Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет78/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   169
Орталық Желісінің 
құрылғаны «тайға таңба басқандай», ап-анық болып 
көрініп тұр. 
Сондықтан да батыс стратегиясы мен түркі әлемінің саяси көшбасшылары 
Тынық мұхитын Атлант мұхитымен жалғайтын негізгі жаһандық ком- 
муникациялық жүйе құруды жоспарға алуда. Ал, үстемдік етуге абсолютті 
тұрғыда ешқандай да талабы жоқ, түркі мемлекеттерінің аумағында халықара- 
лық бейбітшілік пен ынтымақтастыққа деген кепілдік беріледі. Басым бөлігі 
жүзеге асырылып үлгерген осы жобалардың әлі де болса жандана да кеңейе 
түсуі Азия мен Еуропаның қарым-қатынасын бүгінгіден де тереңдетіп, тіптен 
жаңа арнаға қарай бет бұрғызады. Келешекте түркі мемлекеттерінің бірігуі 
үшін берілуі мүмкін геосаяси және геостратегиялық мүмкіндіктер, жалпы осы 
қарым-қатынастарды одан әрі дамыту үшін де, Еуразия үшін де ең сенімді және 
оңтайлы тетік болып табылады. Өйткені, тарихта бұған дейін де болған және 
бүгінгі күні де Азия мен Еуропаны біріктіретін негізгі
 геосаяси
күш түркілер 
мен олардың мемлекеті болып табылады. Трансеуразиялық коммуникациялық 
жобалардың (мұнай, газ және басқалар) бар болуы мен олардың жүзеге 


137
Азия мен Еуропа: түркілердің бір-біріне қосқан әлемі
асырылуы, сөз жоқ, түркі мемлекеттері бірлігінің нығаю үдерісіне маңызды 
үлесін тигізеді.
Еуразия кеңістігіндегі түркі мемлекеттерінің өздері және олардың 
көршілерінің қолымен жасалған геосаяси конфигурация, Азия мен Еуропаның 
қарым-қатынасындағы түркі мемлекеттерінің осы тұстағы рөлінің ерекшелік- 
тері үшін өте пайдалы болып табылатыны сөзсіз. Өйткені, ол өз кезегінде 
халықаралық саясатты, экономикалық және мәдени жүйелерді нығайтуға үшін, 
сондай-ақ халықаралық тыныс-тіршілікті де дамыту үшін өлшеусіз кепілдік 
береді. Солай бола тұрғанымен де Батыс түркі мемлекеттерінің бірігуі мен 
дамуы барысына ерекше қуана қоймасы айдан да анық. Соған қарамастан, 
оның жасалуына өз тарапынан қолдауын танытады және бұл тек Ресейге ғана 
қатысты күшін сақтайды. Ал шындығына келер болсақ, түркі бірлігіне Ресеймен 
қоса Батыстың өзі де сондай қызғанышта, асқан іштарлықпен қарайды. Өйткені 
Тимуридтерден қорыққанын ұмыта қоймаған батыс стратегиясы түркі бірлігінің 
нығайып кетуінен әлі де болса қатты шошынады. Қалай дегенде де, Батыс пен 
түркі әлемі арасындағы қарым-қатынаста Ресей факторы маңызды рөл ойнайды, 
бұл жайында біз алдағы бөлімде сөз қозғайтын боламыз.


138


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет