153
Еуразияның өзгермейтін және өзгермелі батыстық саясаты
алғаш рет Жаңа Жерге табан тіреген кезде еуропалықтар жер шарының тек қана
9 пайыз аумағына иелік етуші еді. Ал 1801 жылы үштен бір бөлігін басқарды.
Бұл көрсеткіш 1880 жылға қарай үштен екіге дейін жетті. 1935 жылғы зерттеу
қорытындысы бойынша еуропалықтар жер беті аумағының 85 пайызына, ал
оның тұрғындарының 70 пайызына саяси бақылау жүргізді» (191. 163 бет).
Алайда ХХ ғасырдың ортасынан бастап бұл үдерістің екпіні төмендей бастады:
ІЖӨ-нің 46 пайызын өз үлесінде қалдырған батыс өркениеті блогы (Солтүстік
Америка, Батыс Еуропа, Австралия және Жаңа Зеландия) әлі де болса (2000
жыл) әлемдік экономикадағы артықшылығын қамтамасыз ете алды. Дегенмен,
бұл көрсеткіш 1950 жылғы үлестік мөлшерімен салыстырғанда (54,5 пайыз)
айтарлықтай төмен еді. Ал ХХІ ғасырдың алғашқы онжылдығында солардың
иелігінде болып келген әлемдік экономиканың үлестік
көрсеткіші бұдан әрі
құлдырай береді (2015 жылға дейін – 38,5 пайызға төмендейді) деп болжануда
(198.32 бет).
Әрине, бұл болмай қалмайтын үдеріс: өйткені, Екінші Дүниежүзілік
соғыстан кейінгі өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдарына қарайғы Батыс
империализмін жаулап алған дағдарыс пен планетаның барлық құрлықтарында
басталған ұлттық-азаттық қозғалыстар түбегейлі түрде тұрақты халықаралық
саяси жүйеге алмасты. Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуымен халықаралық
құқықтық нормалар талабына сәйкес, мемлекетаралық қарым-қатынастарды
құру және оны дамыту тәжірибесі қалыптасты.
Осыған байланысты әлемдік
гегемония жолындағы күрестің айла-тәсілі де, оны жүргізудің үлгісі де өзгерді.
Халықаралық саяси жүйені құрайтын алдыңғы қатардағы мемлекеттер
амалдарының жоқтығынан ғана халықаралық нормаларға сәйкес келетін
икемді айла-тәсілді жүргізді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің
негізін екінші Дүниежүзілік соғысты жеңген елдердің өкілдері құрағандықтан,
халықаралық саяси жүйелерді енгізу және халықаралық әділеттіліктің
бұзылуына жағдай туғызушылардың әрекеттерін
ауыздықтау да солардың
құзырында болды. Бірақ олар мұндай келеңсіздіктерді толығымен тоқтата
алмады. Соңғы жүз жыл (1910-2010) ішінде халықаралық саяси үдерістердің
дамуының шиеленістерге толы болғандығы соншалық, «жаһандық үстемдіктің
әлемдік иерархиясындағы көшбасшы елдер конфедерациясы мен басқа да
мемлекеттер түбегейлі түрде
бес рет
өзгеріске ұшырады» (213. 24 бет).
Осы мезеттерде үлкен күйзелістерге алып келген әрбір тектоникалық
толқындағы өзгерістер, сол «иерархия» сатысының ең жоғарғы баспалдағына
тек қана батыс әлемін көрсететін елдердің ғана (Франция, Ұлыбритания,
Австро-Венгрия, Германия,Ресей және Құрама Штаттары) тұрғанын ескеруіміз
қажет. Солардың азғыруымен болған екі дүниежүзілік соғыс пен одан кейінгі
халықаралық жанжалдардың оттай өршіп тұрған кездерінің өзінде де олар бір-
бірінің беттеріне тура қарап тұрып, жаһандық басқарудың тетігін уыстарында
мықтап ұстады. Батысқа кірмейтін көшбасшы елдерге жаһандық гегемония