Жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқытудың жағдайы ерекше оқытуды қажет ететін балалардың арнайы білім беру мазмұны орындаған: Султанбекова Тоғжан



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.02.2023
өлшемі432,91 Kb.
#65099
  1   2   3
Байланысты:
6D97BB99-F3DE-4C81-A4D8-0621791B12DA



ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ИНКЛЮЗИВТІ
ОҚЫТУДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ЕРЕКШЕ ОҚЫТУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН
БАЛАЛАРДЫҢ АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ 
Орындаған: Султанбекова Тоғжан
Қабылдаған: Сикинбаев Бауыржан 
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


ЖОСПАР
1. Инклюзивті білім беру орталықтары.
2. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар
балаларды оқыту моделі.
3. Инклюзивті білім беру жағдайындағы
педагогикалық қолдау.


КІРІСПЕ
Қазіргі күрделі әлеуметтік нормалардың өзгере бастаған заманында, отбасында берілетін
тәрбиенің ықпалы азайған заманда балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыда
қолдаудың маңызы өсетіні белгілі. Педагог пен баланың қарым-қатынасындағы
ұстанымдар мен парадигмалар да өзгереді: «оқушы мен оқытушы» орнына, «адам мен адам»
парадигмасы қалыптаса бастайды. Балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау бұл -
баламен кеңесе отырып оның жеке қызығушылықтарын анықтау, оның белгілі бір
мақсаттарға ұмтылыстары мен қасиеттері мен құндылықтарын сақтай отырып дамуына,
оқыту нәтижелеріне өз бетінше қол жеткізуіне, өзін-өзі тәрбиелеуіне, көпшілікпен
араласуына, өмір сүру салтын қалыптастыруға кедергі келтіретін қиындықтарды жеңуіне
көмектесу болып табылады. Инклюзивті оқыту практикасында психологиялық-
педагогикалық қолдау бұл әрбір баланың мүмкіндігі мен қажетіне қарай әлеуметтік-
психологиялық педагогикалық жағдай қызметтерін қамтиды.


ЕЛІМІЗДЕГІ ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ
ҚАЖЕТ ЕТЕТІНДЕР СТАТИСТИКАСЫ
- Психикалық дамуы тежелген балалардың саны 50
мыңнан асады;
- Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың саны 47 мыңнан
асады;
- Нашар көретіндер – 8 004;
- нашар еститіндер – 3 857;
- ақыл-есі кем – 25 045;
- тірек-қимыл аппаратының бұзылуы – 18 841;
- аутизм спектрінің бұзылуы – 5 193;
- естімейтіндер – 2 054;
- көзі көрмейтіндер – 313.


Мұндай санатқа кіретін балаларды оқытумен,
тәрбиелеумен қамту мектепке дейінгі
ұйымдардан ЖОО-ларға дейін жүргізіледі.
БҒМ-нің мәліметінше, мектепке дейінгі
балабақшаларда 37 970 астам бала
тәрбиеленеді. Орта білім беру ұйымдарында
95 497 бала оқиды. Колледждерде 2 900
бала және ЖОО-ларда 3 520 бала оқиды.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда жергілікті
атқарушы органдар мемлекеттік емес
ұйымдармен бірлесе мектептердің базасында
177 ресурстық орталық ашты.


Қазақстанда орта білімге қол жеткізу құқығы
2,7 мыңнан астам балаларды қамтитын 7 511
мектептерде жүзеге асыралады. Олардың
арасында 7160 мектеп - жалпы білім беретін
мемлекеттік күндізгі мектептер, 111 –
жекеменшік мектептер, 11 – халықаралық
мектептер, 20 – Назарбаев Зияткерлік
мектептері, 100 - мүмкіндігі шектеулі
балаларға арналған арнайы мектептер. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет