Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет162/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   169
VI 
ТАРАУ
Түркі мемлекеттер одақтастығының стратегиясы
екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа қатысты жобалар бір кездерде тіпті 
ойға да алынбағанын ескерсек, бүгінгі ынтымақтастық пен ықпалдастықтың 
деңгейлеріне заманның жарқын жеңістері ретінде қараймыз /87.371-372 беттер/. 
Сайып келгенде аталған екі елдің арасындағы қарым-қатынаста түркі 
әлемінің ішіндегі ықпалдастықтың жарқын мысалдары ретінде күн санап 
өрістей түсуде. Түріктер ұлттық, өңірлік және ғаламдық деңгейлердегі тұрақты 
ықпалдастықтың ең озық үлгілерін ұсынуда. Сөйтіп олар Еуразиядағы бірігу 
миссиясына жаңа тыныс пен соны серпіндер бере отырып, өңірдегі жалпы 
түріктік саяси платформаға белсенділік туғызып, теңгермелі ұстанымдар 
ұсынып, өңірдегі түркі мемлекеттерінің саясаттарына сай келетін ғаламдық 
саясаттарды алға шығаруда. Демек, «егер біздер бірікпесек, онда біздерді 
бөлшектеп құртады» – деген ойдың тегін айтыла салмағынын байқаймыз. 
Бұл сөздер қоқыныштан емес, қисыннан туған пайымдар. Әлбетте, қашанда 
«жұмсақ дипломатия» мен «жымиған дипломатияның» артында «бөліп ал да, 
билей бердің» қатыгез ұстанымы жататынын кім білмейді. Әлемдік саясатта 
«ғаламдық күштер» басым болып тұрған уақытта және олар Еуразияны түрлі 
мүдделердің қиылысындағы өңір ретінде көріп, саясат тұманында адасып 
кетпес үшін стратегиялық қозғалыстардың бағыттарын айқын болжап, түркі 
дүниесінің ынтымағын ыдыратып отыруға күш сала беретін болады. Дегенмен, 
Түркі Мемлекеттері Одағын құру үрдістерінде түркілер ие болған саяси капитал 
анағұрлым өсе түсері анық. 
Әлемдік саясаттың отаршылдығы күйрегеннен, империализнің дағдары- 
сынан, «суыққабақ соғыстан» кейінгі екі бірдей әлемдік соғыстан соңғы жүз 
жылда әлеуетті мемлекеттердің ғаламдық кең ауқымдағы қақтығыстары қанат- 
тас жүрген үрдістердің жандануы кезінде әлем халықтары ұлттық егемендіктеріне 
қол жеткізіп, өздерінің ұлттық мемлекеттерін құруда халықаралық саясатқа 
басымдық бағыттарда тең қатысуда оң өзгерістерге қол артып, өздерінің ғалам- 
дық саясаттардағы қабілеттерін танытуда. Сөз жоқ, бүгінгі әлем өзгерістерге 
бейім. Дүние жүзінің саяси және экономикалық өмірлері өзгерістердің қажетті- 
гін бастарынан кешіруде. Десек те, әлем мемлекеттері бұл жаңғырулардың
ендігі ретте ол өзгерістердің өздерінің еріктеріне қарсы және үлкен 
мемлекеттердің жоспарларына сай болуын әсте қаламайды. Неге десеңіз, тарихи 
тәжірибелер егер саған тиесілі субьектілерді өзгелер өзгерте бастаса, онда ол 
жаңғыруларды өзгелердің мүдделеріне орайластырыла жүргізілетінін көрсетті. 
Анық ақиқат қисыны көрсетіп отырғандай, қоғамыңды өзің өзгертпесең, оны 
өзгелер өзгертеді. Бүгінгі заманның саяси өмірінің қатал ойындары осындай. 
Осынау ғаламдық саясаттың шындығы қазірде бүкіл болмысымен ашылды. 
Әлемнің жаңа толқындағы мемлекеттері, олардың арасында түркі мемлекеттері 
де бар, өз тағдырларының бұдан өзге жолы жоқтығын сезініп, жаңғыруға 
толы қоғам заңдылықтарын қабылдай келе, осынау жаңғыруларды ұлттық, 
ғаламдық және өңірлік деңгейлерде де аталған жаңғыруларды бірлесе жасау 


281
Жаһандасу мен түркі бірлігі: халықаралық қарым-қатынастарды дамытудағы ...
керектігін түсінулері қажет. Халықаралық қатынастардың келешектегі 
дамуы осынау үрдістерге елдердің қандай деңгейлерде және белсенділікпен 
қатысуларына байланысты болмақшы. Жаңа уақыттың ғаламдық саясатының 
басты парадигмасы әлем баршаға ортақ. Неге десеңіз, тек халықаралық барша 
нысандар үшін баршаның жауапкершілігін орната отыра, әлемнің жаңа саясатын 
құруға болады. 
Жаһандану үрдістеріне жаңа бағыт пен сипаттар берген бүгінгі заманғы 
ғаламдық саясат өз мазмұнындағы парадигмалық жаңғыруларына саяси және 
экономикалық капиталдарды жинап алғандықтан, белсенді демократиялық 
елдерге тән алға баса беретін берік ұстанымға толы қуаттарын арттыра 
түсуде. Бір сөзбен айтқанда, келешектің ғалымдық саясаты «құрып тынған 
мемлекеттердің» емес, керсінше «жаңа заманға бейімделе алған елдердің» 
иықтарында орнайтын болады /293.513-515 б/.
Бұл ойларды кездейсоқ деуге болмас. «Бүгінгі заманның жүйесі дағдарыста» 
/313.503-515 б/, терең дағдарыстағы елдер өз тоқырауларын түрлі қаржылық 
сілкіністермен, өзге де субьективті себептермен түсіндіреді. Десек те, саясат 
пен экономикадағы дағдарыстардың келесідей себептері бар:
– Әлемдік саясат пен экономикадағы теңгерімнің жоқтығы. Әлеуетті 
мемлекеттердің бұралаң жолмен дамып келе жатқан әлемдік өндіріс пен 
капиталдың тосыннан қорлануынан барынша пайда табуға ұмтылатыны:
– Халықаралық қауіпсіздікті сылтауратып әлеуетті мемлекеттердің арасын- 
дағы «күштер теңгерімдерін» көпе көрнеу жалған бақылаған болу:
– Әлемді билеуде бар қуаттарын салып көшбасшылықтан айырылмау және 
бұны саяси, экономикалық және әскери қаруға айналдыру:
– Батыс пен өзге де мемлекеттер арасындағы ертеден қалыптасқан 
алыс-берістерді жойып, шиеленістерді одан сайын күрделендіру, отаршыл 
сабырсыздықты демократиялық төзімсіздікке ауыстыру.
– Әлемнің «әлсіз нүктелеріндегі» тұрақсыздықты, тұрақсыз және борпылдақ 
мемлекеттерді тұрақсыз саяси режимдердің көшбасшы мемлекеттері тарапынан 
құрал ретінде пайдалану негізінде өз мүдделеріне жұмылдыру.
– Әлсіз мемлекеттерді экологиялық тұрғыдан қарағанда ауыр саналатын 
ымырашыл экономика арқылы әмбебап пайдалануда батылсыздық көрсететін 
елдерді ояту.
– Ғаламдық дәрежедегі қаржылық-экономикалық айла-шарғылар, т.б.
Егер әлемнің маңызды әлеуетті орталықтарының ағымдағы экономикалық 
дағдарыстар мен қаржылық бұралаңдар мен сілкіністер жайындағы 
түсініктемелеріне көз салып отырар болсақ, егер әлем дағдарысқа шым батып 
кеткен болса, неге әлемде миллиардерлер саны өсе түсуде деген заңды сауал 
туындайды. Ендеше, дағдарыстың көздері әлемдік кеңістіктегі теңізсіздік 
пен үндестіктің бұзылуында жатқан болар. Кедейлерді кедейлендіре түсетін, 
байларды байыта беретін кез келген экономикалық және саяси жүйе күндердің 


282


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет