Жалпы бағдарлама ғылым тарихы мен философиясы


Ғылымның пайда болуы және оның тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері



бет2/11
Дата15.04.2023
өлшемі48,48 Kb.
#82846
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ИФН программа (каз)

Ғылымның пайда болуы және оның тарихи эволюциясының негізгі кезеңдері.
Алғы ғылым және ғылым. Білімнің қалыптасуындағы екі стратегия: практикалық тәжірибені талдап қорыту және теориялық үлгілерді құру. Ежелгі өркениеттер мәдениетіндегі ғылыми білімнің бастамалары (Үндістан, Қытай, Вавилон, Шумер, Египет). Ежелгі полистердің мәдениеті және теориялық ғылымның алғашқы формаларының қалыптасуы. Антикалық дәуірдің натурфилософялық идеялары. Эллинизм дәуіріндегі ғылыми білімнің даму ерекшелігі. Ежелгі Рим жағдайындағы білім жүйесі.
Орта ғасырдағы зияткерлік атмосфераның ерекшеліктері. Ортағасырлық Еуропадағы білім жүйесі. Ортағасырлық университеттердің феномені. Араб-мұсылман өркениеті жағдайында ғылымның дамуы. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі тәжірибелік ғылымның қалыптасуының алғышарттары. Қайта өрлеу дәуіріндегі натурфилософия. Жаңаеуропалық мәдениетте тәжірибелік ғылымның қалыптасуы. Жаңа заман философиясындағы гносеологиялық мәселелер. Танымның әмбебап әдісінің мәселесі. Жаңа заман мәдениетіндегі эксперименттік және математикалық жаратылыстанудың ерекшеліктері. Механикалық жаратылыстану ерекшеліктері.ХIХ-ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы жаратылыстанудағы революция. Ғылымның кәсіби қызмет ретінде қалыптасуы. Ғылымның өзіндік пән ретінде пайда болуы. Ғылымның технологиялық қолданылуы

2

Семинар

Антикалық дәуірдің ғылыми бағдарламалары
1. Пифагор мен Платонның ғылыми бағдарламалары
2. Зенонның апориялары және олардың қазіргі білімдегі маңызы
3. Демокриттің атомистік ілімі және материя туралы қазіргі ғылыми түсініктер
4. Аристотельдің ғылыми бағдарламасы және оның ғылымдар классификациясы

3

Семинар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет