Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет81/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   169
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
мүмкіндік берер еді». Константинопольді «патшақаласы» деп атаған орыс 
идеологы, оны тек Ресейдің ғана астанасы ретінде емес, сонымен қатар оны 
«бүкілславяндық одақтың» астанасы деңгейінде көруді көксейді (156. 467-
470 беттер). Әрине, Византияны кері қайтарып алу және Константинопольді 
(Ыстамбұл) славян әлемінің орталығына айналдыру дегеніміз бар болғаны 
күлге айналған Рим империясын қалпына келтіру секілді сандырақ идея ғана. 
Ақырында Ресейдегі империялық идеологияның шегіне жеткендігі соншалық, 
енді олар әлемдік гегемонияға жету күресі жолындағы дұшпандарын Шығыста 
– түркілер деп таныса, Батысында еуропалықтардың бойынан көріп отыр.
Дәл осы кезден бастап Ресей Еуразияны игеруді және оны өзінің ұлттық 
идеясына айналдыруды қажет деп шешіп, аталған мәселелердің жүзеге 
асырылуын қолға ала бастайды. Ал шынтуайтында Еуразия тек түркілерге ғана 
қараған және түркілік гегемонияны ғана мойындаған. Еуразияшылық өзінің 
алдындағы ізашары – панславизмге қарағанда, Ресейдің империялық геосаясатын 
басшылыққа ала отырып, Азияға қатысты орыстық фундаментализмнің жаңа 
қадамдарымен жақындасады. Владимир Ламанский өзінің 1892 жылы жарық 
көрген «Азиялық-Еуропалық құрлықтың үш әлемі» атты шығармасында бірінші 
рет Ресейді Еуразияның мемлекеті ретінде қарайды және Еуразияны Орал 
тауларының бөктерінен бөлінетін екі құрлықтан тұрады деп емес, керісінше, 
ол Еуропа, Еуразия және Азия секілді үш құрлықтан құралады деген қате 
көзқарасты ұсынады.
Оның пікірінше, Ресей өзінің ұлттық сәйкестігін «аталған үш әлем» түйіскен 
кеңістіктен тауып отыр. Ал, Владимир Ламанскийдің замандасы Константин 
Леонтьев болса, тіпті алысқа құлаш сермеп кетіп, Ресейді келешектегі Азиядағы 
мемлекет ретінде көрсеткісі келеді. Сондай-ақ ол мұны Ресейдің Еуропадан 
бас тартқандағы салмақ түсетін нүктесі ретінде таниды. Осылай болуы керек 
деген түсініксіз де дәйексіз долбарларды алға тартқан ол: «өзінің славян 
әлеміне қарағанда, Тұран әлеміне көбірек тартып кеткенін» білуі керек секілді 
(279. 3 бет). Сонымен, орыстық ой-сананың түсінігі бойынша «Тұран әлемі» 
Еуразияның өзіне теңестірілген кеңістік болып саналады. Князь Николай 
Сергеевич Трубецкий классикалық еуразияшылықтың жетілдірілген жүйелік 
тұжырымдамасын ұсына отырып: «Ресейдің түпкі тарихын Батыстан емес, 
Шығыстан іздеу керек» дегенді айтады (192).
Түрлі халықтардың қолымен тұрғызылған Еуразияны таңдаулы өркениеттік 
кеңістік ретінде көрсеткісі келетін ол, Еуразияның тұтастығын қамтамасыз 
ететін негізді осыдан 700 жыл бұрын Шыңғысханның жасап кеткенін 
мойындайды: «Бүгінгі тарихи жағдай туралы айтар болсақ (1920 жылдар), онда 
қазіргі Ресей немесе КСРО деп те аталатын мемлекеттің еншісінде (мәселе, 
оның атауында емес) Шыңғысхан құрып кеткен Моңғол-Татар империясының 
да бір бөлшегі жатыр... Ресейдің географиялық аумағы осы империяның 
өзегімен дөп келіп жатыр». Трубецкий, «Мәскеулік князь ретінде өзін Алтын 


143
Ресей еуразияшылығы
Орда хандығына мұрагердің бірі ретінде санайтынын» айтады, сондай-ақ ол, 
«Еуразия аумағына орналасқан Ресей мемлекеттігін Шыңғысхан мемлекетінің 
тікелей мұрагері және оның ізін жалғастырушы» ретінде көрсеткісі келеді. 
Тіпті, Николай Трубецкий дегеніңіз аталған мұрагерліктің генетикалық негізін 
де таптым деп санайды: «Финдік-угорлық және славяндық халықтар секілді, 
орыстардың тамырында да түркінің қаны ағып жатыр. Тек славяндар ғана емес, 
сонымен қатар түркілердің де біздің бауырларымыз екендігі (діні мен тіліне 
емес, мінезі мен мәдениетіне қарайды) жәйшылық уақытта ұмыт қала береді», 
деп көсемсиді (192. 14, 15-17, 31-36 беттер). Орыс идеологының пікірінше, егер 
де Ресей өзін Шыңғысханның мұрагері және оның ізін жалғастырушы екендігін 
сезінгенде ғана, Еуразия өзінің шынайы тарихи орынын таппақ екен! Демек, 
мақсат айқын: Еуразияның гегемоны болу үшін, Ресей «түркі қоспасына» 
байланысты қайшылықтарды бейтараптандыру мақсатында жерін жаулап алған 
түркілермен өздерін «қандас бауырлар» ретінде жариялағысы келеді. 
1917 жылы Ресей империясының құлап,оның аумағына КСРО құрылып 
жатқан кездері еуразияшылық эмигранттар арасында да арнайы саяси-
идеологиялық үрдіс ретінде дамиды: 1932 жылы шетелде Еуразия партиясы 
ұйымдастырылды. Осы партияны құрушылардың бірі Петр Савицкий 
еуразиялықтың теориясын дайындап болған соң, оның саяси тұғырнамасын 
жасады. Еуразияшылық идеяға өмірінің соңғы күніне дейін адал болып қалған 
Петр Савицкий ресейлік геосаясаттың Еуразиялық нұсқасын жетілдірумен 
қатар, оның теориялық тұрғыдан әрекет етуінің практикалық негізін көшіріп 
басады. Ол да өзінің алдыңғы ізашарлары секілді, Ресейдің тағдырын Азиямен 
байланыстырады, орыстардың азиаттардан қабылдап алған «құрлық сезімін» 
оның Еуразияда үстемдік етуінің басты шарты деп санайды (185. 155 бет). 
Әрине, КСРО-ның ресми түрде коммунизм идеологиясын басшылыққа 
алуына байланысты, мұнда еуразияшылыққа орын болған жоқ. Сондықтан да, 
әрі кетті дегеннің өзінде, белгілі бір идеялардың долбары ғана пайда болуы 
мүмкін еді. Дегенмен, осыларға қарамастан КСРО-ның «жасырын» түрдегі 
өктемдік жүргізу саясатының ауқымы еуразияшылыққа қарағанда әлдеқайда 
көлемді де менменшіл болды. Еуразияшылықтың ашық доктринасы Кеңес 
Одағы құлағаннан кейін қайта жаңғыра бастады, бұл беталыс теориялық-
сараптау әдебиетінде «жаңаеуразияшылық» деп аталды (279.3-6 беттер). 
Жаратылысында классикалық еуразияшылықтан еш айырмашылығы жоқтай 
көрінетін жаңаеуразияшылық өзін қазіргі заманғы саяси жағдайдың негізінде 
және соған сәйкес жайғастырылым деп ойлайды. Алайда, тарихи ахуалдарды 
салыстыру кезінде, оның бойынан өте қауіпті өзгешеліктердің бар екендігі 
байқалды: Ресейдің бұрынғы «жоғалған» «одақтық» республикалары өздерінің 
осылайша «ғайып» болып кеткендеріне бой ұсына қойған жоқ, керісінше, олар 
өз тарихында тұңғыш рет мемлекеттік саясаттың, оның жүйесінің маңында 
елес кезген еуразияшылыққа айналуға бастамашылық жасайды. Бүгінгі күні 


144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет