169
Кавказ бен Орталық Азияның геосаясаттағы жаңа бағыттары. Еуразияның «Түркілік бәтуаластығы»
түркі халықтары аталған аймақтың дамуына негізгі жауапкершілікті өз
міндеттеріне алуға қабілетті деген қорытындыға келеді. Теоретик ұсынып
отырған Батыс пен Еуразияның мүдделерін байланыстырушы «Еуразия үшін
ХХІ ғасырдың геосаяси стратегиясы» атты мәнмәтіннің бойынан «түркілік
тұғырнама» да айқын көрініс береді. Бұл ұғымдағы – «Еуразияның қақпасын
Азияға ашушы» аталатын Әзербайжан көзқарасын қалыптастырушы топтама
өте жоғары бағалауға ие болады (290.146-160 беттер). Тап қазіргі уақытта «Wall
Street Journal» атты халықаралық деңгейдегі журналдың ақпараттық бюросының
жетекшісі Хью Поуп, өзінің ұзақ жылдар бойғы жұмысында әлемдегі жиырма
елдің ойлау дәстүрін егжей-тегжейлі зерттеп, сондай-ақ Кавказ бен Орталық
Азия (оның ішінде Әзербайжан мен Нахчыван анклавы да бар) мемлекеттерін де
толық аралап шыққан соң мынадай: «Жаулап алушылардың ұрпақтары: Түркі
әлемінің жаңа күншығысы» атты құнды зерттеулер жазды. Осы зерттеулерінің
негізгі қырларын аша отырып, ол түркі елдері туралы: «Менің кітабымда
келтірілетін басты дәлелдер, олардың бұдан кейінгі уақыттарда Еуропа мен
Орталық Шығыстың «шетке қақпайлайтын» қуыршақ ойыншылары болып
қала алмайтындығы немесе АҚШ пен ЕО-ның алыс одақтасы болу рөлін
таңдайтындығында болып отыр. Өйткені, олар жоғарғы құндылықты құптайтын,
бір-біріне көп векторлықпен байланған, өз құқықтарын жақсы білетін халықтар,
сондай-ақ күн өткен сайын гүлдене түсіп және ілгері қарай қарышты қадаммен
дамып келе жатқан мемлекеттер» деп жазады (292. 18-19 беттер).
Өзіміз көріп отырғанымыздай,
құрлықтың өзегі саналатын түркі әлемі,
шын мәнінде, Еуразияны дамытудың ішкі ынтасын қалыпты қозғалысқа
келтіре алатын қабілетті күш болып табылады. Еуразияның «үш жеріндегі»
(Маккиндер) түркі мемлекеттері құрған геосаяси жүйелерді нығайту, аймақтағы
басқа да елдердің де (тіпті Ресейдің де) мүдделерін қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: