7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (мәтін, сөйлем, сөз, буын, дыбыс);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
|
7. Оқу пәнінің мазмұны:
1) қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен;
2) негізгі тілдік бірліктерден (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін);
3) қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан;
4) орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады.
|
Оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобының шешімімен тілдік бірліктердің реті тіл заңдылықтарына сәйкес ретімен «дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін» деп дұрысталып, өзгертілді.
|
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту
(2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту
(3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке
2 сағаттан беріледі.
|
10. Әліпбидегі әріптер мен әрбір әріптің дыбыстық мәнін, қарапайым тілдік ұғым мен түсініктерді меңгертудің реті мен көлемі:
1) 1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары) (әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат;
а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат;
ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
Ескерту: ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке
2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады, таныстырылмаған әріптер берілмейді.
|
Сараптама мен сынақ қорытындысында. «Оқулық мазмұнында жаңа дыбысты таныту барысында әлі таныс емес әріптердің болуы оқушының өздігінен оқуына қиындық туғызды. Оқуға берілген буын, сөз, сөйлем және мәтін ішінде әлі таныс емес дыбыс/әріптер болмауы керек», - деп көрсетілген.
Осыған байланысты оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобы шешімімен «Ескерту» сөзінен басталатын абзац «Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады, таныстырылмаған әріптер берілмейді» деген сөйлеммен толықтырылды.
|
11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
4) дыбыспен жаттығу: сөзге дыбыстық талдау жасау, сөзді созып айту арқылы неше буын бар екенін анықтау, сөздерді буынға бөлуге дағдыландыру,сөз ішіндегі және екі, үш буынды сөз ішіндегі дыбыстарды айыру, дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату, дыбыстарды, буындарды қосып, сөз айтуға дағдыландыру;
5) жазуға даярлау (бояу, сурет салу, түрлі бағытта сызықтар жүргізу, сұлба сызу, әріп элементтерін жазу);
6) қабылдау, елестету, есте сақтау, ойлау қабілетін дамыту, зейінін тұрақтандыру;
7) байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру.
Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттерін айқындауда А. Байтұрсынұлының шағын сөзді әдісі, дыбыспен жаттығу әдісі негізге алынды.
Ескерту: тыңдау материалының көлемі
10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
|
11. Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері:
1) оқу әрекетіне қызығушылығын ояту;
2) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы қарапайым түсінік қалыптастыру;
3) сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс сызба-модельдерін ажырату және қолдану дағдыларын қалыптастыру;
|