Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет91/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   169
Еуразия 
бүгінгі күнгі өзінің
 
«ішкі» 
геосаяси дамуының өлшеміне қарай бойындағы қазіргі заманғы 
халықаралық саясаттың ең озық гуманистік үрдістерін өзгертеді, ал мұндай 
труппалардың одақтар мен үстемшілдік секілді алдамшы да зиянды екендігі 
белгілі. Еуразияның осы үрдістерді оңтайландыру және прагматикаландыру 
бағыттарындағы мәселелеріне деген Батыстың маңызды ықпалы оған оң әсерін 
тигізеді. Еуразиялық мемлекеттердің өз тәуелсіздігін нығайту барысында 
табандылық танытуы, «тіркемелі саясаттың» соңынан ергісі келмеуі мен ұлттық 
экономиканы жаңғыртуы, сондай-ақ демократияландыруды нақты жүзеге 
асыру әрекеттері, сөз жоқ, Батыс тарапынан саймасай қатынасты талап етеді. 
Бірқатар саяси талдаушылардың пікірлері бойынша, егер Құрама Штаттары мен 
Еуроодақ Батыс әлемін дамытқылары келетін болса, онда олар Азия әлемінің де 


159
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
дамуына мүдделі болулары тиіс: Батыс ешқашанда Азияға «төменге қабатқа» 
қарағандай биік көзқараспен емес, керісінше оны халықаралық саясаттың ақиқи 
талаптарына сәйкес, толыққанды әріптес ретінде көруі тиіс. 
Шығыстың да және Батыстың да жаңа дәлелдемелерінде мұндай тәсіл-
амалдар пайда бола бастады. 
Еуразияның жаһандық кеңістігіндегі өзін-өзі 
танытуының қажеттілігі 
Түркия Республикасының Премьер-Министрі 
Реджеп Тайип Ердоғанның Стамбұлда өткен (2012 жылы) Халықаралық 
Форумда жасаған баяндамасының өн бойынан көрініс беріп отырады: 
«Ендігі 
жерде Батыс – әлем орталығы емес.
Ендігі жердегі Солтүстік, Батыс, Оңтүстік 
және Батыс арасындағы бейбітшілік орталықтары ортақ саяси жүйе болып 
табылады. Экономикалық тұрғыдан қарағанда әлем осы жүйенің бағытына қарай 
өзгереді. Біздер де осыған сәйкес, қолданыстағы күштер теңгерімін қамтып, 
Үлкен Жиырмалық (G-20) құрған саяси жүйені байсалды қабылдаймыз», деп 
айтқанынан айқын көрініс береді (109).
Ақиқатын айтар болсақ, осыдан жүз жыл шамасы бұрын планетарлық 
деңгейде өз сөздерін Батыстың төрт (Ұлыбритания, Франция, Құрама Штаттары 
мен Германия) елі, ал Еуразияда тек бір ғана мемлекет (Ресей) айтып келген 
болса, ендігі жерде бұл ахуал Еуразияның пайдасына қарай түбегейлі өзгерді. 
Осыдан жарты ғасыр бұрын өзіне ешқандай да назар аудартпаған бірқатар 
еуразиялық мемлекеттер, ендігі жерде халықаралық саяси жүйенің алдыңғы 
тұғырнамасына шықты. Сондықтан да Батыс бүгінгі күндері 
Еуразияға 
қатысты көпжақты плюралистік саясатты жандандыра түсу,
аймақтағы 
түрлі мемлекеттермен ынтымақтастықты қажетті деңгейге көтеру, солармен 
арадағы келісілген саясатты қиыстыра түсу
 
қажет деп санайды (271 бет). 
Еуразияда аймақтық геосаяси тұтастықты құрай алған түркі мемлекеттерімен 
осындай кең тұғырнамада қарым-қатынастар орната алу олар үшін өте жоғары 
маңызға ие. 
Еуразиялық Одақтың Шығыстық Әріптестігінің Бағдарламасы 
Батыстың Еуразиямен көпжақты ынтымақтастығының тиімді кезеңдерінің 
жаңа мүмкіндігін ашатын ең маңызды бастамаларының бірі болып табылады. 
2009 жылдың мамырында қабылданған бұл жоба, Еуроодақ пен Еуразияның 
жеті мемлекетінің (Ресей, Украина, Молдова, Әзербайжан, Грузия, Армения 
және Беларусь) тұғырнамалық ынтымақтастығының дамуын болжайды (276 
бет). Еуразияның саяси, экономикалық және мәдени әлеуетінің барысымен 
жақсы таныс, аймақтың алдағы даму болашағын мұқият бақылап жүрген 
мамандардың бірі, АҚШ-тың Польшадағы және Пәкстандағы бұрынғы елшісі 
Томас Симонс өзінің «Еуразияның жаңа Шекаралары: жас мемлекеттер, көне 
қоғам, ашық болашақ» атты кітабында, 
Батыстың Еуразиямен саясатты 
жаңа негізде қалауы туралы идеясын 
айтады. «Бүгінгі Еуразия – бұл кешегі 
Кеңестер Одағы емес» (300. 7 бет) парадигмасын дамыта отырған америкалық 
дипломат, Еуразияның өзін-өзі танытуы саясатына қолдауын білдірер болса, 
онда Батыстың шын мәнінде халықаралық қатынастар динамикасына күшті 


160


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет