Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


'Гуркі тілді ислам философиясы



Pdf көрінісі
бет157/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   305
'Гуркі тілді ислам философиясы
181
Деінті-Қыпшақтан қоныс ауцарған қазақ тайпаларымен етене араласып кет- 
тх. Әбілқайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан қанжілік болған 
қазақ халқы Әбілқайыр хан қоластынан шығып, Қазақ хандығьша келіп жет- 
ті. XV ғасырдың 50-жылдарының ортасынан 70-жылдардың басьша дейін Же- 
тісуға 200 мың адам көшіп барды. Он шақгы жыл айналасында батыс Же- 
тісу өңіріне осынша адамның жиналуы кең epic, қоныс керек етті. Қазақ 
хандығының алдына үш үлкен тарихи міндет қойылды. Асан қайғының 
«Жерұйықты іздеу немесе жер-суларға берген сьщцарьщда» осы орайдағы негізгі 
идеялар көрініс тапқан.
Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан 
қалыптасқан тэртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілқайыр хандығындағы 
аласапыран аркылы бұзылған) көшпенділердің көкейтесті мүддесі еді. Мал 
шаруашылығы ерте кезеңдерден, бүгінгі терминдерді қолдана айтсақ, кеңістікті 
аса қажет ететін экстенсивтік нысанда жүргізілген. Қазақстанның жер ауқымының 
кендігі сақталуының көп себептері осында болса керек. Шаруашьшықтың экстен- 
сивтік сипаты жерге қоғамдық меншіктің ерекше үлгісін қалыптастырды. Кеш- 
пещи халық үшін нысаны қазақ халқыньщ тек терт түлікті ғана танып білуімен 
шектелмей, жер, суды тануға мэжбүр етті. Сондықтан қазақ халқы өзі көшіп-қо- 
нып жүрген ой-қырдың бэрін бес саусағындай білген. Жаңадан шаңырақ көтерген 
Қазақ хандығын нығайту рухында Асан қайғының жерге айтқан (сахараны дана 
қария бір мәліметте 6 жыл, енді бірінде 12 жыл, үшіншісінде 17 жыл аралаған 
дейді) сындарынан үзінділер келтірелік.
«Асан қайғы ұзын аққан Ертісті көргенде: «Мына шіркіннің баласы тойдым 
деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отырмас. Сиырдың мүйізі, доңыздың 
құлағы шығып түрған жер екен», - депті.
...Шідерлі деген өзенді көргенде: «Мына шіркіннің топырағы асыл екен. 
Алты ай мініп арықтаған ат бір айда майға бітетің жер екен. Бос жылқы шідерлеп 
қойғ^ндай тоқтайтын, жылқының өрісі екен», - депті.
... ¥зы н ақкан Сыр бойын көргенде: «Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен. 
Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда дұрыс екен...»
- депті.
Асан қайғы бүкіл алты алаштың (қазақтың) жер-суын, қонысын көрсем, , 
бұларға жағдай туғызсам деп, көп заман өдіірін далада өткізіпті. Жүрген жерінде 
жақсы қонысқа да баға беріпті.
Қазақ халқының ғылыми шығармашылығына қарағанда көркем шығармашы- 
лық көш ілгері болды. Әсіресе поэзия ерекше дамыған, сондықган қазақ тұр- 
мысында абстрактілі үғымдар көркем образдарға айнальш отырған. Мысалы, 
«Қамбар ата» - жалпы ұғым. Жалпы ұғымдар қалыптасуы - қоғамдық сана 
дамуының нәтижесі. Адамның жылқы түлігін өзге түліктерден бөліп алып, оның 
ортақ қасиеттерін рухтандырып, нақтылы ұғыммен белгілеуі - гносеологиялық 
(түптұқияндық) тану.
¥лттық философияны зерттеу не үшін керек? ¥ л т - адамдарды тұтастырып, 
біріктіріп тұратын қасиетті ұғым. Әр ұлттың тілі белек, өнері, мэдениеті өзгеше, 
рлайда осы ұлтгық тіл, өнер, мэдениет бас-басьша дамымайды, бұлар бірін-бірі 
құрарландырып, толықтырып, жетілдіріп, жандандырып отырады. Ал енді осы-


182
III тарау. О ртағасы рльщ ф илософ у
ның бәрінен туындайтын ұлттық дүниетанымды білдіретін ұғымды біз ұлттық 
философия деп атаймыз. Біздің пікірімізше, ұлттық мәдениетті таңдау барысында 
халықгық гносеология төңірегінде салиқалы сөздер айтьшуға тиісті. Себебі ұлт- 
тық философия дегенде басты проблема халықтың іс-әрекеті болуы керек. Халық 
өзінің рухани қазынасының иесі ғана емес, оның жасаушысы да. Халық филосо- 
фиясы Қорқыт ата, Асан қайғы, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бұқар жырау, 
Махамбет, Шоқан, Ыбырай, Абай, т.б. дара тұлғалар, халықтың, елдің тағдырьщ 
толғаган кемеңгерлер арқылы дамыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет