Жаhандық ықпалдастықтың Еуразиялық үлгісі халықаралық ТҮркі академиясы



Pdf көрінісі
бет96/169
Дата20.09.2023
өлшемі2,18 Mb.
#109150
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169
ІІІ ТАРАУ
Еуразия мен түркі мемлекеттерінің даму болашағы
фанатизм белең алған елдермен қарым-қатынасты өте сақтықпен және абайлап 
жүргізу керек, ал Шығыс және Батыс тұғырнамасындағы дамыған елдермен өз 
ара қарым-қатынастарды барлық бағытта орнатуға болады. Егер де Орталық 
Азия мен Кавказды Шығыстық және Батыстық кеңістік тұғырнамасындағы 
халықаралық саяси-экономикалық жүйелердің желісі бойынша сәйкестендіру 
дәйекті түрде жүзеге асырылар болса, онда бұл сөз жоқ, әлем дамуын жаңа 
деңгейге көтеру үдерісіне тың серпін берген болар еді. Орталық Азия мен 
Кавказдың жеті тәуелсіз мемлекеті, оның ішіндегі бесеуі түркілік болып 
табылатын елдер тап қазіргі сәттерде өз араларында да, сонымен қатар 
көршілерімен де геосаяси қарым-қатынастың күрделі кезеңдерін бастан өткеріп 
келеді. Жалғыз түркі мемлекеті – Әзербайжан орналасқан Кавказ барлық 
геосаяси желілілер қиысатын геосаяси кеңістік болып есептеледі.
Өзінің әлеуеті бойынша Кавказдағы ең ірі (Оңтүстік Кавказдан да 
үлкен) мемлекет саналатын Әзербайжан Түркия мен Орталық Азия елдерін 
жалғастырып, сол арқылы ол түркі әлемінің геосаяси тұтастығын қамтамасыз 
етіп отыр. Ал Әзербайжанның көршісі – Армения болса, Әзербайжанның жерін 
басып алған, Кавказдағы тұтастықты бұзып отырған жалғыз мемлекет саналады. 
Егер де кезінде Кавказдағы геосаяси теңдікті бұзып отыру мақсатында, Армения 
деп аталатын осы бір шөңкеге Ресей соншалықты қамқорлық көрсетіп, шынайы 
ықыласын төкпегенде, оны мәпелей күтіп-баптап өсірмегенде аймақтың 
тәуелсіздік алған кезеңдердегі саяси, экономикалық және мәдени өмірі тіпті 
басқаша бағытта дамыған болар еді. Ресейдің барлық көршілерімен саяси 
қарым-қатынасы доминанттық менмендікке негізделгендіктен, оның әу бастан-
ақ, түбі сәтсіздікке ұшырайтыны күмәнсіз-тін. КСРО тарағаннан кейін де, өзін 
осы аймақтың «көшбасшысы» ретінде есептейтін Ресей алған бетінен қайтып, 
өзінің дәстүрлі саясатынан бас тартатын сыңай танытар емес. Егер Кеңес Одағы 
күйрегеннен кейін Құрама Штаттары Батыстан Шығысқа қарайғы геоосаяси 
желінің бойына 
Украина, Әзербайжан және Қазақстанды 
таңдап, соларды 
іштарта бастағаны сол еді, Ресей де бұған жауап ретінде 
Балқан, Кавказ және 
Орталық Азиядағы
өз ықпалының шегін жасауды шұғыл қолға алды (193. 
105 бет). Сөз жоқ, оның Кавказдағы іштартары Армения ғана. Әрине, әскери 
қолдаусыз «ергежейлі» Армения өз күшімен Әзербайжанға тиесілі, оның 
атадан балаға мирас келе жатқан меншігі Қарабақ жеріне еш уақытта басып кіре 
алмаушы еді. Мұны, әзербайжандықтардың өздерімен қатар, Кавказ мәселесі 
туралы құлағдар болып отырған әлемдік қауымдастық та жақсы біледі. Тіпті, 
бүгін Армения өз еркімен бұл жерді кері қайтарғысы келеді десек те – Кавказдағы 
«армяндық үшкірден» айрылмау үшін Ресей бұған еш уақытта да жол бергізбейді. 
Тек армяндық қоғамның өзін ғана мысалға алып қарайық, банкротқа ұшыраған 
және халықаралық сауалнамаға сәйкес әлемдік қауымдастық арасында өзін 
екінші «ең бақытсыз қоғам» ретінде тани бастағаны Ресейдің қанатының астына 
кірушіліктің қандай салдарға алып келетіндігін көрсеткендей. Бүгінгі күндері 


165
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
Әзербайжанның белгілі деңгейдегі тырысуының арқасында Армения барлық 
аймақтық жобалардан қағылып, тек шетелдіктердің көмегіне ғана тәуелді күй 
кешіп отыр. Егер де жеңімпаздар күшті болатын болса, онда Әзербайжанның 
басыбайлы жерін жаулап алған «жеңімпаз» Арменияның жағдайы неліктен 
қазіргі таңда кісі аяйтындай күйге құлдырап кетті?! Осы жерде мынадай 
салыстыруды айта кеткен орынды: Арменияны қатты тұншықтырған анаконда 
Әзербайжан ендігі жерде оның тек соңғы демін шығаруын ғана күтіп отыр. 
Жалпы, Ресейге тарихи тақау орналасып, оған сүйеніш ел ретінде қарайтын 
Армениядан өзге елдердің барлығын да осыған ұқсас тағдыр күтеді, сондықтан 
да алдағы уақыттарда олардың дамуы қамтамасыз етіледі дегенге илана қою 
мүмкін емес. Өзінің шексіз кеудемсоқтығының салдарынан «Еуропаның соңғы 
елі және Азияның бірінші елі» (239. 58 бет) мәртебесінен бірте-бірте айырылып 
келе жатқан Ресей, алып аумағына қарамастан, 
басқа елдерге сүйеу жағдайынан, 
басқа елдерден сүйеніш сұрау жағдайына қарай
қарай бет алып келеді. Оның 
Еуразиялық Одақ доктринасын халықаралық конфигурация алдында өзін 
жоғалтып алу қорқынышынан туындаған саяси жанталасы деп түсінуден өзге 
мағына жоқ. Мәскеу – Ереван – Тегеран жүйесі бойынша Ресей құрған «тік 
геосаяси өзек» дипломатиясы бірте-бірте өз маңыздылығынан айрылып келеді 
(157. 164 бет).
Халықаралық саясат үшін қатердің үлкен ошағына айналған Иран 
халықаралық қауымдастықтың нысанасына айналды. Варшава шартына 
кіретін социалистік мемлекеттердің блогы құлағаннан кейін және «қырғи-қабақ 
соғыс» дәуірі де аяқталған соң (1947-1990 жылдар) басқыншылық саясатымен 
өзіне-өзі ор қазып келе жатқан Армения, Азиядағы өз көршілерімен жабайы 
тағылар тілінде сөйлесетін Солтүстік Корея, туған халқының басына қара 
түнек орнатқан диктаторлық режимдегі Ливия мен Сирия (біріншісі тақтан 
тайдырылды, енді екінші де соның алдында) және фундаменталдық Иран, ол 
халқының жартысын құрайтын әзербайжандардың ұлттық құқығын аяқасты 
етіп келе жатқан ел, Ресейдің халықаралық деңгейдегі одақтастары болып 
қалды. Бүгінгі Ресейдің «саяси бет-бейнесін» сипаттайтын бұл көрінісі кімді 
болмасын қатты ойландырса керек. Каспий маңы аймақтарына өзінің геосаяси 
ықпалы мүмкіндігін шоғырландырған, «америкалықтар мен атлантикалық 
саясатқа қарсы күресуші құрлықтық аймақтық мемлекет ретінде» (157. 164-165 
бет), Иран өзінің стратегиялық болашағын айқындайды, оның бұл бағыттағы 
ұстанымы Ресейдің көзқарасымен толықтай сәйкес келіп отыр. Бұл жерде, 
Оңтүстік Әзербайжанға қысым жасауда, Иран мен Ресей екілігінің ұстанымы 
жақындасуы әбден мүмкін. Өйткені, түркі мемлекеттерінің бірігуін өзектендіру 
Иран мен Ресейді қатты мазасыздандырады. Олар осы аталған үдерісті өздерінің 
аймақтағы ықпалын толықтай жоғалту деп түсінеді. 
Тіпті, Грузияның аймақтық тұтастығын сақтап қалу күресінде Ресейдің 
әскери күшпен берген жауабы, Қарабақты жаулап алу фактісі кезіндегі 


166


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   169




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет