141
Ресей еуразияшылығы
азаппен және күштеумен жүргізген реформасы болмағанда, Ресей өзінің әлемдік
тарихтағы миссиясын орындай және өз сөзін еркін айта алмаған болар еді» деп
жазады (144. 16 бет). Ресейдің «өзін іздеу» үдерісін түсіндіруге тырысқан Петр
Чаадаев сонау 1829 жылдарғы Ресей империясының жүзеге асырылуы кезіндегі
өзінің жаулап алушы пиғылындағы саясаты жөнінде аса бір құштарлықпен
былайша: «Біздер адамзат аталатын ұлы отбасының бірде-біріне жатпаймыз.
Біздер не Шығыстан болмаса не Батыстан да емеспіз. Біз олардың дәстүрлерін
де білмейміз», деп жазады (196. 508 бет).
ХІХ ғасырдың соңына таман, сол уақытта Ресейдің Еуразияның гегемоны
ретінде күш алып тұрған кездерінде, орыстың ұлы ойшылы Федор Достоевский
орыстың өзіндік сәйкестілігі турасындағы пікірталастарға қатысып, жеке
басының өткір пікірін былайша: «Еуропада біздер – татарлармыз, ал
Азияда
біздер – еуропалықтармыз», деп білдірген еді (158. 509 бет). Осы мойындаудың
өзінен-ақ, еуропалықтардың дәл осы кезеңдері татарлар деп ат қойып, айдар
тағып отырған этностары, яғни түркілер, Еуразияның нағыз болмысы ретінде
қабылданды. Осы себептерге байланысты ХІХ ғасырдың екінші жартысында
ресей идеологтары мен парасаттылары алдында – өздерін Еуропалық мемлекет-
піз деп көрсету керек пе, жоқ әлде Азиялық мемлекетпіз деп атау керек пе деген
екі таңдау тұрды. Дегенмен бұл империя ерте ме,
жоқ әлде кеш, пе бәрібір,
әйтеуір өздерінің геосаяси «мәртебесіне» сәйкес, ешқайда да қашып құтыла
алмайтын «еуразиялық» аталатын жамылғыны жамылулары тиіс. Ал Шығыс
пен Батыс арасындағы идеялық күресте бұл елдің гегемонға айналуы үдерісіне
қатысты өзін-өзі танытуы мен геосаяси маңыздылығы
жөніндегі қорытынды
бойынша Шығыс жеңіске жетті. Жалпы, славян әлемі ерекшеліктерінің идеясы
тұрғысынан қарайтын панславистер өздері ұстанған көзқарастың салдарынан
еуропалықтардың тарапынан мойындамаушылығына ұшырады. Панславизмнің
арнайы теориясын ұсынған Николай Данилевский 1862 жылы жазылған «Ресей
мен Еуропа» атты шығармасында өз елінің Батыстың жаңа парадигмасына
қатысты қарым-қатынасқа келуі қажеттігі туралы идеясын негіздеуге тырысады.
Николай Данилевский еуропаландырылған пікірлер мен еуропаландырылған
адамдарды орыс өмірінің сырқаты деп атады және де батыспен жүргізілген
күресті «орыстың сана-сезімін құтқарудың жалғыз жолы» деп есептеді (156. 323,
529 беттер). Николай Данилевский «Еуропаның арийлік тайпаларға, ал Азияның
– семиттік, тұрандық (түркілік) халықтарға жататынын» мойындады (156. 370
бет). Автор мынадай: өзінің дұшпанын мұсылмандар мен түркілер емес, өзінің
жауын славяндар деп есептейтін Еуропа, түркі әлемі Түркияның көшбасшысы
мен славян әлемі Ресейдің көшбасшысын үнемі бір-біріне айдап салуға тырысып
деген айқындаманы ұстанады 156. 400-401 бет). Ақырында панславизмнің басты
мақсаты алдыңғы қатарға шықты: «...ұлы тарихи естеліктердің шоғырланған
жері, православиенің орталығы саналған Константинопольді (Ыстамбұлды)
жаулап алу Ресейге Шығыстың барлық елдеріне ықпалын жүргізуге үлкен