Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет23/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   169
I ТАРАУ
 
Тарихтан туындаған болашақ
жеке-дара алып қарағанда, әрқайсының жалпы саны 700 мың адамнан аспай 
тұрып-ақ, сан жағынан өздерінен әлдеқайда басым, мемлекеттік жүйелері де 
әбден қалыптасқан елдерді шетінен жаулап алып, олардың үстінен төтенше 
биліктер жүргізуге қол жеткізулері, әлем тарихшылары мен саясаткерлерін әлі 
күнге дейін таң қалдырумен келеді. Біздің пайымдауымызша, бұл сауалдың 
бір ғана қисынды жауабы бар: мұны түркілердің қандай жағдайда болмасын 
мемлекетаралық бірлікті ұйымдастыра білу қабілетінің ерекше дәрежедегі 
қуаттылығынан деп түсінген дұрыс. Мәселенің өзге де өзекті жақтарын естен 
шығаруға әсте болмайды: ал, мұны империя ішінің қай саласында болмасын, 
онда орын алған жаппай әділеттіліктің алдыңғы қатарға шығуымен көрсетуге 
болады. Француз тарихшысы, Франция Академиясының мүшесі, Азия тарихы 
бойынша жазылған құнды еңбектерімен әлемге танылған Р.Груссенің қалдырып 
кеткен түсініктемесіне сәйкес, атақты Шыңғысханның жаулап алу дәстүрін 
жалғастырушы Темірлан моңғолдан емес, түркіден шыққан, ал Теймуридтің 
немесе «Түркі-моңғол қағанатының» іргетасы тек түркі мемлекеттігінің дәстүрі 
бойынша қаланып, шаңырағы көтерілген. «Шындығында бұл қағанат 
Түркі 
Конфедерациясы болып табылады
» (241, 409 бет). Бұл суперэтностың қолымен 
жасалған және Орталық Азияда үлкен рөл атқарған бірлестік! Түркілердің 
идеясы арқасында құрылған Конфедерация сол кезеңдегі саяси ой-өрістер үшін 
нағыз жаңалыққа айналды. Негізгі құпия да дәл осында жатыр. Біздер үшін 
аса маңызды саналатын тағы бір мәселеге тоқталған Р.Груссе, Темірлан өзінің 
Кавказға жасаған жорығында Әзербайжанға ерекше мән береді және Кавказ бен 
Парсыны толықтай жаулап алу үшін, ол Әзербайжанды жорыққа аттану нүктесі 
ретінде қабылдайды. Темірланның әскері 1386-1387 жылдары Қарабақта қыстап, 
содан кейін келесі жылға жоспарланған барлық бағыттағы әскери жорықтарын 
тура осы жерден бастайды (241, 437 бет). ХV ғасырда Темір империясы бір-
біріне тәуелсіз қағанаттар құра бастайды. Алтын Орданың мысалын алып қарар 
болсақ, онда аталған империя солтүстігінде Каспий мен Қара теңізден бастап, 
Литва мен Мәскеуге дейінгі жерлерді басып алғанын көреміз. Міне, соның 
негізінде жаңа, әрі қуатты Еуразия патшалығының іргетасы қалана бастайды. 
Алтын Орда империясы құрамына енетін Консолидацияның славяндары, 
түркілері мен моңғолдары (оның құрамында қыпшақтар мен бұлғарлардан 
тарайтын этностар да бар) оны бұрынғыдан да қаhарлы әрі қуатты ете түседі.
Ресей империясының пайда болуы мен Франция революциясының басталуы 
алдында, яғни XVIII ғасырларда Шыңғысхан мен Темірланның ізбасарларының 
қолымен тұрғызылып, қабырғасы қаланған алып патшалықтың іргесі сөгіледі, 
ұсақталып кеткендіктен тарих сахнасынан көріне алмайтын күйге түседі. 
Әлемнің жаңаруына дейінгі тарихи саясатта түркі империясының ілгерілеу 
мен кемелдену бағытына қарай дамуы оларды сол дәуірдің жасампаз күшіне 
айналдырды. К.В.Финдлидің пікірі бойынша: «Тарихта Азияның империя 
құрушы күші болып саналатын (Жаңа Азияға кешігіңкіреп келген еуропалық 


49
Империяның патшалығында
ипериализмдерден бөлек) жергілікті түркілер шамамен 1400 және 1800 жылдар 
аралығында осы құрлықты және өзгеріп жатқан аймақтарды дамыту тарихында 
бірқатар өте маңызды заманалық кезеңдерді еңсере білген». Сонымен 
олар Азия мемлекеттерін біріктірудің бастапқы қарапайым түрінен, ислам 
мемлекеттерінің діни идеологиясы мен салық салаларына негізделген күрделі 
құрылымдарына дейін жасай алды. Мұның ең тартымды тұсы мынада, олар 
«далалық империядан» 
бір мезетте
 «ауылшаруашылық империясына», 
ал аз ғана 
уақыт ішінде


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет