Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет17/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   169
«түркі-бодун» 
оғыздардың 
тоғыз тайпасының бірігіп, бірыңғай халық болуы деген мағынаны білдіреді). 
Мемлекеттік жүйе өзінің әлеуметтік-саяси институттарының иерархиялық 
баспалдақтарын құрайды. Оларды қамтамасыз ету мақсатында мемлекет 
пен шаруашылық жүргізудің тетіктерін қалыптастырады. Негізінде мал 
шаруашылығымен айналысатын көктүріктер өздері мекен еткен кеңістіктің 
түрлі аймақтарына біртіндеп отырықшылыққа көше бастайды, тіпті қалалық 
өмір сүру салтына бейімделіп алғандар да болды. Мұнда тау-кен істері жан-
жақты дамығандықтан, темір ұсталық қолөнер саласы кәсіп атаулының басы 
саналды. Негізгі тау-кен қорлары Алтай мен Саян тауларынан табылатын. 
Алтынды өте сапалы шихтада табу, түркілерге оны асқан ептілікпен өңдеуге 
мүмкіндіктер ашты, соның нәтижесінде мұнда, түркілердің қол жеткізген ең 
биік те жетік саласы әскери өнеркәсіп болды (128, 58 бет). 
Түркілерде тек пен тектілікке артықшылық беріле отырғанымен де, Еуропа 
немесе Азияның өзге де көптеген мемлекеттеріндегідей мұнда кемсітушілік 
секілді кеселді сипаттарға орын берілмеді. Соның нәтижесі классикалық 
алалаушылықтар мен касталарға бөлінушілікке алып келмеді. Әйелдер 
ерлермен қатар жүріп-тұрды, олармен тең құқықта өмір сүрді, кейінгі уақыттағы 
исламның кейбір тармақтары талап еткендей өн бойын орап алып, өкшесіне 
дейін бүркемелейтін киім-кешектер киген жоқ. Көктүріктер қоғамында 
әйелдер мен балаларға және қарттарға зорлық-зомбылық жасағандар бола 
қалған жағдайда, ондай адамдар өлім жазасына кесілді. Егер де көктүріктер 
мемлекетінде өмір сүріп жатқан адамдар мен тайпалар үшін «демократиялық 
алаң» болмағанда, егер де олар «қанаушылар мен қаналушылар» болып бөлініп 
жатса, онда мұндай қоғамды мемлекет құруға, ортақ шаруашылық жүргізу ісіне, 
дұшпандармен соғыс жүргізу үшін мыңдаған әскерді жинауды ұйымдастыра 
алу мүмкін болмас еді. Көктүріктер өмір сынынан сүрінбей өте алғандықтан 
осындай әлеуметтік-саяси маңызы күшті құқықтық тетіктерді қолдануға епті 
болды және оны сол өміршең күйінде келер ұрпағының қолына мықтап ұстатып 
кетті. Еуразияның барлық аумағындағы түркі мемлекеттерінің даму үдерісінің 
пайда болуының ең жауапты кезеңі олардың дүниежүзіне жайылып келе жатқан 
ислам дінін қабылдауынан басталды. ІІ мыңжылдықтың қарсаңы мен оның 


37
Түркі мемлекеттігінің генезисі: тарихи және саяси қарым-қатынастардың құбылысы
алғашқы ғасырларында түркі мен ислам өркениеттері үнемі қақтығыста болып 
жүргенімен, соңын ала олар өз еріктерімен бірікті, бұл ендігі жерде әлемдік 
тарихтың нағыз бетбұрыс кезеңіне айналып сала берді. Осы тұста бұған дейін 
көп айтылып та, жазылып та келгенімен, оның түпкілікті түйініне мүмкін әдейі 
немесе бұған жете мән беріп, назар аудармағандық салдарынан болар, әйтеуір 
әлемдік тарихта мынадай үдерістер орын алды. Орталық Азияның мыңжылдық 
тарихында доминанттық рөлге ие болып келген түркілер, Каспийдің 
айналасындағы аумақтарды толық қоршауына алып, Таяу Шығыс пен Кавказға 
дейін келді, сонымен қатар Анадолыға бекініп, Еуразияның геосаяси орталығын 
осы аталған аумаққа көшіріп алды. 
Мейлі қайда болмасын, түркілер табан тіреген жерде әлемдік саясаттың 
«қазыналы қазаны» бұрқ-сарқ қайнап сала беретін. Сондықтан да, 
кезінде 
әлемдік саясаттың тартымды орталығының түркілердің арқасында ғана 
Азиядан Еуропаға қарай жылжығанын 
бүгінгі еуропалықтардың түсініп қана 
қоймай, оны мойындағандары да мақұл.
Түркілер біздің дәуіріміздің жаңа 
мыңжылдығында Шығыстың Жаңа Тарихын бастады. Сол уақыттарда Батыстың 
алдыңғы қатардағы озық ойлы деген оқымыстыларының өздері – мыңжылдықтар 
тоғысындағы шешуші саналған 
осы геосаясаттың 
(


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет