Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет155/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   305
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді,
Өтірік сөзбен қостама.
Асан қайғының (Жәнібек ханға) толғауларымен таныса отырып, оның дү- 
ниедегі жан иесінің жағдайын ойлап турған кемеңгер екенін көреміз:
Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Қулан қайтіп күн көрер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?
Шыбын шықса жаз боіплі,
Таздар қайтіп күн көрер,


үркі тілді ислам философиясы
179
Жалаң аяқ балапан,
Қаздар қайтіп күн көрер?
Мұнан біз қазақ философиясының өмір сүру философиясына, яғни рухы 
ясағынан 
қазіргі экзистенциализмге жақындау екенін көреміз. Халықтың «жалған 
өмір» туралы түсінігі тек діни бойкүйездікке құрылмаған, ол белсенді эрекетті де 
ясоққа шығармайды. Қазақ: «Түстік гұмырың болса, кештік мал жина», - дейді.
Асан қайғы жырларының заман жүгін көтерер мәселелерінің бірі - ар, 
адамгершілік туралы ой-толғаулары. Жыр құрылысына қарап, терме түрінде ай 
тылғанын байқаймыз. Бұл жырлардың Асан қайғы мораль философиясының 
қазығы екендігі даусыз:
Еділ бол да, Жайық бол,
Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе,
Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құиы болса да,
Алдьща келіп қалған соң,
Қол қусьтрып барған соң,
Аса кеш те, қоя бер,
Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде,
Айыбын тап та ала бер,
Ерегісіп ұрыспа.
Терме өнері - халқьтмыздың ойлау тәсілінің ерекшелігін білдіретін мәдени 
феномен.
Асан қайғының көрегендігі мен кемеңгерлігін оньщ «Қилы-қилы заман болар, 
қарағай басын шортан шалар» деп жұмбақтап айтқан сөздерінен көреміз. Жырау 
алдағы замандарда халықгың рухани күйреп, азып-тозатынын, аяусыз қырыльш
зобалаңға ұшырайтынын тап басып болжай білген.
Тұспалдап сөйлеу тэсілін зерттейтін ғылымды герменевтика дейді. Біз гер- 
меневтиканы Батыс Еуропа ғалымы Гадамер еңбегі арқылы танып жүрміз. Эри­
не, қазіргі білім саласы атанып отырған герменевтика мен қазақша ойлау тәсілін , 
білдіретін герменевтика мэн жағынан өзгеше. Оны зерттеу қажет. Біздің айтып 
отырғанымыз мэселенің мэнісіне орай айтылған пікір. Қазақша ойлау тәсілінің өз 
ерекшелігі бар, демек, оның логикасы да, теориясы да ерекше болуы занды.
Жер мен су адамдар үшін дүниенің ортасында тұрган табыну затгары бол- 
ды. Өйткені ол адамдарды құтқарған, сақтап қалган деп түсінілді, сондықтан оған 
Қүдяй ретінде қарады. Қазақ аңыздарындағы жер, су туралы түсініктер ежелгі 
Алтай тауларынан шықты деген аңыздан бастау алады, сондықтан осы уақытқа 
дейін Алтайға құрметпен қарап, өр Алтай, Асқар Алтай деп мадақтаған. Алтай 
тауларын жер-судың, ата-бабаларының рухтарымен кездесетін орын деп санады. 
Сол аңыздарда Алтайда сүт көлі бар, оның үстіне онда Алтын Бәйтерек - қасиетті 
алтын терек өседі, біздің орта дүниемізді аспанмен байланыстырады, сондықтан 
оны Жер Тэңірінің кіндігі деп айтады делінген. Алтайда бір көлі бар, ол Қызыл 
көл деп аталады, онда Кер балық өседі, балықтың бойында барлық адамдардың,


180


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет