Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет154/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
арқылы Түркия мен Әзербайжанды қайта біріктіру арқылы бір мезетте Түркия- 
ны Орталық Азиямен, Орталық Азияны Еуропамен қосатын боламыз. Бұл 
жоба тек экономикалық қана емес, саяси да жоба. Сондықтан осынау жобалар 
түркі тілдес мемлекеттердің ықпалдастықтарын күшейте түсетін болады. 
Біздерді терең туысқандық тамырларымыз, этникалық тектеріміз бен ортақ 
экономикалық және саяси мүддеделеріміз бен өңірлік ықпалдастықтарымыз 
біріктіріп тұр. Осынау салалардың баршасынан біздер тамаша нәтижелерді 
көріп отырмыз. Мен болашақта да Түркия мен Әзербайжан арасындағы 
туысқандық қатынастың одан әрі күшейіп, алдымызда тұрған қиын міндеттер 
шешімдерін тауып, келешекте біздің мүмкін ықпалдарымыз өңірде де, әлемде 
де күшейе түсеріне сенемін.»/ 12. 323-324 беттер/.
 
Осы ұстанымнан сөз сөйлеген Түркия Президенті Абдолла Гүл де Әзербай- 
жан Президенті Илхам Әлиевтің ойларын сабақтастырып, туысқан рес- 
публикаларды замануи тарихи ақиқат тұсында одақтастыққа қол қойған және
екі ел ынтымақтастығын тұрақты түрде жақындастырып келек жатқан 
мемлекеттер ретінде бағалап, «Түркия мен Әзербайжан арасындағы ынты- 
мақтастықты Әзербайжанның Жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев өз 
уақытында «Біздер бір ұлттан тұратын екі мемлекетпіз» деп, тамаша айтты. 
Бірлігіміз жайында осыдан артық теңеумен айта алмаймыз. Шынында да 
біздер бір ұлттан тұратын екі мемлекетпіз. Қазіргі заманда біздер екі мемлекет 
ретінде өмір сүріп жатсақ та, шындығында солай. Төңірегіміздегі өңірлерде 
айналымызда өзге де мемлекеттер бар, дегемен, біздер олармен де ынтымақтаса 
аламыз. Жеке мемлекет ретінде тіршілік жасап жатсақ та, біздер қарым-
қатынастар орнатып, туысқандық байланыстар орнатып, достыққа қарай батыл 
қадам жасай аламыз. Бұл ықпалдасулар саяси, экономикалық және мәдени 
салаларда сабақтасуы мүмкін /85.с.325б/.
 
Әзербайжанның 
Милли 
Мәжілісінде 
сөйлеген 
сөзінде 
Түрік 
Республикасының Президенті Абдолла Гүл Түркия мен Әзербайжанды 
Еуразиядағы интеграциялық үрдістердің ошағы ретінде атап, «Каспий өңірі 
Батыс пен Шығысты жалғастыратын тарихи Жібек Жолын бүгінгі уақыттағы 
замана ақиқатына айналдыра алатын бірегей жоба деп атап көрсетті. Түркия 
мен Әзербайжан Батыс пен Шығысты біріктіретін өмірлік маңызға ие жобаны 
іске асырушы елдер ретінде еуразиялық саясаттың тағанын қалап отыр


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет