Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V III тарау. Крзак, философиясы



Pdf көрінісі
бет292/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305
V III тарау. Крзак, философиясы
жалғыз дәру деп түсінеді. Ғашық адам — жаралы адам, жар сүйсе жазылады, сүй- 
месе өледі, махаббат — бір тэтті у, адамды махаббаттай елтітіп, есеңгіретер күш 
жоқ, - дейді.
Мағжан — заман туғызған өз дэуірінің, жаңа заманның ақыны, нәзік, сезімтал 
ұлт ақыны. Мағжан ақынның философиялық дүниетанымын, оның өмірге, тірші- 
лікке, табиғат пен адамға, махаббатқа деген көзқарасын, лирикалық философия- 
сын түйіндей келе айтарымыз: Мағжан Жұмабаев — қазақ әдебиеті мен қоғамдық 
ой-пікірінде Абайдан кейінгі күллі ақындар жетпеген шырқау көкке көтерілген 
ұлы ақын, ойшыл, сыршыл философ. Ол — өз дэуірін нэзік сезінген, Батыспен 
Шығыс ақыл-ойын, рухани құндылықтарын бойына дарытқан, білімдар, терең 
ойлы ақын эрі философ.
Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920 ж.) — ұлы ақын, көрнекті қоғам- 
дық саяси қайраткер. Философиялық мәселслерге арналған көптеген өлеңдер 
жазған. Олардың арасында, атап айтқанда, «Оқуда мақсат не?», «Жан қайда 
эділетті іздейтұғын», «Бір адам көп жасады жер бетінде» жэне т.б. елеулі туын- 
дылары бар. «Қамар сұлу» романындағы, «Адасқан өмір» дастанындағы филосо- 
фиялық ойлары — қазақ философиясына қосқан елеулі үлесі. Адам өмірінің мэні 
мен мақсаты, қоғам дамуының ерекшеліктері, болмыстың жалпы негіздемелері, 
таным мен адам қызметінің атқаратын рөлі жэне басқа да философиялық ізденіс- 
тер, әдеби-көркемдік құралдар мен эдістер арқылы өріледі.
XX ғасырдың бірінші жартысында қазақ философиясында өзіндік ерек- 
шеліктерімен, рухани тың ізденулермен көзге түскен, бірақ кеңес заманында 
көзтаса қалған ағым діни-ағартушылар еді. Ақмолла Мұхамедиярұлы, Нұржан 
Наушабайұлы, Әбубәкір Кердері, Шэді Жэңгірүлы, Мақыш Қалтайүлы сияқты 
осы бір зиялы ақын-ойшылдар мұрасы соңғы жылдары ғана философиялық зерт- 
теу объектісіне айналып отыр. Олар дінді уағыздаушьшар емес, дінді ілім ретінде 
тиянақты білім алатын жолдардың бірі деп қарастырады.
Сонымен, философия тарихын зерттеу мен насихаттау Қазақстанда XX ғасыр- 
дың басынан қолға алынды. Ш. Құдайбердіұлы, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы 
шығармаларында, діни-ағартушылық ағым өкілдерінің еңбектерінде эртүрлі дең- 
гейлерде көрініс тауып отырды. Ал өз алдына философия факультеті мен инс­
титут ашылғаннан кейін косіби философтар даярланып, философияның көптеген 
мэселелері ғылыми түрде жүйелі зерттеле бастады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет