Жалпы білім беретін ұйымдардағы дефектологтың және инклюзивті топтардағы,сыныптардағы мұғалімдердің қызметі
Қазіргі жас ұрпақ біздің болашағымыз. Бұл жас ұрпақтың ішінде қарапайым балаларда даму мүмкіндігі шектеулі балаларда бар.Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінің бөлінбес бір бөлігі болып табылады.
Бұл орайда ҚР Үкіметінің 2011-2020жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылуда.Мұнда білім саласы мамандарына арналған міндеттер барысында ақыл-ойы қалыпты дамитын балалармен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардыңда білім алуына барлық жағдайды жасау керектігі айтылған .Қазіргі уақытта даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасауда өзекті мәселе инклюзивті білім беру.
Еліміздегі экологиялық тепе-теңдік бұзылуынан жұмыс басты болып,балаларына жеткілікті уақыт бөле алмау салдарынан,бала есін білгеннен бастап планшет,смартфондарды көп қолдануына байланысты олардың сөйлеу қоры азайып жүре пайда болған аурулар салдарынан ерекше білімді қажет ететін балдар саны артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балдар кездеседі,олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуда логопедпен,дефектологпен және психологпен бірлесіп жұмыс атқарамын.Ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс тануда ең алдымен қалалық психологиялық-дәрігерлік –педагогикалық кеңестің қорытындысына сүйене отырып жұмыс жасаймын.Қорытындыдағы баланың диагнозына байланысты әр балаға жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.Ерекше білімді қажет ететін балаларға бөбекжайға келгеннен бастап психолог,логопед,дефектологпен бірлесіп жұмыс жүргізіледі.Мен консилиум толтыруда мынандай сұрақтар арқылы диагностика жасап аламын:өзі және жанұясы туралы мәліметтерді білуі,өз-өзіне қызмет көрсете білуі,қоршаған орта туралы түсінігінің болуы,қарапайым математикалық ұғымдарды меңгеруі,ауызша сөйлеу тілінің ерекшелігі,бейнелей білу әрекеті,қол еңбегімен шұғылдана алуы,эмоционалды тәртіп ерекшеліктерін анықтап қорытынды жасаймын.
Көзі нашар көретін оқушыларды алдыңғы қатарға отырғызу ,құлағы нашар еститіндер үшін дыбыс ұлғайтқыштың болуы,тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы орындықтардың және тағы басқа жабдықтармен жабдықталуы тиіс.
Дефектолог-ерекше білімді қажет ететін балалардың қалыптасуына, өз бетінше өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін педагог. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы көмек көрсету.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру
Дефектолог-ерекше білімді қажет ететін балалардың қалыптасуына, өз бетінше өмір сүруіне бағыт-бағдар беретін педагог. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақытылы көмек көрсету.Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру
Педагог-дефектолог келесі қызметтерді атқарады:
1.Әрбір оқушының дамуын толық зерттеп,оқуға қабілетін анықтайды.Қыркүйек айында жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша мектепішілік консилиум шешімі негізінде,оқушылар дефектологтың сабағын алуға ұсынылады. Сонғы диагностика мамыр айында өткізіледі.
2.Әрбір қабылданған оқушыға дефектологиялық ұсыныс жазылады.Оқушының негзгі белсенділігін,психикалық барысын арттырады.Соның ішінде оқушының зейінін,есін,қабылдауын және ойын дамытады.
3.Зерттеу қорытындысы бойынша оқушыға түзете-дамыту бағдарламасы жасалады,соның ішінде оқушының негізгі әрекеті қай деңгейде екені көрсетіледі.Топтарға бұзылысының құрылымы бірдей оқушылар алынады.Түзету сабақтары сабақтан тыс кезінде өткізіледі.
Жас ерекшеліктеріне және диагноздарына сәйкестендіре отырып, әр оқушы жекелеген сабақтарға келеді.Әр топпен аптасына 2-реттен сабақ өтіліеді,ал жеке сабаққа 1-рет келіп отырады (түзету-дамыту жұмыстары,әр оқушының жеке сабақта,фонетикалық есту қабілетін дамыту,лексика-граматикалық,сөз таптарын қалыптастыру ) күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай сабақ жүргізіледі.
Педагог-дефектологтың нормативтік құжаттары:
Педагог-дефектологтың нормативтік құжаттары:
1.Жылдық жоспар
2.Сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары мен бағдарламалары
7.Ата-аналар,бастауыш сынып мұғалімдеріне кеңес беру журналы.
8.ПМПК консилиум хаттамалары және журналы
9.Педагог-дефектологтың 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс сағаты
10.Әр жарты жылдыққа жасалған жұмыс есебі
Қорыта айтқанда дефектологтың жұмыс жүргізу барысында баланың психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды,оқуда қиындықтар жойылады,өз ойларын жеткізе алады,әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды жағымды мінез құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.
Қорыта айтқанда дефектологтың жұмыс жүргізу барысында баланың психофизиологиялық мүмкіндігі дамиды,оқуда қиындықтар жойылады,өз ойларын жеткізе алады,әлеуметтік-адамгершілік қасиеттері дамиды жағымды мінез құлық қалыптасады.Өмірге құштарлығы артады.