Динара СуГуРБАЕВА
26
Почет
19 декабря в воинской части 6505 регионального
командования «Орталық» с 90-летним юбилеем че-
ствовали ветерана Великой Отечественной войны и
Национальной гвардии РК, почетного гражданина
города Караганды Николая Степановича Пастухова.
Именно здесь после окончания вой ны долгие годы
проходил службу на различных должностях гвардии
полковник в отставке Николай Пастухов.
Поздравить легендарного фронтовика прибыли заме-
ститель Главнокомандующего Национальной гвардией по
воспитательной и социально-правовой работе полковник
Мухометкали Сатов, Командующий региональным коман-
дованием «Орталық» генерал-майор Еркин Ботаканов,
Председатель Совета ветеранов регионального командо-
вания генерал-майор Ерсаин Рустемханов, представите-
ли Совета ветеранов ДВД области, командиры воинских
частей Карагандинского гарнизона, ветераны и офицеры
воинской части 6505.
После входа в зал Николая Степановича и его супру-
ги Татьяны Ивановны, тоже участницы Великой Отече-
ственной войны, в исполнении военного оркестра брига-
ды прозвучали фанфары, а присутствующие в честь четы
Пастуховых аплодировали стоя. Торжественное меропри-
ятие началось с показа специально подготовленного фо-
то-слайда о его служебном пути.
Первым ветерана от имени Главкомата поздравил пол-
ковник Мухометкали Сатов, который подчеркнул, что На-
циональная гвардия является наследницей Внутренних
войск и свято чтит свою историю, частью которой явля-
ются ветераны.
– Для нынешнего поколения гвардейцев их жизнен-
ный опыт и офицерская карьера стали настоящим при-
мером и путеводной звездой на нелегком, тернистом во-
инском пути. Благодаря огромному и бесценному вкладу
того поколения в разгром фашистских захватчиков в 1945
году пришла Великая Победа, 70-летие которой мы отме-
тили в этом году. И это заслуживает огромного уважения,
сказал Мухометкали Кусанович.
После этого он огласил текст поздравительного адреса
Главнокомандующего войсками и вручил юбиляру цен-
ный подарок.
Затем под бурные аплодисменты присутствующих ве-
терана с 90-летием поздравили и остальные гости. В сво-
ем поздравлении генерал-майор Еркин Ботаканов отметил
огромный вклад Николая Степановича в становлении и
развитии воинской части 6505, в воспитании последую-
щих поколений офицеров, где он прослужил до выхода на
заслуженный отдых. Кроме других по-
дарков по казахскому обычаю полков-
нику в отставке Николаю Пастухову им
был вручен традиционный чапан.
В ходе мероприятия аксакалу также
были вручены Почетная грамота аки-
ма Карагандинской области, денежные
премии, грамоты и ценные подарки от
имени Совета ветеранов органов вну-
тренних дел и Национальной гвардии,
Совета ветеранов ДВД Карагандинской
области и ветеранского Совета реги-
онального командования «Орталық».
Поздравили и вручили подарки коман-
диры воинских частей РгК «Орталық».
Надо отметить, что каждое поздрави-
тельное выступление гостей сопрово-
ждались фронтовыми песнями в испол-
нении солистов военного оркестра.
Гвардии полковник в отставке Па-
стухов Николай Степанович 17-лет-
Юбилей легендарного ветерана
отметили в родной воинской части
Юбилей легендарного ветерана
отметили в родной воинской части
27
Почет
ним парнем ушел на фронт, не успев сдать экзамены по-
сле окончания Урюпинского военно-пехотного училища.
Он участвовал в кровопролитных боях на Воронежском,
Степном (2 и 1 Украинских фронтах). В 5 гвардейской
стрелковой армии, в начале 287-м гвардейском стрелко-
вом полку 95 гвардейской стрелковой дивизии, а затем в
50-м гвардейском стрелковом полку 15 гвардейской стрел-
ковой дивизии.
В битве на Курской дуге был тяжело контужен и ра-
нен. В действующих частях прошел дорогами войны от
Орловско-Курской дуги через Украину и Молдавию в Ру-
мынию, а затем от города Проскурова (Хмельницкий) че-
рез Западную Украину, Польшу (Сандомирский плацдарм
на Висле) и Германию.
После окончания войны в сентябре 1945 года зачислен
в конвойные войска МВД СССР. Служил комсоргом ба-
тальона и полка 423 и 415 полках 72 дивизии конвойных
войск МВД, а затем 52 дивизии в городе Караганде на ко-
мандно-политических должностях.
На заслуженный отдых вышел в сентябре 1971 года
по выслуге лет. После воинской службы 25 лет был бес-
сменным военным руководителем средней школы № 61
Октябрьского района города Караганды.
Николай Степанович за мужество
и отвагу был награжден орденами От-
ечественной войны 1 степени и Крас-
ной звезды, медалями «За отвагу», «За
боевые заслуги», «За победу над Гер-
манией в ВОВ», «За отличную службу
по охране общественного порядка», «За
воинскую доблесть в ознаменование
100-летия со дня рождения Ленина»,
«За доблестный труд» Президентом Ре-
спублики Казахстан и многими други-
ми медалями.
С 1989 года являлся активным
участником ветеранского движения. С
1993 года – председатель ветеранского
совета воинской части 6505, а затем Ка-
рагандинского соединения Внутренних
войск МВД Республики Казахстан. За
боевые и трудовые заслуги и актив-
ное участие в военно-патриотиче-
ской работе по воспитанию подрас-
тающего поколения 30 апреля 2005
года Карагандинским областным
маслихатом ему присвоено звание
«Почетный гражданин города Кара-
ганды».
В свои 90 лет ветеран держится
молодцом, всегда подтянутый и пом-
нит имена всех своих командиров и
подчинённых, с кем ему приходи-
лось воевать и служить в послево-
енные годы. Рассказывая о своем
боевом и жизненном пути Николай
Степанович пожелал, чтобы нынеш-
нее поколение никогда не видело
ужасы той самой кровопролитной
войны в истории человечества. – Не
дай Бог вам перенести страх и горе
войны, когда рядом погибали мо-
лодые парни, строившие большие
планы на жизнь. Когда с душераздирающими криками и
с памятью о своих детках умирали сослуживцы, говорит
ветеран.
В завершении Николай Степанович поблагодарил всех
за оказанные ему почести и выразил огромную благодар-
ность Главнокомандующему Национальной гвардией,
командованию регионального командования «Орталық»,
ветеранской организации, командирам и пожелал всем
успехов в ратной службе. – Моя жизнь из 90 лет 75 про-
шла в военной форме. Сам любил носить военную фор-
му и вам желаю с достоинством носить форму защитника
Отечества. Вы стоите в первых рядах в борьбе с преступ-
ностью, где я прослужил все послевоенные годы, – от-
метил фронтовик. – Я благодарен судьбе, что в мою быт-
ность ни один солдат не оставил самовольно воинскую
часть. Из числа моих воспитанников в школе 14 выбрали
офицерскую стезю и стали полковниками. Двое геройски
погибли в Афганистане, – отметил ветеран, вспоминая
своих учеников из 61 школы.
Полковник Куаныш КОЖАХМЕТОВ,
г. Караганда
28
Спорт саңлағы
Күрес дегенде, ішкен асын жерге қоятын қазақтың
балуандардың белдесулерін көргенде делебесі қозып,
атой салатыны бесенеден белгілі. Атақты Балуан шо-
лақ пен дүниежүзін мойындатқан Қажымұқанның із-
басарлары бұл күндері баршылық. Әсіресе, елімізде
«Қазақстан барысы» турнирі қолға алынғаннан бері
боз кілемде шаң қаптырып, белдесудің қыр-сырын
жетік меңгерген бірталай балуандар төбесін көрсет-
ті. Татамиде табандылығымен танылған, тегеуріні
мықты, техникасы мығым спортшылардың қатарын-
да Ұлттық ұланның жауынгерлері де аз емес. Спорт-
сүйер қауымның қатарынан болсаңыз, біздің кімді
меңзеп отырғанымызды дәл табуыңыз тиіс. Иә, айда-
рымыздың бүгінгі қонағы - аты аңызға айналмаса да,
әскеріміздің намысын абыроймен қорғап, спорттың
бес түрінен спорт шебері атанып, әлем асуын бағын-
дырған бүгінде Астанадағы 5570 әскери бөлімі «Бүр-
кіт» арнайы мақсаттағы жасағының қыраны – капи-
тан Айбек Қырықбай жайлы болмақ.
Айбыны биік Айбектің спорттағы жетістіктерін
ескере отырып, қалың оқырман қауымға кеңінен сыр
шерту үшін саңлақ спортшыны әңгімеге тарттық.
– Айбек, Ұлттық ұлан жеке құрамы спортта
бағындырған асуларыңды ардақ тұтып, еңбегіңе үлкен
сыйластықпен қарайтыны сөзсіз. Осы тұрғыда, өзің
үшін, көпшіліктің ықыласына бөленіп, олардың үдесі-
нен шығып жүру қаншалықты ауыр жүк?
– Әріптестерім сыйлап жатса, құрмет пен қошемет-
тен кенде болмағаным ғой. Аллаға шүкір. Жалпы, адам
баласы ұрпағымен ғана бақытты дейді. Мен спортшы
нақсүйер жанкүйерімен, тілеуқор халқымен мың жасамақ
дер едім. Себебі кез келген спортшының төрткіл дүниеге
танылуы да, сәтсіздікке ұшырап, төмен құлдырауы да ха-
лықтан. Халқың шын қолдаса, өзің де қанаттанасың. Бұл
жақсы. Ал халқың атақ-абыройыңды тым асырып жібер-
се, бойыңды еркіндік билеп, жетістікке масаттану пай-
да болады. Бұл жаман, әрине. Сондықтан халық сүйікті
спортшысын жұлдыз «дертіне» шалдықпайтындай, «қол-
даушым жоқ» деп қамықпайтындай етіп әс көтеруі керек.
Сын да, мадақ та айтылғаны жөн. Тепе-теңдік сақталуы
тиіс. Сонда ғана спортшы өзіне артылған сенімді нақты
сезінбек. Спорттың аты спорт. Біреу жеңеді, біреу жығы-
лады. Десек те, бұған қам жеудің қажеті жоқ деп ойлай-
мын. Ең бастысы, алға қойған мақсаттарға жете біліп, бұл
жолда жаңылмаған абзал. Әлбетте, мен осы қағиданы
ұстанамын.
– Ең алғаш рет спортқа қай уақытта келдің.
Тұңғыш аяқ-алыстарың туралы айтып өтсең?
– Спортпен ең алғаш 4-ші сыныпта оқып жүргенде ай-
налыса бастадым. Бастапқыда еркін күреске әуестенсем,
аздаған уақыттан соң монғол күресіне көштім. Бұл еке-
уінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек
монғол күресінде партердің жоқтығы болмаса. Бұған қоса
дзюдо және самбомен шұғылдандым. Тұңғыш жетістігім
еркін күрестен мектепішілік жарыста орын алды. 40 келі
салмақта ешкімге дес бермедім. Бұдан соң монғол күресі-
нен өткен Батыс бес аймақтық сайыста жеңімпаз атан-
дым. Сол арада Монғолия чемпионатында дзюдодан да
олжа салғаным бар.
– Спорт болған соң, тәлімгерін жетелейтін бап-
керлер болады. Үлкен спортқа жолдама берген жат-
тықтырушыларың туралы тоқталсаң?
– Еркін күреске ең алғаш алып келген Жанарбек
есімді азамат болды. Ешбір атақ-даңқы болмаса да, мақ-
саты – аймақ балаларын жинап, спортқа баулу еді. Аз-кем
осы кісіден күрестің айла-тәсілдері туралы тәлім алдық.
Кейін монғол күресінде олжа салып жүрген Байра деген
балуаннан үйренгенім бар. Бұдан соң монғол күресінде
Мемлекеттік Қаршыға атағын иеленген Бахыт Однайұлы
деген балуаннан біраз нәрсеге қанық болдым. Бұл атаққа
екінің бірі иелік ете бермейді. Ел біріншілігінде он кезде-
судің бірден алтауында жеңіске жететін спортшылар ғана
лайық деп танылады. Осы кісі мені қазақ күресінен көп
нәрсеге үйретті.
– Қазақстанға қашан келдің. Жалпы мұнда келудің
себебі неде болды. Осындағы өмірдерегіңмен бөліссең?
– Ата жұртқа қоныс аудару бала кездегі арманым еді.
Сөйтіп, алыс арман 2003 жылы мені қазақ еліне жетеліп
әкелді. Қазақта «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде
Спорттағы жетістіктері:
2008 жылы дзюдодан өткен Қазақстан чемпионаты-
ның қола жүлдегері.
Жекпе-жектен 2009, 2010, 2011 ж.ж. ел біріншілігінің
жеңімпазы, 2011 жылы Азия чемпионатының қола жүл-
дегері.
Жекпе-жектен Республикалық ұлан Қолбасшысының
екі дүркін жеңімпазы, екі мәрте жүлдегері.
Жекпе-жектен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұла-
ны Бас қолбасшысының екі дүркін жеңімпазы.
Жекпе-жек ұрысынан 2012 жылдың Әлем чемпионы.
Джиу-Джитсуден Қазақстанның екі дүркін жеңімпа-
зы, Әлем чемпионы (2009 ж.)
Әскери самбодан 2009 жылғы Қазақстан чемпионы,
2011 жылы қола жүлдегер.
Самбодан Ішкі әскер, Ұлттық ұлан біріншіліктерінің
бес дүркін жеңімпазы.
Облыстық «Қазақстан барысы» турнирінің екі мәрте
жеңімпазы (2012, 2013 ж.ж.)
Айбыны биік Айбек
Айбыны биік Айбек
29
Спорт саңлағы
ұлтан бол» деген жақсы мақал бар ғой. Киелі қазақ то-
пырағында туған жердің бір тетігін қалап, өз үлесімді
қоссам деп мақсат қойдым. Сол жылы Қарағанды мемле-
кеттік университетіне дене шынықтыру дайындығы және
спорт мамандығы бойынша оқуға түстім. Әрбір дегесін,
спортта жүрген соң осы саланың маманы болуды қала-
дым. Оқумен бірге спорт зал мен жаттығуды еш ұмытқан
емеспін. Үлкен жарыстарда көк туды желбіретіп, ел на-
мысын абыроймен қорғауға бел будым. Бұл жолда қазақ
және самбо күресінен Қазақстанның спорт шебері, ағам
Азатбек Хабидоллаұлының еңбегі зор болды. Сол кезде
ағам мені самбодан әлем чемпионы, дзюдо күресінен Қа-
рағанды облысының бас жаттықтырушысы болған Сер-
гей Балабуевпен таныстырып, осы кісінің қол астында
көп тәлім алдым. Көп күттірмей ірі жарыстардағы тырнақ
алды жетістіктерім де пайда бола бастады. 2006 жылы
Монғолияда қазақ күресінен өткен Азия чемпионатын-
да қола жүлде еншілесем, араға екі жыл салып қырғыз
жерінде болған осындай додада күміс медальды қанжыға-
ма байладым. Бұдан кейін қазақ күресінен Ресейдің Орск
қаласында өткен әлем біріншілігіне қатыстым. Дайындық
жаман болған жоқ. Намысқа қамшы басқанмен, бесінші
сатыға тұрақтадым.
– Әскери қызметке қалайша келдің. Мұндағы қа-
дамдарың туралы баян етсең?
– 2008 жылы оқуды аяқтап, қолға диплом тиген соң,
жас түлектің ендігі арманы – жақсы жұмысқа орналасу
еді. Спортта бағындырған бірталай асуларымды байқаған
полковник Айдын Зейнуллин мені о кездегі Ішкі әскердің
арнайы мақсаттағы «Бүркіт» жасағына қызметке келуге
ұсыныс жасады. Еш ойланбастан бірден келісім бердім.
Күн-түн демей, қас қақпай қырағы күзетте тұратын эли-
талық бөлімшенің қатарына келу бейнебір басыма түскен
үлкен бақ деп санадым. Сөйтіп, 5451 әскери бөліміне
аға барлаушы (шабуылдаушы) болып қызметке кірістім.
Осы жылдары мен бұрынғы қоян-қолтық, қазіргі жекпе-
жек ұрысымен шұғылдануды қолға алдым. Жаттығу жұ-
мыстарына күш-жігерімді еш аяған емеспін. Бәлкім, со-
дан болар, алғашқы жеңістер де тез арада келе бастады.
Жекпе-жектен қатарынан үш жыл (2009, 2010, 2011 ж.ж.)
ел біріншілігінде жеңімпаз атандым. 2011 жылы Азия
чемпионатында қола жүлдені еншіледім.
Бұдан кейінгі қызметім Ұлттық ұланның Әскери ин-
ститутында жалғасты. Бес жыл бойы болашақ офицер-
лерге дене шынықтыру дайындығы бойынша дәріс беріп,
жекпе-жек пен күрес өнерінің айла-тәсілдерін үйреттім.
Ер азаматтар арасы болғасын, курсанттар спортқа жыл-
дам машықтанатын. Олардың арасында ел белесінде
биікке өрлегендер де болды.
– Айбек спорттық ғұмырыңда «Қазақстан ба-
рысы» турниріне де қатысқаныңды білеміз. Ондағы
жетістіктерің қандай?
– Иә, бұл жарысқа да белсене атсалысқаным бар. Үш
мәрте қатыстым. Ең үздік нәтиже алғашқы жылы тіркел-
ді. Еліміздің түкпір-түкпірінен кілең мықтылар жиналған
жарыста екі белдесуді ұтып, 1/8 шықтым. Осы сайыста
дзюдо спортында атой салып жүрген Қазақстанның бір-
неше дүркін жеңімпазы, Азия чемпионы, Әлем және
Олимпиада ойындарының қатысушысы, қазақ күресінен
Әлем чемпионы өзімнен 60 келіге ауыр болған Елдос Ық-
санғалиевті жамбасқа салып, таза жыққаным бар. Үшін-
ші айналымда сол турнирде «Қазақстан барысы» атанған
Ұлан Рысқұлға жол бердім. Бұдан бөлек мен джиу-джит-
сумен де айналысқамын. Ұрыс тәсілдерін ескермегенде
бұл аумаған дзюдо спорты деуге болады. Осы спорт түрі
бойынша екі мәрте Қазақстан чемпионы атансам, 2009
жылы Әлем асуын бағындырдым, тағы бір мәрте жаһан-
дық жарыста күміс медаль еншілегенім бар.
– Көпшілік арасында «Мықты спортшыдан мықты
жаттықтырушы шықпайды» деген тәмсіл бар. Мұ-
нымен келісесің бе?
- Келісемін. Қарап отырсаңыз, үлкен спортта жолы
болмағандардың бапкерлік қызметте тасы өрге домалап
жатады. Халық тегін айтпайды. Мәселен, мықты деген он
спортшының біреуі ғана бапкер болуы мүмкін.
– Спорттық жолда есте ерекше қаларлық сәттер
болды ма. Биік шыңдарды бағындыруда кімге алғыс ай-
тар едің?
– Есте қаларлық бір оқиға болды. 2012 жылы
жекпе-жектен Алматыда өткен Әлем чемпионатында
жеңімпаз атандым. Осынау жетістігімді ескере отырып,
бүгінгі Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лей-
тенант Руслан Жақсылықов маған арнайы мақсаттағы
«Бүркіт» жасағының айрықша айырым белгісі - күрең
беретті табыс еткен болатын. Сөз жоқ, бұл өмірімде ерек-
ше естен кетпейтін сәт болды. Әрине, әр уақыт өмірімде
демеп, биік белестерді бағындыруда қолдау болған ең ал-
дымен ата-анама деген алғысым шексіз. Азатбек ағама да
шын көңілден ризашылығымды білдіремін. Ұлттық ұлан
Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Руслан Фатихұлы
Жақсылықовқа, оның орынбасары генерал-майор Аль-
берт Мәткәрімовке, Әскери институт бастығы полковник
Жұмабек Ахметовке, Ұлттық ұланның спорт қызметіне,
өзімнің бұрынғы кафедра ұжымыма және басқа да бап-
керлер мен жаттықтырушыларға көп рахметімді айтамын.
– Аз-кем отбасың туралы айтып өтсең...
– Монғолия жерінде туып-өстім. Әкем мен анам қа-
рапайым азаматтар. Отбасыда бес бала өстік. 4 ұл, 1 қыз
бала. Қазіргі уақытта жанұям бар. Жұбайым – Гүлден
өмірдегі жан серігім. Кішкентай сәби тәрбиелеудеміз.
– Уақыт бөліп, дидарласқаныңа рахмет, жеңісті
күндерде жолығайық!
Әңгімелескен капитан Руслан ЖАНГуЛИН
30
Аққан жұлдыз
А
былай ханның ұрпағы, Уәли ханның немересі,
ағасұлтанның отбасында дүниеге келген Шоқан
оның біріне мән бермей, білімге құштарлана
ұмтылды. Ресей императоры Александр І өзіне қапысыз
қызмет етіп жүріп дүниеден өткен Уәли ханның алғыр, пы-
сық, өр мінезді, іскер, инабатты жесірі Айғанымның өтініші
бойынша Сырымбетте резиденция салып бергені мұндай
жақсы болар ма? Шоқан осында ашылған қазақ мектебінен
білім алып, оны Омбыдағы кадет корпусында жалғастырды.
Табиғатынан алғыр, зерек бала онда да үздік оқиды. Орта
Азияда тұратын түркі халықтарының тілдерін де еркін мең-
гереді. Хан отбасында дүниеге келген бала жеті жұрттың
тілін біліп, жеті жұрттың тәрбиесін бойға сіңіруге міндетті.
Шоқан ол міндетті де қапысыз атқарады. Кадет корпусын-
да да айы оңынан туды. Орыс әдебиетінен сабақ жүргізетін
ориенталист Н. Костылецкий, тарих пәнінің мұғалімі Гон-
севский, әдебиетші В. Лободовский оған терең білім берді.
Білімге айрықша құштарлығы 14-15 жасында-ақ оның бо-
лашақ ғалым, зерттеуші болатынына ұстаздарының көзін
жеткізді. Омбыдағы кадет корпусындағы тәлімгерінің кеңесі
әрі өзінің де таудай талабы Шоқанды Петербург қаласына
бастап келіп, сондағы университеттің тарих филология фа-
культетінде бір жыл дәріс тыңдаудың сәті түседі. Шоқанның
ресми түрде алған білімі осымен тамамдалған. Әйтсе де, өз
бетімен ізденіп, білімін жетілдіру процесі ғұмырының соңы-
на дейін буырқанған ағысын әлсіретпеген.
Шоқан көп ғылым саласын қатар меңгеріп, кең құлашты
зерттеу жүргізеді. Ол: ориенталист, тарихшы, этнограф, ге-
ограф, фольклорист. Жас ғалымды Орал, Еділ, Каспий ала-
бын, Оңтүстік Сібір, Байкал, Алтайды зерттеген П. Палла-
стың «Саяхат» атты кітабы, ғылыми еңбектері, олардағы
қазақ даласына қатысты ашқан ғылыми жаңалықтары қат-
ты қызықтырады. Осы құлшынысы, қызығушылығы оны
Омбыда қызмет етіп жүрген кезде Семей, Аягөз, Қарқара-
лы, Баянауыл, Көкшетаудан бір-ақ шығарады. Сәтті сапар
жалғасып, Ыстықкөл мен Қырғыз елінің картасын қағазға
түсіреді. Осы жанқиярлық ғылыми ізденістерінің нәтиже-
сі 20-дан жаңа асқан Шоқан Уәлихановтың Орыс геогра-
фиялық қоғамының толық мүшесі болып сайлануына жол
ашқан.
Шоқанның атақ-абыройын асырып, орыс империясына
талантын, алғыр қабілетін мойындатқан 1857 жылы Семей-
де жабдықталған арнаулы керуенмен Әлімбай саудагердің
атын жамылып аттанатын аса қауіпті де құпия, барынша
жауапты, саяси, мемлекеттік маңызы зор Қашқария сапары.
Текес, Қарқара, Сырт арқылы жол азабын мейлінше шегіп,
құмырсқа жыбырлап өте алмайтын берік шекарадан амалын
тауып өтіп, 6 ай Қашқария өлкесін жіті барлап, Қытайға қы-
зығушылығы артқан Ресей империясына қажетті мәлімет-
терін мұқият іздестіреді. Шоқан Қашқардың экономика-
лық-саяси құрылысын зерттеп, тарихына, этнографиясына
қатысты деректерді назардан тыс қалдырмайды. Бейтаныс
елдің саяси-экономикалық, сауда-саттық мүмкіндіктерін
шамалататын, үкіметке, ғылымға аса қат материалдарымен
оралады.
Шоқан тым жас саналғанымен, оның еңбеккерлігі, із-
денімпаздығы, көкірек көзінің өткірлігі, материалды анали-
тикалық талдау мүмкіндігінің жоғарлығы, ешнәрсені, еш-
кімді алаламай, барға объективті көзқарасы, таным тереңдігі
замандастарын қайран қалдырып, оған деген құрметтерін
күшейткен. Ол ғылыми ізденістерінде өз халқының өткен-
дегі мұрасы мен мәдени қазынасын ерекше бағалап, қастер-
лейтіні өз алдына, Шоқан басқа халықтардың да тарихына,
мәдениетіне ықыласпен, құрметпен қарап, жан-жақты тал-
дау жасап, терең зерттеген. Мәселен, Ыстықкөл, Қырғыз
еліне жасаған ғылыми сапарынан жазылған «Ыстықкөл са-
парының күнделігі», «Қырғыздар» атты мақаласы, Қырғыз
эпосы «Манасты» жазып алуы, оны «Илиадаға» балап, орыс
тіліне аударып, ғылыми айналымға түсіруі соның айғағы. Ол
табаны тиген, назарын аударған өлкеден құр қол қайтпай,
этнографиялық коллекцияларды ауырсынбай жинап, кейін
кәдесіне жаратқан. Шоқанның көрегендігін, алғырлығын
аңғартатын ғылыми қорытындылары қазір де аргументінің
беріктігімен сүйсіндіреді, соның біріне үңілейік. Орта Азия,
Сібір халықтары ұстанып келген шаман діні олардың әл-
сіздігін, санасы төмендігін аңғартатын көрсеткіш еместі-
гін Шоқан тарихи материалистік негізіне сүйене отырып
теріске шығарады: «Бір жағынан алғанда, шаман діні-жалпы
жаратылыстағы зор тұтынушылық, ал атап айтқанда, адам-
ның жаратылыстың әсерімен әрекет істеп, өмір сүруі. Бұл
жағынан алғанда шаман діні – шектен асқан материализм.
Ал екінші жағынан, адам өлгеннен кейін өзі аруаққа айна-
лады-мұнысы шектен асқан спиритуализм. Тамаша идея,
неге десеңіз мұнда мифологиялық адасулар жоқ және ол
қоғамдық жағдайларға, қоғамдық заңдарға кең өріс береді».
Таң-тамаша қаласыз. Философиялық астары қалың, айтары
уәжге толы. Мұнда балаңдық емес, даналық жатыр, жақ-
сылықты, дарқандықты әспеттеп, соны сақтауды, жетілдіру-
ді көксейді.
Шоқан-қазақ халқының орысша білім алған, алдыңғы
қатарлы орыс оқымыстыларымен пікірлес, бағыттас болған
шын мәніндегі әрі ең тұңғыш ғалымы. Оның Шоқан дең-
гейіне көтерілуіне Омбыдағы кадет корпусындағы білімді,
алғыр ойлы, көреген ұстаздарымен бірге оның әдеби дүни-
Таңғажайып құбылыс
Таңғажайып құбылыс
Достарыңызбен бөлісу: |