Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстүрлілік пен жаңашылдык, философиясы



Pdf көрінісі
бет287/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   305
Дәстүрлілік пен жаңашылдык, философиясы
3 1 7
Әншейін құр жарқырап түрып алып, 
Жылылық нұрмсн бірге жүр қозғалып, 
Барша әлем тапжылмай тұрып қаралса 
Бола ма уақыт деген өлшеу салып?
Мақсат па, тәртіп керексіз тозаңы жоқ, 
Тексермей неге отырмыз мұны ойланып? -
Деген үзінділерден диалектиканың біраз заңдарын көруге болады: жылылық (за­
кон сохранения, энергия), қозғалыс (движение), уақыт, элем, (время и простран­
ство), тозаң (атом), бөліну (деление атома), жан, мэн (сущность), қуат (энергия), 
түрден түрге бөліну (изменения видов, состояний) жэне басқа категорияларга 
байланысты өзінің түсінігін білдіреді жэне сонысы дурыс та. Жаратылыс механи- 
касын ғылыми жолмен ұққан адам өміріне байланысты қорытындыларды да сол 
тургыдан тэмамдайды.
Құс, балық, шаян, кеп алуан,
Айуаннан өсіп болдық адам.
Кейіміз есті, кейіміз надан,
Жаралыс салған сондай мән.
Жанымыз күннен келген нұрдан,
Тэніміз топырақ пенен судан.
Кун - атам, анық жер - анам,
Бірі нұр берік, бірі тамақ,
Бұзады бірақ қайтадан 
Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрі анам - бұл жер, эрі молам,
Денемді жұтпай тынбаған, -
деп адамның дүниедегі орнын, тіршілік күйін ақын өте дұрыс түсініп суреттейді. 
Айуаннан дегені маймылды меңзегені болуы керек. Бәрі «жаралыс» (жаратылыс) 
заңына байланысты өтіп жатады дегені де ақылға қонады. Ал адамдардың кейі 
есті, кейі надан болуы да осы әуелгі «жаратылыстан» деуі ақындық бейне, түйін 
жағынан алғанда өте жарасымды езу тартқызатын юмор (әзіл).
Адамның жақсы, жаман болуы ортаға, қоғамға, мақсат, идеалға байланысты 
екенін ақын білмейді емес, бірақ бұл детальдар социологияның жумысы, эңгіме 
бүкіл әлем жайында болып отырғанда ақын о жағын бажайлап, жата ма? Жерді 
«эрі анам, эрі молам», - деп тауып айтқан.
Ғалым жаратылыс, философия тақырыбынан табиғат (жер, ай мен күн, жан- 
жануар, өсімдік) лирикасына ауысқанда да Шәкәрім ғылымдық негізден аулақ 
кетпейді, белгілі қүбылыстың занды ерекшеліктеріне мэн беріп отырады. Абай 
сияқты табиғат көріністерін, жыл мезгілдерін адамға немесе оның қылығына 
ұқсатып жырлау ақынға тэн. Жердің сан алуан өсімдіктер мен жан-жануарға толы 
қалпын: «жөн беріп жарық жылы нұрдан, күн атам жерді буаз қылған», - деген 
кейіптеумен айтады. «Әбден толып жарық ай» атты өлеңінде Шәкәрім ай мен 
күнді сүйікті жарға бәсекелескен адам есебінде алып үлкен поэзиялық сурет жа- 
сайды.
Көркем шығармаларында, негізінде, дұрыс поэзиядағы ақын, философиялық 
ой топшылауларында көбіне түртінектеу қараңғыда қарманғандай тустары


318


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет