Аға лейтенант Дарын СЕЙІТОВ,
Алматы қаласы
Ерлік
15
«Бар күйі шертілген жоқ,
Жастықтың жазында әлі.
Сен бір қызық тараусың....
Өмірімнің мазмұнындағы»,
– деп ақын Күләш
Ахметова айтқандай, таң көбесі сөгілместен аяғы-
на әскери бәтеңкесін киіп, саптық алаңға асыққан
ерлердің өміріндегі қызық тарау әскери қызметі
десек, қателеспес едік. Қызығы мен қиындығы,
ыстығы мен суығы қатар жүретін шақты езуіне
күлкі үйіріле еске алмайтын жандар кемде кем
шығар. Бұл келеке үшін емес, Хәкім Абай айтқан-
дай жақсыдан ғибрат алатын, көңілге шуақ ұялата-
тын сезім.
Аязда жүріп ыстығың тасығандай, теңізде жүріп
шөлдегендейсің. Адамдардың арасында жүріп
адамдарды жоғалтасың, адамдардың арасынан
адамдарды іздейсің, адамдардың арасында жүріп
адамдарды сағынатының да қызық. Жастық салған
әннің қайырмасы – әскери қызмет! Десе де, ол жағы
бір төбе. Ең бастысы, әскери қызмет жастарды аптап
ыстықтан, қытымыр аяздан, сан тарау қиыншылықтан
өткізу арқылы туған жер, Отан, ата-ана қадіріне там-
тұмдап бойлатады. Тіпті, алыстағы адамға да көңіл
бөлуді үйретеді. Көңілдің кілтін тауып, жүрегін аша-
ды. Ал жүрегі ояу жандар сын сағатта қарап тұрмасы
анық. Оның нағыз айғағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік»
өңірлік қолбасшылығына қарасты 5571 әскери
бөлімінің әскери жасағының ерлігін айтса болады.
Қызметіміз баспасөз саласымен байланысты
болғаннан кейін интернет беттеріне жиі үңілетініміз
бар. Бірде әлеуметтік желілердің бірінде Айзада Ав-
латарова есімді қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты
көзім шалады. Жиырмаға жаңа толған жауқазындай
жас қыздың суреттегі көздері «мені қашан таба-
сыңдар?» деген кейіппен қарап тұрғандай болды. Ой,
дүние-ай, ай мен күннің аманында адам қайда кетеді?
Бейне бір, шытырман ойлар көңілді алаңдата берді.
Оқиғаның соңы немен бітер екен? Жалғыз мені емес,
дүйім жұртты алаңдатып отырған сұрақтардың бірі
осы еді. Жоғалған қыз туралы жаңа ақпарат табылып
қалар деген оймен жаһандық желінің беттерін күнде
ақтара бердім. Сол оқырмандарға қарап тұрған қыз-
дың бейкүнә көздері сұрақтың ашық қалпында қалға-
нын аңғартқан болды. Сонымен, желтоқсанның аязды
кешінде қызмет құжаттарымды реттеп, кептелісі сейіл-
ген шаһардың көшесіне тереземнен бір қарадым да үй-
іме кетуге беттедім. Міне, сол сәтте сергек жүрісімен
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының
тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөнін-
дегі орынбасары полковник Нұрбай Бектұрсынов:
Жүрегі ояу жандар
Ерлік
16
«Фотоаппаратыңды дайында, қазір жоғалған қызды
тапқан әскери жасақ қолбасшылықтың ғимаратына
келеді», – деп әскери жасақ туралы ақпарат таратуға
тапсырма берді. Интернет кеңістігіндегі сү йінші хабар
қытымыр кешті жылытқандай болды. «Қазақстан Ре-
спубликасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қол-
басшылығына қарасты 5571 әскери бөлімі сарбаздары-
ның қайсар және сенімді іс-әрекеттерінің арқасында
Алматы облысы Іле ауданы Жетіген кентінде жоғалып
кеткен 20 жастағы Айзада Авлатарова табылды.
Кинолог маман кіші сержант А. Әлімбетов, қа-
тардағы жауынгерлер Т. Нұрхан және Б. Бинұр құра-
мындағы жедел мақсаттағы ротасының әскери жасағы
лейтенант Р. Сердалиновтың жетекшілігімен Алматы
облысы Қапшағай қаласының маңындағы «Капшағай
таңы» саяжай кооперативінде жедел-іздестіру іс-шара-
ларын атқару барысында қыздың жоғалуына күдікті И.
деген азаматты анықтап, оны ұстады, соның арқасын-
да із-түзсіз жоғалып кеткен Авлатарова Айзада Әлім-
жанқызының қайда екені анықталды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әске-
ри қызметшілері өздерінің әскери міндетін адал атқа-
ру арқылы құқықтық тәртіптілікті нығайту жолында
үлкен үлес қосып келеді және тәуліктің кез келген
уақытында еліміздің тұрғындарына көмекке келуге
әзір!» – дейтін мәлімет желтоқсан желіндей әлеумет-
тік желілерді кезіп жүр екен. Сәлден кейін, көптен
күткен жеңімпаз жасақ қолбасшылықтың ғимаратына
келді. Жүздерінде жылу, көздерінде нұр ұялаған жі-
гіттер қуаныштарын жасырмады. Балақтарына дейін
қар кешіп, қырық шақырымға жуық жол жүргендеріне
қарамастан көңіл-күйлері көтеріңкі. Бұл – адамға жақ-
сылық жасағаннан кейін пайда болатын риясыз сезім.
Аяқ киімдері қар суынан кеппеген күйі бізге сұхбат
берді.
– Біз темір жол бойын жағалап келе жатқанда ал-
дымыздан екі адамның сұлбасы көрінді. Белгісіз біре-
улер бізді көріп қарасын батырғысы келді. Ізін суыту
барысында бағыттарынан бұрылғандай боп көрінді.
Біз «Зерон» қызмет итін пайдалана арттарынан қуып
жеттік, – дейді жасақ жетекшісі лейтенант Рустам Сер-
далинов. Әрі қарай барлығы өз түйінін тапты. Ұлан-
дықтардың «қасыңыз дағы адам кім болады?», – деген
сұрағына күдікті «жай танысым» деп жауап берген
екен. Жауынгерлер құжаттарын сұрап суреттегі қыз-
бен салыстырады. Ұзақ қарап тұрып әскери жасақ
жолаушыдан жоғалған қыз Айзаданы таниды. Ал, қа-
сындағы азамат еш қарсыласпастан қолына кісен сал-
дырды. Сол кезде жауқазындай қыздың көзінен жас
тамшылап, ұзақ уақыттан бері сезімі араласып кет-
кендей болды ма, үн-түнсіз тұра берді. Бұл қуаныш та,
наз да, қорқыныш та болуы мүмкін. Тек жылы жүрек-
ті жауынгерлердің көмегімен бір отбасы өз жақынын
тауып, қуанышқа кенелді. Ал мен жасақты суретке
түсіріп, өз жұмысыма кірістім.
Әрине, әскери жасақтың ерлігі басшылық тара-
пынан ескерусіз қалмады. 14 желтоқсан күні Ұлттық
ұлан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының 5571
әскери бөлімінің клубында Қазақстан Республикасы-
ның Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара
болып өтті. Жиын барысында қызмет бабында көзге
түсіп ерекшеленген әскери қызметшілер грамоталар-
мен марапатталып, оларға құрмет көрсетілді. Олар-
дың арасында Іле ауданы Жетіген кентінің тұрғыны 20
жастағы Айзада Авлатарованы табуға үлкен септігін
тигізген әскери жасақ та бар еді. Оларға «Оңтүстік»
өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-
майор Ә. Серәлиев ерекше құрмет көрсетіп, қатардағы
жауынгерлер Нұржан Тілеухан мен Бибол Бинұрға
туған жеріне кезектен тыс 10 күн демалыс жарияла-
са, «Зерон» атты итпен жұмыс жасайтын кинолог кіші
сержант Арман Әлімбетов пен жасақ жетекшісі лей-
тенант Рустам Сердалиновты мемлекеттік марапатқа
ұсыну үшін Ұлттық ұлан Бас қолбасшысына жеделхат
жолдады. Бұнымен қоса салтанатты іс-шараға Айза-
даның ағасы Руслан мен сіңлісі Гүлзара арнайы келіп,
туғанын табуға үлкен көмегін тигізген әскери қыз-
метшілерге алғыстарын айтса, туысы Ниагара ұлан-
дықтарға арнап би қойды.
Өмірге жақсылық толтыратын жылы жүректі жан-
дар бар екені анық. Ұландықтардың қатары осындай
абзал жандармен толыға берсін деген тілектеміз!
Аға лейтенант Дарын СЕЙІТОВ,
Алматы қаласы
Служба
17
Ратный труд – дело нелегкое. Он требует от каждого
офицера – организатора обучения и воспитания солдат
– высокой собранности, организованности, подтянуто-
сти, дисциплины и самоотдачи. Это вытекает из необ-
ходимости дальнейшего повышения ответственности
воинов за защиту Отечества, из непрерывного усложне-
ния военного дела, из того, что от действий каждого во-
ина зависит успех всего подразделения и части в целом.
Чтобы руководить таким воинским коллективом неза-
висимо от его численности, офицеру самому надо быть
примером для подчиненных в выполнении служебных
обязанностей, во взаимоотношениях с людьми, в быту и
личном поведении.
Как в военное, так и в мирное время жизнь ежечасно
испытывает офицеров на прочность, ставит в самые нео-
жиданные ситуации, вовлекает в сложную цепь человече-
ских отношений, проверяя его нравственную стойкость,
волю, принципиальность и чуткость к людям. Офицеру
недостаточно иметь только теоретические знания, даже об-
ширные и глубокие. Он должен быть руководителем нового
типа – вдумчивым философом и социологом, психологом
и педагогом, умеющим на практике применять теоретиче-
ские знания, глубоко осмысливать жизненные процессы и
самостоятельно делать правильные выводы, умело влиять
на формирование нравственно-психологического климата в
воинских коллективах.
– Офицер учит подчиненных, а поэтому сам обязан в
совершенстве знать военное дело, современную технику и
оружие, способы эффективного их использования в бою.
Он воспитывает подчиненных, поэтому обязан сам быть
воспитанным, строго соблюдать нормы морали. Только
в этом случае данное право требовать не только обрета-
ет силу закона, но и вызывает у подчиненных осознанное
стремление любой ценой исполнить приказ, волю команди-
ра, – считает заместитель командира стрелковой роты по
воспитательной и социально-правовой работе лейтенант
Ербол Отарбаев.
Лейтенант Отарбаев в представлении не нуждается, он
известен как в войсках, так и в стране в целом. С ним мы и
побеседовали на тему становления молодых офицеров.
– Итак, молодой офицер вступает в свою первою
офицерскую должность, он стремится быстрее перей-
ти к осмыслению накопленного до него опыта и претво-
рению его в своей работе. Причем, этот необходимый
процесс происходит, когда идет адаптация к новым
условиям. Господин лейтенант, как это происходит у
Вас?
– Да, это непростой процесс. Для начинающих коман-
диров – вчерашних курсантов – нелегкой является задача
полного и быстрого внутреннего осознания своей новой
роли, овладения первой должностью, когда требуется на
научной основе соединить знания и навыки, полученные в
институте, с решением практических задач боевой службы,
обучения и воспитания личного состава. Ротный коллек-
тив для молодого офицера – это тот участок, где познаются
все тонкости воинской жизни и деятельности, совершен-
ствуются умения и навыки, приобретается и шлифуется
профессиональное мастерство. Здесь важно не растерять-
ся в многообразном потоке новой информации, новых от-
ношений и впечатлений. Придя в армию, приняв Военную
присягу, я думал только о том, чтобы с честью выполнить
свой воинский долг. После армии, в 2011 году, поступил в
Военный институт в г. Петропавловске, который закончил в
2015 году. В новом воинском коллективе, где служу теперь,
я продолжаю учиться общению с людьми, находить с ними
общий язык, взаимопонимание. Наша задача – охранять
исправительные учреждения. И эту задачу добросовестно
выполняют военнослужащие, которые затем благополуч-
но возвращаются домой к своим родным и близким. Мы,
офицеры, для этого обучались в высших учебных заведе-
ниях, нас обеспечивало всем необходимым государство.
Моя цель – оправдать доверие, оказанное мне. Я бы хотел,
чтобы и нынешние юноши, служащие в армии, не боялись
трудностей, ведь я тоже не думал о том, что в армии со-
вершу героический поступок, который повлияет на мою
дальнейшую судьбу. А трудности есть не только в армии,
но и в жизни каждого из нас. Хочу пожелать всем солдатам
не бояться этих трудностей, они преодолимы, ведь каждый
гражданин обязан выполнить поставленную перед собой
цель, несмотря ни на что, чувствовать и понимать свое
предназначение.
– Когда появилась мечта о военной службе? Еще в
детстве, как у многих или уже во время прохождения
срочной воинской службы?
– У каждого человека должна быть мечта. Уже в школь-
ные годы я решил быть военным, мой дед – ветеран Ве-
ликой Отечественной войны, отец тоже отслужил, старший
брат закончил службу в армии в 2007 году. Эта священная
обязанность закреплена в ст. 36 Конституции Республики
Знать и уметь –
девиз молодого офицера
Служба
18
Казахстан. И мы обязаны ее выполнить, так как государ-
ство дает нам возможность бесплатно учиться, получить
соответствующее образование, осуществить свои планы.
Поэтому в том, чтобы достойно отслужить год своему От-
ечеству, своему народу, защищать и охранять мир, спокой-
ствие и порядок – я не вижу проблемы, ведь это граждан-
ский долг.
– Что Вы считаете главным в работе?
– Во-первых, в воспитательной работе необходимо
уметь убеждать людей, а не принуждать, заставлять, запу-
гивать. Примером тому – политруки, которые в годы Вели-
кой Отечественной войны умели убеждать людей в правоте
выполняемого дела, проявлять мужество и героизм, про-
водившие в этом плане большую работу. А за годы войны
сколько наших героев-батыров не пощадили своих жизней
во имя Родины! Продолжили героическую летопись нашей
страны воины-интернационалисты, вписавшие немало
славных страниц в историю Афганской войны. Вот именно
с таких героев мы должны брать пример, честно выполняя
воинский долг, становясь убежденными защитниками От-
ечества. А награда обязательно найдет своих героев. Поэ-
тому я, как офицер-воспитатель, должен методами убежде-
ния, примера научить своих подчиненных стремиться к
своему будущему, к своей цели, ответственно относиться
к своим обязанностям, быть дисциплинированными и ис-
полнительными воинами. И если ты дал слово, то должен
его обязательно сдержать. Кроме того, долг каждого офи-
цера – заботиться о своих подчиненных, вникать в их нуж-
ды и интересы, оказывать необходимую помощь, а они, в
свою очередь, никогда не подведут, даже в самые трудные
моменты службы. Великий полководец Б. Момышулы ска-
зал: «Преклоняющийся перед дисциплиной не будет рабом,
а без дисциплины нет страны». Своими опытом, знаниями
он во время войны доказал, как победить страх, трудности
тех лет.
– С какими трудностями Вам приходится сталки-
ваться? Кто помогает Вам в овладении секретами во-
инского мастерства, в Вашем становлении?
– В первые дни службы в должности заместителя ко-
мандира стрелковой роты по воспитательной и социаль-
но-правовой работе трудность заключалась в том, чтобы
суметь понять каждого, его порядок работы, мнение. Пото-
му что когда я учился в Военном институте, там все было
иначе, другой распорядок. Здесь же, к примеру, даже какие
-либо приказы, распоряжения в целях их быстрого выпол-
нения передаются устно или через технические средства. А
чтобы преодолеть трудности, необходимо поставить перед
собой цель, которую можно воплотить на практике. За по-
мощью я обращаюсь к своему воинскому коллективу, зна-
ющим, опытным старшим товарищам, вместе с которыми
мы обсуждаем и решаем актуальные задачи. Это командир
воинской части 6698 полковник Б. Джакипбеков, командо-
вание части, воспитательные структуры, начальники служб
и отделений.
– Как Вы совершенствуетесь, пополняете багаж зна-
ний? Проводите ли самостоятельную работу над собой?
– Чтобы получить знания, надо не только выучиться в
школе, в институте, надо учиться всю жизнь. Как гласит
народная пословица: «Век живи – век учись». Я посещаю
соответствующие занятия, тренировки, обращаюсь за отве-
тами по некоторым вопросам к опытным людям, которые
могут дать полезные советы, рекомендации, разъяснения.
Надо читать книги. К примеру, я увлекаюсь чтением авто-
биографий выдающихся людей, в которых порой нахожу
ответы на возникающие вопросы, и получаю интересную
информацию.
– Есть ли у Вас кумир, герой для подражания?
– Когда получил ранения при задержке осужденных,
совершивших побег, перестала работать рука, я себя по-
чувствовал инвалидом. Но когда ко мне на помощь пришли
мои товарищи, боевые друзья, психологи, почувствовал
уверенность в себе, в своем будущем. Это тоже дало мне
силы вновь встать в армейский строй. И я очень благода-
рен Главнокомандующему Национальной гвардией ге-
нерал-лейтенанту Руслану Жаксылыкову, командованию
воинской части, в которой проходил срочную воинскую
службу, всем тем благородным людям, которые поддержали
в сложной жизненной ситуации, не остались в стороне, не-
смотря на то, что я рядовой солдат. Это для меня большая
честь, это же открыло путь для прохождения дальнейшей
Воинской службы в рядах Национальной гвардии. Окончив
военный институт, я начал свою службу в воинской части
6698 в должности заместителя командира стрелковой роты
по воспитательной и социально-правовой работе. Думаю,
что смогу внести свой вклад в воспитание нынешних за-
щитников Отечества, чтобы оправдать оказанное мне дове-
рие Руслана Фатиховича. Я хочу быть похожим на него!
– Как добиться хороших результатов в своей работе,
Служба
19
что для этого необходимо, каким нужно быть?
– У каждого офицера, в зависимости от его специфики,
специальности, есть свои методы и формы работы, кото-
рые, конечно же, направлены на то, чтобы достичь опреде-
ленных результатов и в учебе, и в службе, и в дисциплине.
И все это опять-таки зависит от каждого из нас, от того, су-
меем ли мы передать своим подчиненным знания, умения,
навыки, даже своим внешним видом и поведением. А так-
же для того, чтобы достичь успехов в работе, необходимо
довести до каждого члена коллектива, что от него зависит
и общий успех в целом. Надо приложить все усилия, все
усердие в службу, тогда будут и хорошие результаты. Если,
например, в лодке гребет один, а остальные смотрят, то
вперед она не пойдет, а если все вместе, то можно достичь
определенных результатов.
– В преддверии Нового года, чтобы Вы пожелали во-
еннослужащим
Н а ц и о н а л ь н о й
гвардии?
– Новый год –
важный праздник.
Каждый
строит
свои планы, на-
деется на лучшее.
Военнослужащим
срочной службы
я желаю, чтобы
они на всю жизнь
остались верны-
ми клятве, данной
Родине, тогда мы
сможем
вместе
преодолеть
все
трудности и прий-
ти к прекрасному
будущему,
про-
грамму развития
которого озвучил
в новом Послании
наш
Президент
Нурсултан Назар-
баев. Это должно
быть в сердце каж-
дого. Военнослу-
жащим, отслужившим установленные сроки воинской
службы, благополучно возвратиться домой, порадовав сво-
их родных и близких, найти свое место в жизни, ведь имен-
но на молодежь большие надежды возлагает Президент,
создает необходимые условия для ее обучения и трудоу-
стройства, чтобы молодые казахстанцы могли самореализо-
ваться. Офицерам, военнослужащим по контракту, членам
их семей желаю крепкого здоровья, успехов в ратной служ-
бе, достижения поставленных целей, служить и поднимать
авторитет Национальной гвардии, престиж защитника От-
ечества. Как говорится: «Каковы офицеры, таковы и вой-
ска». Все в наших руках, все возможно.
– Благодарю Вас за интересную беседу.
Альфия АХМЕДЖАНОВА,
фото рядового Дмитрия Сафронова
20
Тұлға
Б
үгінгі көзі қарақты қалың
оқырманға Асанәлі Әші-
мов ағамыз секілді сах-
на саңлағын, өнер майталманын
таңыстырып жатудың өзі артық.
Бәрімізге «Атаманның ақыры»,
«Трансібір экспресі», «Сіз кім-
сіз, Ка мырза?» атты және өзге де
орны бір төбе кинотуындылар-
мен етене таныс ел ағасымен кез-
десуді көптен бері ойымызда еді.
Міне, соның сәті еліміздің тәу етер
тұғыр лы мерекесі – Тәуелсіздік
күні қарсаңында мүмкін болып,
ақиық азаматпен жолығып, сыр
сұхбат құрудың жолы түсті.
– Аға! Ел өзіңізді әскери
адамдарды сомдаған рөлдеріңіз-
бен де жүрегіне жақын тартты.
Еліміздің айбыны – Ұлттық ұлан-
дықтардың атынан келіп отырған-
дықтан әңгімеміздің әлқиссасын,
әскери қызмет және жалпы әскер
туралы тақырыптан бастасақ.
– Оның жөн. Әскер туралы сөз
болғанда әрине, бірінші кезекте
тәртіп сөз болады. Тәртіп деген не?
Алдымен осыған келейікші. Ол -
барлық жауынгерлердің заң мен
әскери жарғыға белгіленген тәртіп
пен ережені бұлжытпай орындауы.
Қарулы Күштердегі Әскери тәртіп
әрбір жауынгердің өз әскери міндетін
сапалы атқаруына, өзінің Отанын
қорғауға жауапты екенін түсінуіне
негізделеді. Командирлердің бұй-
рығынан жауынгерлер өз Отаны-
ның талабын көреді, сондықтан да
оны орындауға білімін, әскери даяр-
лығын, қажыр-қайратын жұмсайды.
Әскери тәртіп әрбір әскери қызмет-
шінің өзінің әскери борышын және
өзінің Отанын қорғауға деген жеке
жауапкершілігін, өз халқына шексіз берілгендігін кәміл
сезінуіне негізделеді. Әскери тәртіп әрбір әскери қыз-
метшіні өзінің борышын адал атқаруға міндеттейді де.
Тәртіпті, ісіне ұқыпты болуды алдымен әскери
адамдардан үйренуіміз қажет. Тәртіп болмаған жер-
де әскер мығым болмайды. Мен сомдаған кейіпкерлер
ішкі рухы мығым, әр қадамын есеппен басатын, қай
кезде болмасын, қандай жағдайда болмасын жеңіспен
шығатын адамдар болды. Көбінесе олар жеңімпаз
тұлғалар болатын. Мұндай адамдарды жан-тәнімді са-
лып сомдап, оны халқыма қажетінше көрсете алғаным-
Отанға адалдық жай сөзбен емес,
іспен дәлелденуі қажет
Достарыңызбен бөлісу: |