Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы



Pdf көрінісі
бет173/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

V I тарау. Н ем іс классикальщ философиясы
201
Фихтенің «басқа Мені», табиғаты, обьектісі Канттың «өзіндік заты» сияқты 
санадан тыс өмір сүрмейді, ол - сананың ерекше қызметінің қажетті туындысы. 
Бұл қызметтің ерекшелігі санада осы қызмст жүріп жатқанда, адамда ол туралы 
саналы ойлау қабілеті болмайды. Сондықтан да қарапайым күнделікті сана ол 
туралы ештеңе білмейді.
Сол себепті сананың осы ерекше қызметін қарапайым сана біздің түйсігіміз- 
дің мазмұны, бізге табиғаттан берілген деп ойлайды. Қарапайым сананың бұл 
қателігін тек философиялық ойлау ғана түзете алады. Шын мәнінде, түйсігіміз- 
дегі мағлұматтар «Меннің» (сананың) іс-әрекетінен туындаған «слестету» ғана.
Фихтенің пікірінше, әрекетшіл «Мен» эр уақытта да өзінің қарама-қарсы- 
сының эсерімен қозғалысқа жэне іс-әрекетке түседі. «Меннің» себепсіз іс-әре- 
кеті - оның қызметі мен алдындағы мақсатының өзара қарама-қайшылықтарын 
қайта-қайта қалпына келтіру процесі. Басқаша айтқанда, бір кедергіден өтіп, оны 
жойған кезде екіншісі пайда болады, сөйтіп, шексіз кете береді. Өзінің осы тә- 
сілін Фихте «антитетикалық» тәсіл деп атаған. Бұл тэсілдің ерекшелігі: антите­
зис тезистен шығарылмайды (диалектикалық тәсілдегідей), керісінше, антитезис 
қарама-қарсылық ретінде тезиспен қатар қойылып, содан кейін барып олар бірі- 
геді. «Антитетикалық» тәсілді қолдану арқьшы Фихте теория негізінен (түйсік, 
бақылау, қиялдау, елестету, ойлау, тағы басқаша қарастыру негізінде) практикалық 
ақьш-ойдың негізгі мазмунына, қабілетіне қарай ой түзейді. Осының арқасында 
субъект рет-ретімен теориялық іс-орекеттің ең төменгі сатысынан жоғарғы саты- 
сына дейін көтеріледі де, бул деңгейде ол ойлау объектісін өзінің ақыл-ойының 
белсенділігінің нэтижесі екенін түсініп-біледі. Сөйтіп, «ғылым туралы ілім» тэсі- 
лі адамзат ақыл-ойының даму жолымен сәйкес келгендіктен, айналып келгенде, 
өзінше байланысқан адамзат рухының тарихы болып шығады.
Фихтенің «практикалық философиясының» (этика, құкық жэне мемлекет 
туралы ілім, т.б.) негізгі ұғымы - «бостандық» уғымы. Ол «бостандық» ұғымын 
«кажеттілік» ұғымына қарсы қою арқылы түсіндіруге тырысады. Спиноза сияқ- 
ты Фихте де адам жігері оның қандай да болмасын рухани іс-әрекеті себептілікке 
бағынады деп есептеген. Бірақ осындай жалпыға бірдей қажеттілік бостандық- 
тың болу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Ал бостандық дегеніміз - қажеттілікті 
жою емес, керісінше, жеке адамдардың, адамзаттың заңдар мен мақсаттарға өз 
еркімен бағынуы. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз - қажеттілікті танып- 
білуге негізделген іс-әрекет. Өнегелілік жэне қүқықтық мэселелерге тоқтала ке- 
ле, Фихте этиканы адамның ішкі дүниесіне бағытгалған бостандық деп, ал құ- 
қықты адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтін әлеуметтік құбы- 
лыс деп санайды. Демек, құқық әділеттілік зандарына емес, адамдар арасындағы 
өзара қатынастарға сүйенеді. Ал өзара қатынастардың, келісімдердің негізі болып 
қоғамда үстемдік етіп тұрған зандарға эркімнің бағынуы саналады.
Фихте мемлекеттік билікті бөлу идеясын қолдамайды. Жалпы адамзат меншік 
иелері жэне меншігі жоқтар болып екіге бөлінеді. Мемлекет дегеніміз - меншік 
иелерінің ұйымы. Демек, мемлекет азаматтардан басқалардың құқығын мойын- 
дауды талап ету үшін өзінің олардың әрқайсысын меншік иесіне айналдыратын- 
дай ұйымдастыру қабілеті болуы керек. Кейінгі еңбектерінде Фихте мемлекет пен 
құқықты адамзатгың эдепті өмір сүруінің бастапқы, бірақ қажетті даму сатысы


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет