Байланысты: Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3
Акдш-жырауларфилософиясы 2 8 3 Некесіз туған шатасын...
Қызың киді биқасап,
Тергеп кимей байқастап,
Кешкі тұрым болғанда
Құлан менен бұландай
Үйге тұрмас ойқастап... -
деп ата мен баланың арасында сыйластық кетті, көрінген адамды хан қойды,
билікке таласты, яғни қалыпты өмірдің сеңдей бұзылып, болашағы бұлдыр қия-
метке айналғандығының нақты көрінісі деп бағалап, Шортанбай ақын үлкен адам-
гершілік мэселесін де жоғары бағалап, оның осындай қиын жағдайларға түскеніне
қарамастан өзіміздің тұрмыс салтымыздағы төл ерекшеліктерімізді сақтап қалуға,
оны бұзбауға эрекет жасайды.
Шортанбай ақынның Ресей патшалығьшың отарлау саясатына тікелей түбе-
гейлі қарсы шығуы, оның әлеуметтік-философиялық дүниетанымьшьщ бір қырын
көрсетеді. Бұл саясат еркіндікке улы тырнағын батырып, тұншықгыра түсті. Ғ.лттің
қабырғасын қайыстырып, қальшты тіршіліктің қабырғасын қақыратып сөкті деп
зарлайды Шортанбай:
Қыс көбейді жаз аз боп,
Бай таусылды мал аз боп,
Ағаны іні көрмеді
Атаға бала араз боп.
Әр нәрсенің болжамы,
Келе жатыр жақывдап,
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір ақылдап.
Елді еркіне қоймады,
Буыршындай тақымдап,
Дәурен бексіп болыс тұр
^
Кәпірдің сөзін мақұлдагт...
Арқадан дәурен кеткен соң
Қуғындап орыс жеткен соң
Түсті амал жоқ қазақгар,
Енді сенің торыңа.
Орыо бүркіт - біз түлкі
Аламын деп талпынды. ,
Орыстан қорлық көрген соң
Отырып билер алқынды...
Міне, біздер ақынның осы толғауларынан байқайтынымыз, орыстанды-
ру саясатының тікелей қарқынынан шошып, ақын қазақ тұрмысына, болмысы-
на орыс мэдениетінің эсер етуіне наразылық білдірді. Ол қазақ қоғамындағы
ескі заманнан бері атадан балаға ауысып отырған адамгершілік ережелерінің,
нормаларының «бұзылуын» осы ене бастаған жаңа саясаттың эсерінен деп
пайымдайды. Осы қайшылықтарды шешу, одан қүтылу жолын Шортанбай өткен
өмірге, ескі тэртіпке қайта оралудан көрді. Әрине, бұл түсінікті де жүздеген жьш-
дар бойы хальщ санасына, турмысына сіңіп қалған ұлттық салт-дэстүрді, оның
болмысын, психологиясын бірден күштеу арқылы күрт өзгерту кімдерді болса