Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет89/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   169
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
Збигнев Бжезинский АҚШ-тың көшбасшылығана орайластырылып жазылған 
«Қауіпсіздіктің еуразиялық жүйесі» еңбегінде, Еуразия мемлекеттеріне тек 
құрал
ретінде ғана қарайды және солай деп есептейді де. Дегенмен, Еуразияның 
геосаясатын гегемон мемлекеттің пайдасына негіздей отырып белгілегенімен де, 
осындағы аймақтар арасындағы орын алатын қайшылықтар мен жанжалдарды 
дер кезінде тыя алмайды. Сондай-ақ аймақтардың бір-бірінен тәуелсіз жағдайда 
дамуы мақсатында ұйымдастырылып келе жатқан шаралар үдерісін дұрыстап 
ынталандыра да білмейді.
АҚШ Атлантикалық кеңесінің Еуразиялық энергетикалық орталығы 
директорының орынбасары және Әзербайжанның геосаяси жағдайы туралы 
құнды пікірлердің авторы Александрос Петерсен өзінің «Бүкіләлемдік арал: 
еуразиялық геосаясат және Батыстың тағдыры» атты кітабында бүгінгі күннің 
халықаралық саяси тұғырнамасында батыстың классикалық геосаясатының 
негізгі ұстанымдарын қайтадан дәйектеуге тырысып бағады. Осы мақсатта 
ол 
«Еуразия үшін ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясын» 
ұсынады (290): 
бұл стратегия өзінің барлық өлшемінде 
Батыс мемлекеттерінің саясатын 
Еуразиялық мемлекеттердің саясатымен 
толық үйлестіреді; ол Батыстың 
«еуразиялық геоэкономиканың» жоғары деңгейдегі қайта құрылуына 
қатысуын өте қажет деп санайды. Ресейге, Түркияға, Қытайға, Қазақстанға, 
Түрікменстанға, Өзбекстанға, Әзербайжанға, Грузияға, Арменияға, 
Ауғанстанға, Қырғызстанға, Тәжікстанға, Монғолияға, Украинаға, Молдоваға 
және Белорусқа қатысты, олардың әрқайсымен жеке-жеке жүргізілуі тиіс 
арнайы саяси бағыттарды бақылап отырған автор аймақтың әрбір мемлекетінің 
жөнге салып қойған саясатының, «Еуразиялық әмбебап саясатпен» үйлесім 
тапқанда ғана Батыс өзінің Еуразиядағы үстемдігін қамтамасыз ете алуы мүмкін 
деген қорытындыға келеді. Еуразиялық мемлекеттердегі саяси жүйелердің 
басым бөлігі «батыстық» болып табылмайтындықтан, олардың Ресейге немесе 
Қытайға қарай жақындасуы заңды да, өйткені «бұл елдерді демократияландыру 
дегеніміз Батыс саясатының қозғалысын қамтамасыз ете алу болып табылады» 
(290. 119-122 беттер).
Александрос Петерсен батыс геосаясаты өкілдерінің ішіндегі Хэлфорд 
Маккиндер, Георг Кеннан және Юзеф Пилсудский секілді идеалдарға сүйене және 
«Еуразия үдерістерінің шынайы сипаттары» ұстанымын айта жүріп: «Грузиядан 
Монғолияға дейінгі шағын мемлекеттер» Батыстың қолдау көрсетуінің 
арқасында күшеюі тиіс және олар осы аймақта үстемдік құруға ниетті болып 
отырған үлкен мемлекеттермен 
геосаяси теңдікті 
жөнге келтірулері керек, 
деген пікір айтады. ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясы Еуразияға ауқымы күн 
санап кеңейе түскен Батыстың ықпалынан да басым болуы тиіс. Сондай-ақ бұл 
жүйе Батыстың Еуразияға әсерін және онымен ықпалдасудың мүмкін екендігін 
ғана емес, оның стратегиялық көзқарас тұрғысындағы императивтік идеясын 
негізге алады, сонымен қатар оның ықпал жүргізу аймағы тек қана Қара теңіз 


157
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
өңірімен шектеліп қалуға тиісті емес, бұған қоса Каспий аймағы мен Орталық 
(Ішкі) Азияны да қамтуы тиіс... Бұл өзін-өзі оқшаулайтындай соншалықты 
үмітсіз стратегия емес, сонымен қатар ол – империалистік менмен наразылық 
болып та саналмайды. Географиялық өлшемге ие бұл стратегия шексіз 
шындыққа негізделген. Оның бойында жаңаруға және Еуропаның өзін қорғауға 
деген қажеттілік жатыр. Қысқасы, бұл Батыстың Еуразияға қатысты адам 
нанғысыз зиянын көріп және оны толықтырып отырған ақылды стратегиясы... 
Батыстың тағдыры әлдеқашан белгіленіп қойған және бұл Дүниежүзілік 
Аралдағы (Еуразиядағы) орын алып жатқан оқиғалар арқасында анықталып та 
келеді. Сондықтан да Батыс Еуразияның геосаятында тиянақты түрде және ұзақ 
уақыт қалғысы келсе, онда оның үкіметі, халқы мен ұйымдары бойларындағы 
барлық энергиясы мен ресурстарын осында шоғырландырулары керек (290. 
144-145 беттер). Әрине, «империалистік талаптарға» қарағанда бұл шараны 
әлдеқайда «сақ және прагматикалық қадам» деп санауға болады. Еуразияның 
өзінің жеке саяси үдерістерінің дамуы Батыстан өзіне деген көзқарастың 
түбегейлі өзгеруін талап етеді. Бұл бірінші кезекте еуразиялық посткеңестік 
кеңістіктегі жаңа қалыптасқан шындықтарды есепке алудың қажеттігінен 
туындауы тиіс: Батыс Еуразияның жаңа тәуелсіз мемлекеттерін әлі күнге дейін 
Ресей Федерациясының «ықпалынан» шыға алмай, оның темір «құрсауында» 
келе жатқан және әлемдік қауымдастықта ықпалдастық жасауға дәрмені 
жетпейтін қауқарсыз ел ретінде танымауы керек. Әрине, бұл тұста Құрама 
Штаттары қашанғы қалпы бойынша, консервативтік қадамының шамадан тыс 
баламалы нұсқаларына тәуекелмен кіріседі: олар Ресейді Орталық Азиядан 
ысырып тастағылары келеді. Вашингтон осы аймақта өзінің ірі әскери базасын 
құру жөніндегі жоспарын біртіндеп жүзеге асыру үстінде. Орталық Азияны 
өзіне қаратып алудың Ресей мен АҚШ арасындағы күресінде Вашингтон өз 
басымдығын арттыра түсті. 2012 жылы америкалықтар өздерінің Өзбекстандағы 
әскери қуатын күшейте түсу үшін ел үкіметімен келіссөздер жүргізді. Ал Ресей 
болса, өзінің «серіктесі» деп санайтын Қырғызстанмен жақындасу жөніндегі 
шаралар белсенділігін арттыра түсті. Бұл тұрғыда да Құрама Штаттары 
қол қусырып, қамсыз отырған жоқ, олар Қырғызстан мәселесіне қатысты 
Ресеймен бәсекелестік құруды ойластыруда. Ұрымтал сәттегі «баламалы 
саясатты» қолданып қалғысы келген Қырғызстан өз кезегінде АҚШ-пен де 
ынтымақтастыққа дайын екендігін жариялады. 
Вашингтонның Ташкентпен келіссөздерінің мақсаты АҚШ-тың Өзбекстан- 
да Жедел Әрекет ету Орталығын («
Center for Operative Reactiori
») құруға 
арналғаны белгілі. Нақтысында, 2014 жылы аталған Орталықты АҚШ-тың 
әскери базасының құрамына пайдалануға беру жоспарланды. Орталық алғашқы 
кезеңдері аймақтағы орын алуы мүмкін төтенше жағдайларды бақылауға 
алуға арналды. Оның техникалық базасы Ауғанстандағы НАТО-ның әскери 
техникалары есебінен құрастырылады. Біраз уақыттан кейін бұл техникалар 


158


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет