Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет92/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
серпін беретінін атап көрсетеді: егер осындай қолдаулар көрсетілсе, онда Құрама 
Штаттары өз саясатын Ресейге емес, Еуразияның бүгінгі мемлекеттерімен 
байланыстыра отырып, нақты нәтижелерге қол жеткізе алады.
«Еуразиялық мемлекеттермен тиімді әрі пайдалы жұмыстар жүргізу үшін 
АҚШ оларға жиырма бірінші ғасырдың барлық талаптарына сәйкес өмір 
сүріп келе жатқан, халықаралық қауымдастыққа мүшелікке толық қабілетті 
және жауапкершілігі күшті елдер ретінде қарап, қатынастар жүргізуі тиіс. 
Сонымен қатар, өзіміз де жиырма бірінші ғасырдың жауапкершілігін терең 
түсіне білуіміз керек... Біздер Еуразияда орын алуы мүмкін өзгерістерді 
қолдап, оған жол ашуға тиістіміз», дейді ол (300. 12-13 бет). Шындығына 
келер болсақ, Батыстың Еуразиядағы өзгермейтін және өзгермелі саясатының 
қырлары бүгінгі халықаралық саясаттың күрделі сипатына да байланысты. 
Өзгермейтіні – шынайы консервативтік саясаттағы үстемдік доктринасынан 
бас тартқысы келмейтінгін көрсетеді, ал өзгермелілігі – әлемді дамытудың 
халықаралық саясатындағы демократияны либералдық көзқараспен жаңартуға 
қажетті бірқатар шарттарды алдыңғы қатарға шығарады. Халықаралық жүйені 
еуразиялық геосаясаттың үдемелі бағытына қарай өзгерту Батыстың, сондай-
ақ Еуразияның да ұлттық мемлекеттері арасындағы өзара қарым-қатынастың 
дамуына, күштерді шоғырландырудың нақты негізін жасауға және оң 
өзгерістерді жүзеге асыруға деген қабілеттілікті жаңа деңгейге көтеруі мүмкін. 
Дегенмен, ортақ мәмілеге келуге қабілетті белгінің табылуы – бұл тарихи 
да қисынды да қажеттілік. Консерватор өз консерваторлығын, ал либерал өз 
либералдығын еш уақытта да ұстап тұра алмайды. Мұндай жағдайды сақтап 
қалуға деген талап айналып келгенде, халықаралық үндестікке зиянын тигізіп, 
оның нормаларын бұзуы мүмкін. 
Сондықтан да саясаттағы өзгермейтін үрдістер өзгермеліге қарай жүруі 
тиіс, ал өзгермелі үрдіс болса, олардың арасындағы тепе-теңдік сақталуы үшін 
жалпы мәмілеге келуі керек. Тарихтың бүгінгі күнгі беталысының үрдісі, Батыс 
өз консерватизмін жұмсарта алғанда ғана әлемдік саясаттың демократиялық 
үдерістерінде өзін-өзі танытуға қол жеткізе алуы мүмкін екендігін көрсетеді. 
Демек, ол Еуразиялық аймаққа әлемдік саясат пен экономикадағы өзіне лайық 
орынды тауып орналасуына көмектесуі керек. Тек, осындай саяси беталыс қана 
бүгінгі Еуразияға қарай бағытталатын қандай да бір гегемондық талаптарды 
болдырмауды жүзеге асырады.


161


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет