Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы



Pdf көрінісі
бет293/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Тақырып бойынша сұрақтар:
1. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің философиялық идеяларының антропоцентризм! мен 
гуманизмі туралы ойыңыз қандай?
2. Абай Құнанбаев адам мен Құдайдың, сенім мен білімнің арақатынасы, адам өмір сүруі- 
нің мағынасы туралы, адамгершілік философиясы туралы құнды ойларына талдау жасаңыз.
3. Шәкәрімнің алғаш кәсіби қазақ философы ретінде ой-пайымдауларының ерекшелігі неде 
жэне Абай идеяларымен сабактастығы қандай деп ойлайсыз?
4. XX ғасыр басындағы қазақ ағартушылығы мен қазақ интеллигенциясының ұстанған бағы- 
тына қандай баға бере едіңіз?


К дзақ философиясьмың кецестік кезеці
323
Қазақ философиясының кеңестік кезеңі
Демократиялық қоғамға өту, нарықтық қатынастың қалыптасуы мен Қазақ- 
станда жаңа мемлекеттіліктің құрылуы қоғамдық қатынастардың барлық са- 
лаларын дүр сілкіндірді. Ұлтгық идея қайнар көздеріне қайта оралу, ғылымдар 
арасындағы табиғи өзара байланысты құру жэне кезеңімен жалпы адамзаттық 
құндылықтарға ауысу ұлттық өзін-өзі танудьщ қазақ халқының атрибуты ретінде 
қалыптасуына жақсы бастама болды. Бұл үдеріс Қазақстанның басқа халықтар 
өкілдерінің өмір сүру салттарынан да жемісті нәтижесін бере бастады.
Алайда XX ғасырда қазақ халқының даму тарихында жағымды эрі жағымсыз 
бір-біріне қарама-қайшы жайттар өте көп болды. Осыған сәйкес дамулар 
Қазақстан философтарының ғылыми зерттеулерінде жарық коре бастады, әсіресе 
марксизм-ленинизм методологиялық ұстындарына жетекшілік ететін ғалымдар 
еңбектерінде көп кездеседі. Олар осы қоғамдық қатынастардың күрделі спектрін 
бір қырынан жаңғыртып отырды.
XX ғасырдың 30-жылдары жарық көрген алғашқы философиялық жұмыстар 
республикамызда орын алған революциялық қайта жаңғыру деп аталатын әлеу- 
меттік бастамаларға, әсіресе Қазақстандағы социализм қүрылысының ерек- 
шеліктеріне қатысты бағытталған болатын. Осы жылдары республикамыздың 
жоғары оқу орындарында алғашқы философия кафедралары ұйымдастырылды, 
К. Маркс, Ф. Энгельс жэне В.И. Ленин еңбектерін қазақ тіліне аудару ісі белең 
алды. Әсіресе Қазақстанда философия 50-жылдардың ортасынан бастап қар- 
қынды дами бастады. Оған себеп 1949 ж. Қазақ университетінде философия 
факультетінің ашылуы, 1958 ж. Қазақ КСР ҒА философия жэне құқық инсти- 
тутының ұйымдастырылуы, сонымен қоса 1978 ж. Қазақ университеті жанынан 
қоғамдық ғылымдар бойынша оқьпушыларды жоғары квалификацияланған ма- 
ман ретінде дайындау институтының құрылуы болды.
Социализмнің материалды-техникалық базасын қурү, қоғамдық қатынас- 
тарды тамырынан қайта қарау маңызды философиялық мәселелердің бір қата- 
рының шеаіімін табуға көмектесті деп айтуға негіздер бар. XX ғасырдың 
80-жылдардың ортасынан бастап Қазақстанда ғылыми жэне педагогикалық 
жұмыстарды мамандандырылған философтардың ауқымды тобы жүргізді, сол 
кезде оларды 400-ден аса мамандар, соның ішінде б академик пен Қазақ КСР FA 
корреспондент-мүшесі, 20 доктор мен философия ғылымының 180 кандидаты 
құрады. Барлық 60-қа жуық жоғары оқу орындарында философия саласы бойын- 
ша ғылыми зерттеу жұмыстары көзге көрінерліктей нәтиже бере бастады.
Зерттеушілердің басты назарынан келесі сүрақтар орын алды: лениндік 
философиялық мұра, элеуметтік танымның методологиясы, капиталистік емес 
даму жолыньщ заңдылықтары, кеңес қоғамының элеуметтік-таптық құрылымы
ұлттық қатынастар, социалистік қоғамның даму жолындағы субъективті фактор- 
ДЫҢ 
алатын рөлін айқындау, социалистік қоғамдық қатынастардың жетілу үде- 
рістері, социалистік қоғам рухани өмірінің дамуы, тұлғаның үйлесімді даму жо- 
лын қалыптастыру жэне т.б. мэселелер қүрады.
Дәл осы жылдары нақты элеуметтік-танымдық зерттеулер дами бастаған 
болатын. Қазақ университетінде ұйымдастырьшған әлеуметтік зерттеулер лабо-


3 2 4
Л


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет