Жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында облыстық «Әбіш оқуларының» байқауын өткізудің ережесі І. Жалпы ереже


Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы



бет3/3
Дата21.02.2023
өлшемі18,73 Kb.
#69860
1   2   3
Байланысты:
ереже Әбіш2023

Ә.Кекілбаевтың шығармаларынан сахналық қойылым байқауы.

Қойылатын талаптар: Байқауға топ құрамындағы 5 оқушының қатысу мүмкінділігі қаралады (5 адамнан артық болмауы керек). Сахна мәдениеті, өзін-өздері ұстауы, сахналық киімдері, сөйлеу мәнерлері мен тақырыпты толық аша білулері бағаланады (экранда көрсетілген және театрда қойылған туындылардан басқа). Берілетін уақыт 10 минут.



IV. Ұйымдастыру комитеті:

4.1.Облыстық Әбіш оқуларына дайындық және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру облыстық білім басқармасының бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.


4.2. Облыстық ұйымдастыру комитетінің мүшелігіне облыстық білім басқармасының қызметкерлері енгізіледі.

V. Қазылар алқасы:
Қазылар алқасы төраға және мүшелерінен тұрады. Қазылар алқасының құрамын облыстық білім басқармасы бекітіледі. Қазылар алқасының құрамына оқу орындарының тәжірибелі мұғалімдері, әдіскерлері, жоғары оқу орындарының ғылым кандидаттары, аға оқытушылар енгізіледі. Оқушылары турнирге қатысатын мұғалімдер қазылар алқасына кіруге құқығы жоқ.
Қазылар алқасының төрағасы:
-Оқудың тапсырмаларының оқу-әдістемелік деңгейіне, қойылған талаптардың сәйкестігіне жауап береді;
-қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады және басқарады.
-қатысушылардың білімі мен өнерін бағалаудың өлшемдерін бекітеді;
- қатысушылардың білімі мен өнерін тадау жасайды және 5 (бес) баллдық жүйемен бағалайды.
Қазылар алқасы:
-қатысушылардың өнеріне талдау жасайды;
-қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды және қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді. Оқушылардың жұмысының бағалануындағы таластарды талқылап шешеді;
- жеңімпаздарын және жүлделі орындарын анықтайды;
- қазылар алқасының шешімі өзгермейді және қайта қарауға жатпайды.
Әбіш оқуларының қорытындысы туралы есеп береді.


VI. Қорытындылау және марапаттау.
Облыстық Әбіш оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлер облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталады.


VII. Байқауға қатысушылардың «Дарын»
қосымша білім орталығына келу тәртібі.

Қатысу үшін өтінімді облыстық мамандандырылған мектептер, қалалық, аудандық білім бөлімдері арқылы беруі қажет. Өтінімдер 2023 жылғы 17 ақпанға дейін қабылданады.


Өтінім мына мекен- жайға жолданады: Деркөл кенті, Лагерная көшесі,
7 үй, электронды поштасы daryn_uralsk@mail.ru және телефоны 8(7112)218127


IX.Қаржыландыру.



  1. Қаржы шығындары бекітілген шығын сметасы бойынша қаржыландырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет