«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан



бет7/14
Дата31.03.2022
өлшемі50,44 Kb.
#29500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
! ! ! Ш;V 5 29.01.2021 (1)

5) оқу түрлерін меңгерту;

6) қатесіз және көркем жазуға баулу;

7) сөздік қорын байыту, өз ойын жеткізе білуге үйрету;

8) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білу;

9) ұлттық рухани құндылықтарға сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Ескерту: І-жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты –


3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант –
3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.



Оқу бағдарламасын әзірлеуші жұмыс тобы әліппе кезеңінің міндеттерін жинақтап, кіріктіріп, енгізілген өзгерістердің бағдарлама мазмұнына кері әсер етпейтіндей стильдік жағынан дұрыстады.
Жұмыс тобының ұсынуымен:

9) негізгі тыныс белгі түрлерін (нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі) қолдана білу;

10) ұлттық рухани құндылықтарға сүйіспеншілігін қалыптастыру тармақшалары қосылды.






13. «Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны.

Тыңдалым мен айтылым:

1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

2) сөйлеу барысында ым-ишара, қимылды қолдану; сөз сазын (ырғақ, екпін, әуен, қарқын, кідіріс) сақтау; ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;

3) фонетика: дауысты дыбыстар; дауыссыз дыбыстар; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып жіктелуі; буын, сөздің буынға бөлінуі; дауысты дыбыстардың буын құрауы; сөздің дыбыс, әріп құрамын анықтау; сөздің дыбыс құрылымы туралы алғашқы білімдерді игеру;

4) орфоэпия: сөзді үндестік заңына сәйкес айта білу; жаңылтпаш айта білу, ойын жаттығуларын орындай алу;

5) сөздік қорын байыту, сөздерден сөйлем, сөйлемдерден шағын мәтін құрау;

6) тыңдалым материалын мазмұндау, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрау; көрген-білгені, естігені туралы әңгімелеу;

7) сөйлеу барысында (әңгімелесу, әңгімелеу, пікір алмасу, сахналау,


рөлдік ойындар)
сөз әдебіне үйрену;

Ескерту: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек-1мин.



13. «Әліппе» пәнінің базалық білім мазмұны.

Тыңдалым мен айтылым:

1) мұғалімнің, өзге білім алушылардың сөзін тыңдау; тыңдалым материалының мазмұнын түсіну; сұраққа дұрыс әрі нақты жауап беру; сөз мағынасын түсіну; сөзді дұрыс қолдана білу; сөз әдебін сақтай отырып, өз ойын айта алу;

2) ертегі айту; өлең, санамақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақты жатқа айту;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет