Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Дәстурлілік пен жандшылдык, философиясы



Pdf көрінісі
бет289/305
Дата17.10.2023
өлшемі20,78 Mb.
#117665
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Дәстурлілік пен жандшылдык, философиясы
3 1 9
қатарьша қосу, оны мақұлдату иісі қазақ жұрты философ ғалымдарының аңсары 
мен арманы, ар-ұжданы, қасиетті қарызы мен парызы эрі намысы емес пе?
Ал енді Шэкэрімнен кейінгі қазақ философиясын дамытуда үлкен өзіндік орны 
бар қазақ зиялылары Ахмет Байтүрсынов, Міржақып Дулатов, Сүлтанмахмүт 
Торайғыров, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұстафа ПІоқай сын- 
ды ақын-ойшылдарымыздың философиялық мұраларын, дүниетанымын айқын 
саяси ұлттық бағыт алған әлеуметтік ізгі ойларын бүгінгі ғылыми зерттеу ныса- 
насына айналдыру кәсіби философ ғалымдарымыздың алдында түрған келелі де 
жауапты міндеттерінің бірі деп түсінеміз.
Машһүр Жүсіп Көпейұлы 
(1857-1931 ж.) көптеген әдеби, публицистикалық 
(көсемсөз) жэне философиялық ой-тұжырымдарын эртүрлі қоғамдық-саяси, эко- 
номикалық және мәдени мәселелерге арнаған. Соның ішіндегі негізгілері: ғы- 
лымды игерудің маңыздылығы, білімге халықты тарту, кейбір қоғамдық құбы- 
лыстарды сыни тұрғысында зерттеу, ислам дінінің ел өмірінде алатын орны жэ­
не басқалар. Ол өзінің «Менің ұзақ өмірімдегі көз көрген қызықты уақиғалар», 
«Сарыарқа кімнің жері» атты кітаптарында орыс келімсектерінің қазақ жерін 
иемденуіне қарсы шывсгы. Кезінде М. Көпейүлы ұлт өмірінде кездесіп отырған 
керағар құбылыстарды батыл сынады, халықты езгіден құтылып, еркіндікке же- 
зуге шақырады. «Жігер», «ерлік» сияқты философиялық-эдеп ұғымдарын өз қаді- 
рінше тәп-тәуір сипаттаған.
Ахмет Байтұрсынұлы 
(1873-1937 ж.) - аса көрнекті жазушы, ғалым-фило- 
соф. Оның негізгі философиялық ізденістері тіл мен көркем-эдеби шығармашы- 
лық табиғатын анықтауға бағытталған. Өзінің «Әдебиет танытқыш» деген еңбе- 
гінде осы аталған мәселелерді философиялық тұрғыдан талқылап, кең ауқымды, 
методологиялық маңызы зор теориялық түжырымдар жасайды. Сөз өнері, көр- 
кем сөз шығармашылығы, оны оқытып-үйрету жэне дамыту, қалыптасу жене 
даму зандылықтары — Байтүрсынұлының басты философиялық тақырыптары. 
Сөз - тек қана дыбыс белгісі ғана емес, ол адам ойлауының саналы жэне мэнді 
бастауы, сонымен бірге оның әсемдік түйсігінің маңызды көрінісі. Осы бағытта 
ол үлттық ойлау жүйесін философиялық тұрғыда ғана зерттеп қоймай, жалпы 
адамзаттық құндылықтар аясын, астарын анықтауға көп зер салады. Лингвис- 
тикалық философияның кейбір қырларын шольш, философия тарихына өз қаде- 
рінше үлес қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет