жақты дамуының қажеттілігі, тиісті өңірлік және ғаламдық жауапкершілік- 
тер мен міндеттерді әділ бөлісу, одақтық деңгейдегі тұрақты бейбітшілік пен өзара 
ықпалдастықты құру, жоғарғы кепілдік жағдайында олардың қауіпсіздіктерін 
бірлесе шешу, оларды бірегей саяси жүйеде нығайтудың шараларын жасауға 
жұмылдыру күн тәртібінен әсте түспеуі керек. Осыған дейін кезең-кезеңмен 
өткізілген түркі мемлекеттері одағының идеясын дамытуға қатысты шаралар 
түркі әлемінің ынтымағының нығая түсуіне қызмет етті. 
Әсіресе, Президент Илхам Әлиевтің бүгінгі заманғы әлемдік саясат пен 
көкейкесті мәселелер аясындағы түркі дүниесін халықаралық қауымдастықпен 
байланыстыратын көптеген маңызды жайларды түсінуге көмектесетін 
сөздері мен мәлімдемелерін ерекше атап өткеніміз абзал. Мемлекет Басшысы 
бүгіндегі әлемдік экономиканың Еуразидағы түркі мемлекеттерінің аса бай 
энергоқорларына мұқтаж екенін атап көрсетеді. Әзербайжан бүгінде Еуропаның 
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге белсене қатысуда. Қазақстан да 
бұл үрдістерге қатысуда. Ендігі ретте Түрікменстанды да қолға алынып жатқан 
жобаларға тарту күн тәртібінде тұр. Осынау үш елдің энергиясын, яғни мұнай-
газ қорларын біріктіру арқылы Әзербайжан өзінің де ғаламдық нарықтағы
үлес көлемін арттыру арқылы көптеген үрдістерге ықпал ете алады. Президент 
Илхам Әлиевтің пікірінше, түркі мемлекеттерінің экономикалық әлеуеттерін 
осылайша біріктіру осы елдердің саяси мүмкіндіктерін де біріктіруге қол 
жеткізеді.Түркі өңіріндегі мемлекеттердің экономикалық қуаттарын осылайша 
біріктіру бұл мемлекеттердің халықаралық аренада күштердің бірегей 
орталығына айналуына да жол ашады. «Түркі әлемінің бірлігі-тарихи қажетті- 
лік» байламы Әзербайжан және әлемдегі түрік диаспоралары басшыларының 
І-ші форумында қабылданған Баку Декларациясының негізгі идеясында 
бекітілген осынау құжатта Әзербайжан мен Түркияның ұлттық мүдделерін 
қорғау мен шетелдерде тұратын әзерилер мен түріктердің қоғамдық- саяси 
белсенділіктерін арттыру ісі де өз байламын тапқан /80.265 б./. 
Мұның баршасы түркі дүниесінің бірлігі анық болашаққа ие екенін көрсетеді. 
Түркі өңірі елдерінің өзара ынтымақтасуының әлеуеттері соншалық, олар тіпті 
аса даулы жайлардың өзін де сырттан және өзгелердің араласуынсыз-ақ, бірлесе 
шеше алады. Мысалға, Әзербайжан мен Түрікменстан арасындағы Каспийдегі 
Кяпаз кен орнына қатысты дау-дамайды екі ел Түркияның қатысуымен шешуге 
күш салуда. Жалпы алғанда, түркі мемлекеттері аймағындағы мемлекеттердің 
бірегей энергетикалық саясатының ортақ алаңын құру қажет. Бұл үрдістер 
түркі мемлекеттері арасындағы экономикалық ынтымақтасудың шешуші 
қадамдарының біріне айналса оңды. Түркі өңірі мемлекеттерінің (ТӨМ) Түркі 
мемлекеттері одағына (ТМО) айналуы осы бағыттағы мақсатты және сатылы 
қызметтердің нәтижесінде жүзеге асудың қарсаңында тұр. Түркі Мемлекеттерінің 
Одағы өз қалыптасуының бастапқы кезеңінде тұрса да халықаралық саясат 
пен халықаралық құқықтың көшбасшысы ретінде Еуразиядағы геосаяси және 
өркениеттің жаңғыруын іске асырудың үрдістерін бастай беретін болады.


V ТАРАУ
МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫР 
НЕГІЗІНДЕ


210


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет